Файл: Хаттама 2022 ж К трайымы А. У. Садуева.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ҚАРАЛДЫ

ӘЦК отырысы

Хаттама № __ «___» ____2022 ж

ӘК төрайымы________ А.У.Садуева

КЕЛІСІЛlІ

Әдіскер

__________Тулеутаев М.Е.




БЕКІТМІН

Директордың ОЖӘ орынбасары

_________ Г.Е. Буданова

«____» __________ 2022 жыл.


Әдістемелік әзірлеме
Мамандық:07161300 Автокөлікті пайдалану және жөндеу техникалық қызмет көрсету

Біліктілік:3W07161301-Автокөлікті жөндеу жөніндегі слесарь

Пән:Қазақстан тарихы

Тақырып:Түркі империясы- көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі
Дайындаған: Тарих пәнінің оқытушысы Садуева Амангул Уатханқызы

Өткізілген күні:18.11.2022 ж.

Өткізілген орны:7 кәбинет
Астана 2022
Оқу сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы:3.2.1 Түркі империясы- көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі

Модуль /пән атауы:Қазақстан тарихы пәні

ПедагогСадуева Амангул Уатханқызы дайындады

« 26 » қазан 2022 жыл

1. Жалпы мәліметтер

Курс, 1. Топ АЖД -36

Сабақтың түрі:жаңа материалмен танысу сабағы

2. Оқыту мақсаттары:

  • 3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;

  • 3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;

  • 3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау;

  • 3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау.

Міндеттері:

  • Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің алғышарттары мен барысын түсіндіру.

  • Түркі әлемінің дамуындағы сабақтастықты талқылау арқылы Мәңгілік Елдің «тарих пен мәдениет, тілдің біртұтастығы» құндылығына баулу.

3. Күтілетін нәтижелер:

  • VI-IX ғғ. кем дегенде 4 ортағасырлық мемлекеттерді, олардың өмір сүрген жылдарын, территориясын, негізін қалаушылары мен билеушілерін кестеде жүйелі түрде айқындай алады.

  • Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағанаттарының территориясы мен астанасын контур картада жүйелі айқындай алады.

  • Бумын, Үшлік және Сұлу қағандарының сыртқы саясатына баға бере алады.

  • Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түрік қағанатының рөлін бағалайды


4.Қажетті ресурстар: презентациялар, карта, бейнематериалдар, анықтамалық кестелер.

5. Сабақ барысы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ұлы Дала көшпенділерінің империялары

МКҚК «Құрылыс-техникалық колледж

Сағат саны: 2 сағат

Күні: 26.10.2020


Оқытушының аты-жөні: Садуева Амангул Уатханқызы


Топ: АЖД - 36


Қатысқандар саны:25

Қатыспағандар саны:3

Сабақ тақырыбы

Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері

Зерттеу сұрағы

Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттінің құрылуының тарихи маңызы қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;

3.2.1 деректерді талдау негізінде түркі мемлекеттерінің дамуын зерттеу, мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтау;

3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттау;

3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау

Тарихи концепт (фокус)

Себеп және салдар

Сабақтың мақсаты

Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттілігінің алғышарттары мен барысын түсіндіру

Бағалау

критерийлері


  • VI-IX ғғ. кем дегенде 4 ортағасырлық мемлекеттерді, олардың өмір сүрген жылдарын, территориясын, негізін қалаушылары мен билеушілерін кестеде жүйелі түрде айқындай алады.

  • Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағанаттарының территориясы мен астанасын контур картада жүйелі айқындай алады.

  • Бумын, Үшлік және Сұлу қағандарының сыртқы саясатына баға бере алады.

  • Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түрік қағанатының рөлін бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Оқушылар: Түркі империясы – көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі екендігін дәлелдейді.

  • Көне түркі қағанаты туралы бейнефилмі үзіндісінен Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуын дәйектейді /тыңдалым/;

  • Түркі империясының рөлін талқылап, бағалайды /айтылым/;

Көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі болғандығын дәлелдейді;/жазылым/

Пәнге қатысты терминология. Империя, қағанат, «он-оқ бұдын», қаған, теле.

Диалогпен жазылымға қатысты бірліктер

Талқылауға арналған тапсырмалар:

Орта ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінде империяның белгілері болды, өйткені.....

Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?

Неліктен Түрік империясы халықаралық аренаға көтерілді?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Менің ...... туралы көзқарасым өзгерді. Себебі, .....

Мен ....... жайлы хабардар болдым. Себебі, ......


Құндылықтарды дарыту

Түркі әлемінің дамуындағы сабақтастықты талқылау арқылы Мәңгілік Елдің «тарих пен мәдениет, тілдің біртұтастығы» құндылығына баулу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті,география картамен жұмыс, дүние жүзі тарихы.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.презентациялар, анықтамалық карталар.

Бастапқы білім

Қазақстан аумағындағы ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттауды оқыған, сол білімдерін оқу мақсатына жетуде қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(20 минут)

Сабақтың ортасы

(50 минут)


а). Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, түгендеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру).

1-тапсырма./Ұжымдық/.

  1. Мемлекеттің негізгі белгілері қандай?

  2. Қазіргі Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттер қашан пайда болды?

  3. Олардың тайпалық одақтардан айырмашылығы неде?

  4. Көсемдік?

  5. Сақ патшайымдары?

  6. Қаңлы астанасы?

  7. Күнбидің сарайы орналасқан қала?

  8. Ғұн билеушісін қалай атады?

Зерттеу және талдау

2-тапсырма.Мәтінді оқып, көшпелілер мемлекеттерінің үлгілерін талда (Кестені толтыру)


Көшпелілер мемлекет

үлгілері

Негізгі белгілері

Ерекшеліктері










Оқытушың бағалауы

Бағалау критерийі: Қазақстандағы ерте көшпелілер мемлекеттерінің негізгі белгілерін анықтайды.

