Файл: Бір айнымалысы бар сызыты тесіздік. Бір айнымалысы бар сызыты тесіздіктерді шешу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

(сабақ тақырыбы)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Педагогтің аты-жөні:

Жәкежанова С.

Күні:




Сыныбы:

6 а

Сабақтың тақырыбы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.2.10 түріндегі сызықтық теңсіздіктерді шешу;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

түріндегі теңсіздіктердің шешімдер жиынын табады, оларды координаталық түзуде кескіндейді және сан аралығы түрінде көрсетеді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Теңсіздіктер шешуде теңсіздіктерді мәндес теңсіздікке түрлендіру ережесін және бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік шешу нұсқауды пайдаланып , түріндегі теңсіздіктерге келтіреді және шешімдерін тауып сан аралығымен көрсетеді.

Кейбір оқушылар үшін:

Бір айнымалысы бар күрделі теңсіздіктерді мәндес теңсіздікке түрлендіріп шешімдерін табады, мәтін есептерді шешуде теңсіздік құрып шығарады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

8 мин.


Ұйымдастыру:

-Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.

Үй тапсырмасын: Дәптерлерін жинап алу арқылы
Алдыңғы тақырып бойынша қайталау сұрақтары:

- Алдында «-» таңбасы бар «жақшаларды ашу» ережесі?

- Алдында «+» таңбасы бар «жақшаларды ашу» ережесі?

-Коэффициент дегеніміз не?

-Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегенміз не?

-Мәндес теңдеулер дегенміз не?

«Қызығушылық таныту мақсатында, оқушыларға «Сәлеметсің бе!» ерекше амандасуды ұсыныңыз.

Оқушылар бір-бірімен бас бармақтарынан бастап, кезекпен саусақтарын тигізіп, былай дейді:

-үлкен табыс (сұқ саусақтарын);

-барлық жағдайларда (орташа саусақтарын);

-және барлық жерде (сақина саусақтарын);

- тілеймін! (кішкентай саусақтарын);

-Сәлеметсің бе! (бүкіл алақанды бір-біріне тигізеді)


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

10 балдық жүйе


ҚБ:

Оқулық 6-сынып.
Алматы “Атамұра”

2018ж


Сабақтың ортасы.

25 мин.

Жаңа сабақ.

Бұл әдісті қолдану кезінде оқушыларға тақырып бойынша өздерінің ойларын, идеяларын және ұсыныстарын жазу ұсынылады.

Жұмыс алгоритмі:

  1. Бөлменің бір бөлігі граффитиге арналған тақтаға берілген, онда оқушылар талқыланып отырған сұрақ бойынша өздерінің ойларын жазады.

Сұрақтар қойылады: 1) Оқушылар қандай теңдеу сызықтық деп аталады?

Төмендегі теңсіздіктердің қайсысы сызықтық теңсіздік болады:

а) а х 2 ≥ в; ә) а х < в; б) а х2 + х ≤ в; в) х2 = в

г) а х = в; д) а х + х2 ≥ в; е) а х > в, мұндағы а және в – кез келген сан.

2) Сызықтық теңсіздік анықтамасын құрастырыңыз. Оқушылар сызықтық теңдеу анықтамасын пайдаланып сызықтық теңсіздіктің анықтамасын жазады:

аx > b; ax < b; ax ≥ b; ax ≤ b, мұндағы а, в - қандайда бір сандар, х - айнымалы, түріндегі теңсіздіктер сызықтық теңсіздіктер деп аталады.

3) Естеріңізге түсіріңіз, теңдеуді шешу дегеніміз не? Соған ұқсас теңсіздікті шешу дегеніміз не? Бір айнымалысы бар теңсіздіктің шешімі деп, айнымалының теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын мәнін айтады. 
Теңсіздікті шешу дегеніміз – оның барлық шешімдер жиынын табу немесе шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу. 
4) Теңсіздікті мәндес теңсіздікке түрлендіру ережесін шығарып алу.

Теңсіздік мәндес теңсіздіктерге түрленеді, егер:
- теңсіздік құрамындағы қосылғыш теңсіздіктің бір жақ бөлігінен екінші жақ бөлігіне қарама-қарсы таңбамен көшірілсе;
- теңсіздіктің екі жақ бөлігі де бір ғана оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе;
- теңсіздіктің екі жақ бөлігінде бір ғана теріс санға көбейтіп немесе бөліп, сонымен бірге теңсіздік белгісі қарама-қарсы теңсіздік белгісіне өзгертілсе.


Оқулықпен жұмыс:№939, 940, 941



Жауабын оқушылар орындап, жұмыс дәптерлеріне жазады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Дескриптор:

- с-ның орынына қоятын санды табады.
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
ҚБ:



Оқулық 6-сынып.
Алматы “Атамұра”

2018ж

Сергіту сәті.3 мин

Видеода көрсетілгендей дене жаттығуларын жасайды.

https://youtu.be/JW2aYdipl1w

Оқушылар орындарында тұрып видеодағы билеп, жаттығуды қайталайды.

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды:





Жеке жұмыс жұмыс.

5 мин.
Жазылым.



Оқулықпен жұмыс. В деңгейі: №793, 794



Жеке жұмысқа өзіңді тексер тест тапсырмасын жазылған карточкасын қолданамын.

  1. 3x+6=21

A 9 B 5 C 45

  1. x-0.6=1.4

A 2 B 0.8 C 20

  1. 21x+45=17+14x

A 4 B -4 C -7

  1. 25-4x=12-5x

A -13 B 13 C 2

  1. 4(x-9)=3(x-8)

A -12 B 60 C 12




Оқушылар қосымша тапсырмаларды орындайды.



Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



.



Сабақтың соңы.



Рефлексия

4 мин


Үй тапсырмасы

Сабақты бекітіп, кері байланыс жасау.

«Интервью» әдісі


№952 есеп 57 бет.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.