Файл: Сабаты барысы рметті стаздар мен оушылар, крермендер! It данышпандары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: «IT данышпандары» зияткерлік сайыс

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы: 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер! «IT данышпандары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Біз бүгін 8 «Б» және 8 «Г» сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір - бірімен жатқан тулап арбасып.
О толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Т. Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Ендеше сайысымыздың бастайық.

8 «А» сынып оқушыларынан құрылған «АЛГОРИТМ» тобы

8 «Б» сынып оқушыларынан құралған «АҚПАРАТ» тобы


Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс 6 кезеңнен тұрады

1 - ЛОТ. «Білім аукционы» (Әр дұрыс жауап 500тг бағаланады)
2 - ЛОТ. «Домино» (Дұрыс құрастырған топқа 2000тг бағаланады)
3 - ЛОТ. «Жоғалған әріптер» (Әр дұрыс құрастырған термин 500тг)
4 - ЛОТ. «Фото – сұрақ»(Дұрыс жауапқа 1000тг)
5
- ЛОТ. «4 сурет, 1 сөз» (Сөзді тапқан топқа 2000тг)

6 – ЛОТ. «Құпия жәшік» (Затты тапқан топқа 5000тг)

1 - ЛОТ. «Білім аукционы» (10 Сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды)




  1. Басқа aвтордың әдеби, ғылыми туындысын немесе үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану. (Плагиат)

  2. Пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасын бейнелейді. (Интерфейс)

  3. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми) 

  4. Адамның жұмысының, қауіпсіздігі мен жайлылығының қамтамасыз етілуін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы. (Эргономика)

  5. Сайттың Интернеттегі адресі. (Домен-үйшік)

  6. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын құрал? (Есепшот)

  7. Құжаттың ақпараттық өлшемін кішірейту.( Мұрағаттау)

  8. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа. (Операциялық жүйе - Windows)

  9. Ақпараттарды қорғауға арналған жасырын сөз немесе таңбалар жиыны. (Пароль)

  10. Монитор экранының ең кішкентай элементі. (Пиксель)

  11. Сымсыз желі. (WI-FI)

  12. Жасөспірімдер арасында кең тараған виртуалды лаңкестік (террор). (Кибербуллинг)

  13. Алгоритм түрлері... (сызықтық, тармақталған, циклдік) 

  14. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (5 буынға)

  15. Транслятордың неше түрі бар? (Екі. Компилятор, интерпретатор)

  16. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

  17. Интернет қызметтерін ұсынатын компания (Провайдер)

  18. 1 Кбайтта қанша байт бар? (1024байт)

  19. Алға қойған мақсатқа жету жолындағы орындалатын іс-әрекет (Алгоритм)

  20. Ақпараттық үдерістерді зерттейтін ғылым (Информатика)


2 - ЛОТ. «Домино». (Компьютер құрылғыларының суреттері мен ағылшын тілінде атауларыбойынша домино құрастыру) – 2000тг



3 - ЛОТ. «Жоғалған әріптер»
(Орындары ауысқан терминдер берілген. Дұрыс қою арқылы терминді табу)



4 - ЛОТ. «Фото – сұрақ» 
(Информатика саласына үлес қосқан ғалымдардың 6 суреттері бейнеленген. Әр топ кезек-кезекпен жауап береді). 1000 тг


1) Билл Гейтс; 2) Чарлз Бэббидж; 3) Ада Лавлес;



4) Стив Джобс; 5) Илон Маск 6) Джон фон Нейман

5 - ЛОТ. «4 сурет, 1 сөз»
(Төрт суретке байланысты жасырылған сөзді табу) – 2000тг





6 – ЛОТ. «Құпия қоржын»

Екі жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатикаға қатысты заттар тұр, бұл заттар екі топқа қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия қоржын»-ның ішінде не тұрғанын тапса онда 5000 тг бағалаймыз?
«Алгоритм» тобына 
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл қоржынның ішінде қандай құрал? (
калькулятор) 

«Ақпарат» тобына 
Мәлімет сақтайды, бұған 4,5 Гбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл не? Қоржында қандай құрал бар? (диск) 

Топтардың қорытынды жинаған ақша қорын санап, жеңімпазды анықтайды.

Марапаттау рәсімі «МИФ апталығы» жабылуында болады.