Дескрипторлар:

Көшпелілер мемлекеттерінің үш үлгісін атайды;

Мемлекет үлгілерінің кемінде екі белгісін көрсетеді;

Мемлекет үлгілерінің белгілері негізінде басты ерекшелігін түсіндіреді.

3-тапсырма.

Аталған алғашқы мемлекеттер көшпелілер мемлекеттерінің қай үлгісіне жатады? Пікіріңе дәлел келтір.

Көшпелі мемлекет үлгілері

Сақтар

Үйсіндер

Қаңлылар

Ғұндар

Көсемшілдік













Ерте көшпелілер империясы













Көшпелілердің дамыған империялары













Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттарымен оқушыларға таныстырылады.

Зерттеу сұрағы: Түркі империясы - көшпенділер мемлекеттінің құрылуының тарихи маңызы қандай?

Картамен жұмыс.Студенттер түрік қағанаты бойынша кескін картаға ортағасырлық қағанаттарды түсіреді.

Бағалау критерийлері:

1. Түрік қағанаты территориясы мен астанасын айқындай алады

2. Батыс Түрік қағанаты территориясы мен астанасын айқындай алады

3. Шығыс Түрік қағанатының территориясы мен астанасын айқындай алады.

4. Түргеш мемлекетінің территориясы мен астанасын көрсете алады.

Бейне көрсетілім. Оқытушы студенттерге Көне түркі қағанаты туралы бейне көрсетілім көрсетіледі.

Түртіп алу стратегиясы. Дереккөздер арқылы саралау.

Мақсаты: ақпаратпен жұмыс жасату, Түркі империясының рөлін бағалау үшін талқылау туғызу.

Нұсқаулық:

  1. Студенттер мәтінді оқу арқылы;

  2. Бейнефильм көру арқылы;


Видеороликті көріп отырып, сұраққа жауап жазу

4-тапсырма.

  • Қазіргі қазақ жерінде ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?

  • Түрік қағанатының негізін қалаушы?

  • Қай жылы түрік қағанаты екіге бөлінді?

  • Батыс түрік қағанаттың аумағы?

  • Шығыс түрік қағанатының алғашқы қағаны?

  • Түргеш қағанаты қай жылы құрылды?

  • Қарлұқ қағанатының өмір сүрген уақыты?

  • Оғыз мемлекетінің құрамына кірген тайпалар?

Дескриптор

Түріктердің мемлекеттік құрылымының басымдықтарын анықтайды;

Империяның үлгісіне дәлел келтіреді;

Түркі империясының мұрагерлері жайлы;

Классикалық үлгідегі мемлекеттіліктің дәлелін келтіреді;

Көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі болғандығын дәлелдейді;
5-тапсырма. Суреттер сөйлейді. Оқытушы интерактивті тақтадан студенттерге суреттер тізбегін көрсетеді. Студенттер сол суреттердің біреуін таңдап, екі сұраққа жауап береді.

Презентация
Суреттер


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-IIт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж. Гумилев Л. Н. Көне түркілер. - А., 1994 ж.
Мәтінді оқып, көшпелілер мемлекеттерінің үлгілерін талда (Кестені толтыру)

Аталған алғашқы мемлекеттер көшпелілер мемлекеттерінің қай үлгісіне жатады? жазылған парақ

Карта,

кескін карталар

https://e-history.kz/kz/chronology/event/44

Суреттер


Сабақтың соңы

Ой-толғау

(20 минут)


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

6-тапсырма. /Жекелей/. «Түркі империясының мұрагерлері» тақырыбында эссе жазыңыз. 150-200 сөз.
Бағалау критерийі: Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түрік қағанатының рөлін бағалайды.

Дескриптор.

Түркі империясы мемлекеттілігінің мәнін ашады;

Мемлекеттіліктің болғандығына 1-2 дәлел келтіреді;

Ғылыми көзқарасқа негіздеп жазады;

Ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасайды;

Түрік империясының мұрагерлерінің тағдырын бағалайды;

Бүгінгі күнмен байланыс жасап бағалайды

Қалыптастырушы бағалау:Кезбе тілші (оқытушы кезбе тілші ретінде студенттердің эссесін оқытып, кері байланыс жасайды).

Қазақстан тарихы. Оқу жоспары. 10 сынып. Астана, НЗМ ДББҰ. -2019.





Үйге тапсырма.

Міндетті деңгей:кесте толтыру (оқулықтағы параграфтың соңында берілген).

Ерікті деңгей.Л.Гумилевтің «Көне түріктер» кітабынан үзінді оқып, қызықты мәлімет алып келу.

Рефлексия: Қызыл лента арқылы оқушылар мұғалімге кері байланыс жасайды...

Бүгін не білдіңіз?

Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Бағалау. Оқытушы студенттерге оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.





Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті студенттерге қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз студенттердің материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма 1-де /Ұжымдық/.

Тапсырма 2-те Мәтінді оқып, көшпелілер мемлекеттерінің үлгілерін талда (Кестені толтыру)

Тапсырма 3-те Аталған алғашқы мемлекеттер көшпелілер мемлекеттерінің қай үлгісіне жатады? Пікіріңе дәлел келтір.


Тапсырма 4-те Дереккөз арқылы саралау. қабілетті балалар 150 сөз жазады, ғылыми деректер келтіреді.

Тапсырма 5-де Суреттер сөйлейді.

Тапсырма 6-де /Жекелей/. Эссе жазады. 150-200 сөз.


Қауіпсіздік ережесі міндетті емес. Тек сабаққа қажетті жағдайда ұялы телефон қолдануда қауіпсіздікті сақтау

Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген студенттердің жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?