Файл: мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 84

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  2. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.

  3. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.

  4. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  5. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.

Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүнгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.

  3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

  4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).

  5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.

  6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.

  7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.

  8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.

  9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.

  10. Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастырыңыз.

  11. Науқасқа сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.

  12. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.

  13. Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.

  14. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз.

  15. Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.

  16. Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.

  17. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.

  18. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.

  19. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

  20. Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз.

  21. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.

  22. Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  23. Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.

  24. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  25. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

  26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

  27. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.

  28. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.



Ескерту:

  • сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

  • егерде жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

  • шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

  • егерде науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

  • сүнгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүнгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.

Науқасты дайындау және асказанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу

Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі затты алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

Асқынулар: асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүнгісін, таза бүйрек тәрізді лотокті, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.

  4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

  7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

  8. Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).

  9. Залалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

  10. Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

  11. Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

  12. Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).

  13. Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

  14. Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

  15. Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).

  16. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену).

  17. Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

  18. 10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).

  19. Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).

  20. Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 – үлестері «ынталандыру» сөлдену).

  21. Салфетканың көмегімен асқазаннан сүнгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.

  22. Қолданылған сүнгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  23. Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.


Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді токтату қажет.

Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу

Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті зертханалық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы кызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік – өт қабының моторлы қызметі томендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін, Жане шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты, сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін,, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.

  2. Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

  4. Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.

  5. Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса).

  6. Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.

  7. Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

  8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  9. Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

  10. Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).

  11. Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

  12. Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.

  13. Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

  14. Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

  15. Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

  16. Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

  17. Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

  18. Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

  19. Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

  20. Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

  21. Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.

  22. Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  23. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  24. Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  25. Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, зертханаға жіберіңіз.

  26. Науқасты палатаға апарып, тамақтандырыңыз.


Ескерту:

  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе, онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

  • асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

  • егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

  • зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.


ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар таза құрға қақпағы бар банканы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)

  1. Жедел дәрігерге хабарлаңыз.

  2. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.

  3. Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егерде олар болса).

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.

  6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

  7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

  8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).

  9. Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

  10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.