Файл: Спорт жарыстары туралы жазамын.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ибраева Гульнара Жақсылыковна

Пән/Сынып:

2 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4 апта, 13 –ші сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Спорт жарыстары туралы жазамын.

Сабақтың тақырыбы:

Жұрнақ пен жалғау.

Оқу мақсаты:

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату .

Бағалау критерийі:

Жеке тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Ережені еске түсіру:

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейді. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді.

Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады:





1.Ережені еске түсіру




Презентация № 1бет

7-8 минут

Жаңа сабақ

Оқылым

62 - жаттығу.

Сурет бойынша мәтін құра.

Суреттегі спорт түрлерін ұнатасың ба?

64 - жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Қимыл жаса тұра қап,

Жалқаулықты жуытпа.

Көлеңкеңді қуалап

Жүгіруді ұмытпа.

Сергек жүрсең сен енді,

Жоламайды суық бір.

Суық сумен денеңді

Ертең ерте шынықтыр.

Тұманбай Молдағалиев

  • Өлең не туралы?

  • Жалқаулықты сөзін жалқау, жалқаулықты сөздерімен салыстыр

Ережемен танысу:

Қ осымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Жұрнақтың белгісі -

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді. Жалғаудың белгісі -


Дискриптор:

1.Сурет бойынша мәтін құрастырады..

2.Суреттегі спорт түрлері туралы ұнататыны жазады.

Дискриптор:

1.Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2. Түбір мен қосымшаны ажыратады.





Презентация № 2бет

8 минут



Тәжірибе

65 – жаттығу. Мақалды жатқа жаз.

Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.



Дискриптор:

1.Мақалды жаттайды.

2.Жатқа жазады.

3.Жұрнақ жалғанған сөзді табады.

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 3бет

3 минут



Бекіту

66 – жаттығу

-Берілген сызбаны пайдаланып, боксшы туралы сипаттау мәтінін құрап айтыңдар.

-Еліміздің спорт дамуына үлес қосқан боксшыларды еске түсіріңдер.


Дискриптор:

1. Боксшы туралы сипаттау мәтінін құрастырады.


Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 4бет