Файл: ионды байланыс таырыбына дістемелік кеестер сынып 8, 3 тосан за мерзімді жоспар блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ИОНДЫҚ БАЙЛАНЫС» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 3 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3 В Химиялық байланыс түрлері

Сабақ жоспары оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңа тақырыпқа ұштастыра отырып өздігінен оқушыларыдың ізденушілік қабілеттерін өздігінен білім алуына негізделе отырып жасалған. Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында оқушыларға негізгі ұғымды анықтамамен сәйкестендіруді ұсыныңыз. Оқушылар өздерін дұрыс жауаппен тексереді, бұл оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырады. Келесі тапсырмада оқушыларға электртерістілік мәндерін пайдаланып байланыс түрін анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар электртерістілік айырмасының мәні 0-0.3 тең болса-ковалентті полюссіз, ал 0.4 – 1.9 болса полюсті байланыс түзілетінін анықтайды, мұғалім электртерістілік айырмасы 2-ден жоғары болса иондық байланыстың түзілетінін айтып, бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстырады. Жаңа тақырыпты түсіндіру, оқушылардың сыну ойлау дағдыларын дамыту мақсатында оқушыларға лабиринт сұрақтарына жауап беруді ұсыныңыз. Оқушылардың жауаптарының негізінде иондық байланыстың анықтамасын тұжырымдаңыз. Оқушыларға натрий және фтор иондарының түзілу схемасын көрсетіңіз, ион зарядына аса мән беріңіз. Оқушылар ион түзілуі схемасын толықтай түсінуі үшін ион диаграммасын салудың шартты алгоритмін ұсыныңыз. Оқушыларға топта магний және күкірт иондарының түзілу диаграммасын салуды ұсыныңыз. Топтар бағалау критерийлері негізінде слайдта берілген дұрыс жауаппен тексереді өздерін тексеріп, жұмыстарын бағалайды.

Иондық байланыстың түзілуін механизмін «Айқыштар мен нүктелер» диаграммасын қолданып көрсетіңіз ( ортақ электрондық жұптың жок екендігіне, электрон бір атомнан екінші атомға тасымалданатынына оқушылардың назарын аударыңыз). Толықтай түсіну үшін анимацияны қолданыңыз.



Оқушыларға жұпта берілген қосылыстардың түзілу механизмінің «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салуды және осы қосылыстарды модельдеуді ұсыныңыз. Оқушылармен бірлесе жетістік критерийлерін құрыңыз. Бұл оқушылардың қай бағытта жұмыс жасау және қандай бөліктерге мән беру керектігін айқындап қана қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу септігін тигізеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «шын/жалған» ойыны ойнатылады. Оқушыларға қызыл және жасыл түсті карточкаларды таратыңыз. Егер айтылған тұжырымдама шын болса оқушылар жасыл түсті карточканы, егер жалған болса қызыл түсті карточканы көрсететін ескертіңіз.


Дидактикалық материал ретінде берілген тапсырмалар қатар дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.