Файл: Таырыбы Жас Географ Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: « Жас Географ »

Мақсаты: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, глобус, презентация слайд.

Барысы: Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

1 Ұйымдастыру.

2 Қатысатын оқушыларды таныстыру

3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру

4. Қорытынды сөз

5.Марапаттау.

Мұғалім:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

- Бүгін біздің «Жас географ» атты ойын сайысын бастаймыз.

- Бүгінгі ойын сайысқа тоғызыншы сынып оқушылары қатысады, 5 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 2 топ қатысады. Бәрі де талантты осы мектептің белсенді оқушылары, оларға сәт сапар тілейміз.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,

–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1 - кезең. «Жасырынған сандар» әдісі арқылы топқа бөлу

2 - кезең. Жорға сұрақтары.

3 - кезең. Жұмбақтар.

4 - кезең. Қара жәшік.

5 - кезең. Жасырын сурет

Мұғалім: Ал ендеше сайысымыздың бірінші кезеніне кезек берейік

1-кезең. «Жасырынған сандар» әдісі арқылы топқа бөлу

2-кезең Жорға сұрақтары. Мұнда барлығы 30 сұрақ беріледі.

Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Жорға сұрақтары:

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)

2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)

3. Ең ірі атау қалай аталады (Гренландия)

4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)

5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)


6. Мың көлдер отаны (Гренландия)

7. Қазақстанның тұңғыш географ ғалымы (Ш. Уалиханов)

8. География ғылымының негізгі 3 бағыты (Саяси,экономикалық,физикалық)

9. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хан – Тәңірі 6995 м)

10. Дүниежүзіндегі ең үлкен қала (Токио)

11. Қазақстандағы ең үлкен мұздық (корженевский 12км)

12. Қазақстан жеріндегі Менделеев кестесіндегі 110 элементінің 99-ы анықталып, 70-і зерттелгенімен, қазіргі уақытта элеменнтің қанша түрі пайдаланылып келмекте? (60)

13. Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қосатын сызық (Меридиан)

14. Ең кішкентай құс (Калибри)

15. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен (Амазонка)

16. Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)

17. Еліміздің қай өңірінде рентген зауыты салынған (Ақтөбе)

18. Қазақстандағы АЭС қай қалада (Ақтау)

19. Дүниежүзіндегі ең кіші мемлекет (Ватикан)

20. Жер көлемі жөнінен бірінші орын алатын мемлекет (Ресей)

21. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)

22. Кофенің отаны қай материк (Африка)

23. Жер қыртысының қозғалысын зерттейтін ғылым (Сейсмология)

24. Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем (Промилле)

25. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)

26. Мұнай қандай өлшемнен өлшенеді (Баррель)

27. Жалпы ұзындығы - 2428 км. Қазақстандағы ұзындығы - 1082 км. Бұл өзен туралы деректер грек, рим жылнамаларында *Дайкс, Ликос,* ал орыс жазбаларында 1775 жылға дейін *Яик* атауымен берілген. Бұл қай өзен? ( Жайық)

28. Жер шарында неше сағаттық белдеу бар (24)

29. Ең ірі су жануары (Кит)

30. Қазақстанның астанасы Ақмолаға қашан көшірілді (1997 ж)

3-кезең бойынша 2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады.

Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі.

Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды.

Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Географиялық жұмбақтар»

І -ТОП

(Ойлануға 2-мин)

Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

(АФРИКА)

Қонақтап күнде қонар су бетіне, Сүйсінер барлық адам келбетіне. Тұлғасы су ішінде көрінеді, таңырқап қарап тұрсам суретіне.

(АЙ)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер. (карта)

II-ТОП

Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?


(Солтүстік АМЕРИКА)

Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Сырылдатады шәйнегін, Ұнатпаса да жұрт, мейлі. Тереземіздің әйнегін Жуады, бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

Сергіту сәті «Әркім өз өмірінің авторы»!

Ойынның шарты:Қатысушыларға 1 ақ парақтан және ручка беріледі.Ақ парақты төбесіне қойып (үйдің) сурет салады.

4 кезең. "Жәшік"

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады (ЖАУАП ДУРЫС ТАБЫЛСА СОЛ НӘРСЕ СЫЙЛЫҚҚА БЕРІЛЕДІ)

Ойлануға 2 минут, дұрыс жауап 10 ұпай

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған.

Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: Шай

5-кезең

«Жасырын сурет»










Бұл кезеңде 2 топтан 1 адам және әділ қазылар алқасынан 4 адам шығады.

Ойынның шарты: Әділ қазылар алқасы артына қарап тұрады.Олардың мойындарына жасырынған сурет іледі оқушылар.Және сол сурет бойынша қызықты сұрақтар қойылады.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.