Файл: азастан Республикасыны мемлекеттік тілі аза тілін оып йренеміз. ш тілді білу лкен нер блімі бойынша жиынты баалау інса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер»бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І-нұсқа



Оқу мақсаты

7.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау

7.2.1.1 Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Негізгі ақпаратты анықтайды

  • Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады

  • Мәтіндегі оқиғаны дамытады


Ойлау дағдыларының

деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма

Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақ тілі

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.

       Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.

        Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

(157 сөз)                 

http://www.adilet.gov.kz

1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

А) Адамгершілік туралы

В) Достық туралы

С) Өнер-білім туралы

Д) Тіл туралы (1 балл)
2. Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

А) 22 қыргүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.

В) Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.

С) Біздің планетамызда 5651 тіл бар

Д) Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз (1 балл)

А)әңгіме

В) мақала

С) сұхбат

Д) ертегі (1 балл)

4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз.

(+ белгісімен белгілеңіз).



Ақпараттар

Шын

Жалған

1

Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі.







2

Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы емес.







3

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.







4

Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы болмаған.








5. Тыңдалған мәтіннің мазмұнына сай 3 сұрақ құрастырып жаз. (3 балл)

  • 6.Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен «Көп тіл білу немен маңызды?» сұрағы шеңберінде сөйлесіңіз. Жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.

  • Өнер алды – қызыл тіл.

  • Талаптыға нұр жауар!

  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Негізгі ақпаратты анықтайды.



1-5

мәтіннің не туралы екенін анықтайды;

1

мәтіннің негізгі идеясын табады;

1

мәтіннің түрін ажыратады;

1

мәтін бойынша шын/жалған ақпараттарды анықтайды;

4







Мәтіннің негізгі мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;

3

Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады.

Мәтіндегі оқиғаны дамытады.



5-6

мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырады;

1


тақырып бойынша сұрақтарды сауатты құрастырады;

1

сөйлемдерде термин мен неологизм-дерді қолданады;

1


Қойылған сұрақтарға толық, сауатты жауап береді;

1







Қосымша сұрақтарға жауап береді;

1

Барлығы

15