Файл: з білімін жетілдіруді масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өз білімін жетілдірудің мақсаты:


  1. оқыту мен тәрбие әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді кеңейту;

2) өз пәні саласындағы білімді тереңдету;

  1. педагогика ғылымының, озық педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін меңгеру;

4) педагогтің жалпы мәдени деңгейін жоғарылату.
_______/_______ оқу жылына арналған

өз білімін жетілдіру жоспары
Аты-жөні____________________________________________________________________

Пәні_________________________________________________________________________

Білімі________________________________________________________________________

Курстан қашан өтті__________________________________________________________

Қайда және қашан өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша баяндама жасады:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өз білімін жетілдіру бойынша жұмыс жоспары
1. Жалпы әдістемелік тақырып:

2. Өз білімін жетілдіру тақырыбы:

3. Тақырып бойынша жұмысты қашан бастады?

4. Тақырып бойынша жұмысты шамамен қашан аяқтайды?

5. Тақырып бойынша жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

6. Зерттеуге арналған негізгі мәселелер. Материалды зерттеудің кезеңдері.

7. Тақырып бойынша әдебиет (жылдар бойынша).

8. Осы тақырып бойынша кімдердің тәжірибесін зерттейді?

9. Тақырып бойынша шығармашылық ынтымақтастық.

10. Тәжірибе (рефераттар, баяндамалар).

11. Озық тәжірибені зерттеу (қанша сабақ, сыныптан тыс іс-шараға қатысты?).

12. Өз педагогикалық тәжірибесі туралы қашан және қайда баяндама жасады?

13. Жұмыс соңындағы қорытындылар.
Өз білімін жетілдіру бойынша тақырыптарды әдістемелік бірлестік отырыстарында талқылап, осы жұмыс бойынша нұсқаулар берген жөн. Өз білімін жетілдіру бойынша жұмысты көктемде бастаған дұрыс. Тамызда жалпымектептік әдістемелік тақырып бекітіледі. Жылдың соңында өз білімін жетілдіру жұмысы бойынша қорытынды шығару қажет. Өз білімін жетілдіру бойынша мәселелерді ӘБ, педкеңестерге қою керек. Мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне келесі жағдай жасалады:


  • «Өз білімін жетілдіру бойынша көмек» бұрышы;

  • Ұсынылып отырған әдебиет тізімі;

  • Жұмыс тәжірибесінен материалдар:

  • Газет-журнал материалдары;

  • «Әріптестен үйрен» стенді.

Жұмысты бақылау формалары – педкеңестерде, конференцияларда баяндама жасау, ашық сабақтар, директор жанындағы мәжілісте жеке есеп беру.

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

________________

Ж.Маликов «______»_______ 2018ж

Өз білімін жетілдіру тақырыптары бойынша

педагогтердің жұмысы туралы

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

    1. Осы ереже әдістемелік жұмыстың негізгі формасының бірі болып табылатын өз білімін жетілдіру тақырыптары бойынша педагогтердің қызметін реттейді.

    2. Педагогтердің өз білімін жетілдіру тақырыптары бойынша жұмысы міндетті болып табылады.

    3. Педагог екі немесе одан көп қызметті қосарландырса, өз білімін жетілдіру тақырыбы әр қызмет бойынша жеке анықталады.

ІІ. Мақсаты мен міндеттері

    1. Өз білімін жетілдіру тақырыптары бойынша жұмыстың мақсаты: педагогтердің өз кәсіби деңгейін жүйелі жоғарылату.

    2. Міндеттері:

  1. білім беру үдерісіне қатысушылардың теориялық білімдерін, педагогикалық шеберлігін жетілдіру;

  2. балаларды оқыту және тәрбиелеудің жаңа формалары, әдістері мен тәсілдерін меңгеру;

  3. озық педагогикалық тәжірибені, педагогика, психология және басқа арнайы ғылымдар жетістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және тәжірибеге ендіру;

  4. білім беру ұйымындағы инновациялық үдерістерді дамыту.

ІІІ. Өз бетімен білім алу тақырыптары бойынша жұмысты жүргізу тәртібі

    1. Өз білімін жетілдіру тақырыбы:

  1. білім беру ұйымының әдістемелік тақырыбымен;

  2. педагогтер жұмысындағы қиындықтармен;

  3. педагогтердің дара қызығушылықтарының ерекшеліктерімен анықталады.

    1. Өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс мерзімі екі жылдан бес жылға дейін жүргізіледі.

    2. Әрбір педагогтің тақырыбы бойынша жеке жоспары болады.

    3. Тақырып бойынша жұмыс барысында және оны аяқтағаннан соң педагог жинақтаған материалды ұсынады. Ұсыну формасы түрлі болып келеді:


  • ӘБ отырыстары, әдістемелік кеңес, педкеңесте есеп беру;

  • теориялық, әдістемелік және практикалық семинар;

  • тренинг;

  • шебер-сынып;

  • ашық сабақ.

    1. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары педагогтердің өз білімін жетілдіру тақырыптары бойынша есеп жүргізеді, жұмысты бақылайды, кеңес береді, қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.

    2. Жұмыс нәтижесі келесі формада ұсынылу мүмкін:

  • баяндама;

  • реферат;

  • журналдағы мақала;

  • бағдарламалар;

  • дидактикалық материалдар;

  • әдістемелік құралдар.

Барлық жинақталған материал әдістемелік кабинетке тапсырылады және оны басқа мұғалімдер пайдалана алады.

    1. Педагог жұмысының ең маңызды тәжірибесін түрлі деңгейде таратуға ұсынуға болады.



«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Әдістеме кеңес төрайымы:

________________ _____________________

Ж.Маликов Э. Сәрсенбекова «______»_______ 2018ж «______» ________ 2018ж


Өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша

педагог жүргізетін жұмыстың

жоспары



Кезеңдері

Жұмыс мазмұны


Мерзімдері

І. Диагности-калық

  1. Қиындықтарды талдау.

  2. Проблеманы анықтау.

  3. Проблема бойынша әдебиетті, жинақталған тәжірибені зерттеу.




1-жыл

ІІ. Болжам-дық

  1. Тақырып бойынша жұмыс мақсаты мен міндеттерді айқындау.

  2. Проблеманы шешуге бағытталған шаралар жүйесін белгілеу.

  3. Нәтижелерді болжамдау.




1-жыл

ІІІ. Тәжірибелік

  1. Озық педагогикалық тәжірибені, проблема бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

  2. Әдістемелік кешенді қалыптастыру.

  3. Процесті, ағымдағы, аралық нәтижелерді бақылау.

  4. Жұмысты түзету.




2-жыл;

(3-жыл), (4-жыл)

ІV. Жинақтау

  1. Жұмысты қорытындылау.

  2. Тақырып бойынша жұмыс нәтижелерін рәсімдеу.

  3. Материалдарды ұсыну.




3-ші жыл;

(4-жыл), (5-жыл)

V. Ендіру

  1. Жұмыс барысында тәжірибені педагог өз тәжірибесіне ендіруі.

  2. Тарату.

Кейінгі педагогикалық қызмет барысында



Әдістеме бірлестік жетекшісі: У. Талипова