Файл: Ахмет Байтрсынлыны 150 жылдыына орай Мемлекеттік тіл мені тілім атты ісшарасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай

«Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты іс-шарасы.

Мұғалім.

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған.

Баяндама. (Ахмет Байтрсынұлы)

Мұғалім.

Бүгін 5- қыркүйек,Қазақсан Республикасының халықтарының тілдер мрекесі күніне орай өздеріңізбен қуышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық

Сахнада би: «Шабыт» би тобының орындауында «Қазақ биі»

Мұғалім.

Қан жылаған қазақ баласына өлеңдері арқылы демеу берген Ахмет Байтұрсынұлының әр туындысы жоғары бағаға ие. Әсіресе, 1911 жылы Орынборда жарық көрген “Маса”өлеңдер жинағына ақынның қазақ халқының өткені, бүгіні мен ертеңі жайлы жазылған өлеңдері енген. Кезек өлең шумақтарға береміз.

Таслимова Дилорам 46 топ

Замандастарыма.

Орыстың тәржіме еттім мысалдарым,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым.

Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арақ,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүрсілдеп шапса біреу қиқу салып.

Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,

Естілсе қлағына дүбір барып.

Жүргенде қамыт басып, қажып- талып.

Гуржиева Айша 46-топ

Қазақ салты.

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған.


Алаштың адамының бәрі мәлім:

Кім қалды таразыға тартылмаған.

Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,

Жақсылық өз басынан артылмаған.

Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,

Екпіндеп шқыр атша қарқындаған.

Бос белбеу, босан туған бозбала көп

Киіздей шала басып, қарпылмаған.

Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,

Телміріп, бір тойғанын ар қылмаған.

Ақ көңіл алаң- бұлаң адамдар бар

Есептеп азын көпке, аңқылдаған.

Дилфуза

Анама хат.

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.

Сені онда, мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай еді хақ тағам!

Бара алмай, өтірікші болып әбден,

Семейдің түрмесінде отыр балаң.

Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбы жоқ,

Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң!

«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдар көп жаннатқа да тарам-тарам.

Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегінімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін ерпей,

Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!

Мұғалім.

Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.ендеше ортада ән.

Ән: «Ұстазым» орындайтын: Абдуали Гүлсанам 52- топ

Мұғалім.

Қараңдар, шара бар ма мына сорға,
Аяғын ат келеді басып зорға.
Қысымды есек көрген бұл да көріп,
Болдырып, былғақтайды оңды-солға, дей келе өлең жолдарына беріміз.

Жәнібек Роза 53- топ

Мухағали Махатаевтың Үш бақытым.

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Таслимова Севич 46- топ

Тіл достықтың кілті,

Бірліктің бастауы.

Ұлтым түрік- Отаным Қазақстан,

Тіл жоқ жерде адамдардың

Бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамды

Ілгерілеуі мүмкін емес.
Гулмамедова Зарина 39- топ

Менің ұлтым әзірбайжан,

Осы ел- менің Отаным.

Тарихтың беттерінде де,

Талай қилы замандар өтті.

Сол кездерде көп ұлттарды.

Бауырына басқан қазақ

Қонақ жай ел.

Мұғалым.

Ән «Ақ құсым» орындайтын:Юсупова Аида , Махмуд Дания қабыл алыңыздар.

Мұғалым.

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы жайлы қанша айтып жазсақ та артық болмайды деген оймен өмірінің ең өзекті кезеңдерінен қысқаша дерек ұсынамыз

Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтылған сөздер:

Шадманова Зебо 39- топ. «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды»

Мұғалым.

Ән «Ана әке» орындайтын: Махмуд Данияр 51-топ, Музафар Диас 51- топ қабыл алыңыздар

Мұғалым.

Ұлт ұстазының соңына қалдырған мұраларының елеулі бөлігі – оның көркем аудармалары. Осы аудармаларында да кестелі сөз өрнегі, Ахаңа ғана тән айшықты қолданыстар мен ұлт ұғымына сай жасалған ұтымды баламалар бар. Тіл ғұламасының, сөз жасау шеберінің қаламынан жаралған ондай қолданыстарды, ол түрлеген әр сөзді елеусіз қалдыруға болмайды

Махмуд Данияр 51- топ. «Жұртыма» Есен Мейрамбек 50-топ « »

Тіл туралы өлең : Жәнібек Роза. 53- топ

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар ,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып -ақ алыңдар!


Мұғалым.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде

-Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.

Кейбіреу зор бейнетке тап болады,

Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.

Би: «Текеметтің құпиялары» орындайтын 46- топ студенттері.

Мұғалім.

Қалың ел қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Жомарттық пен мәрттік. Блардың негізінде үш нәрсе бар: бірі- өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі- әділдік пен туралыққа нұқсан келтірме; үшіншісі-қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау.Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болса, әр уақытта үш нәрседен сақтағайсың: көзді- жаман назардан, қолды- жаман істен, тілді- жаман сөзден.


Осымен біздің тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Шеке шығармашылық: Өлең «қайда барам» орындайтын: Махмуд Дания 51-топ.