Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі ш. Есенов атындаы каспий технологиялар жне инжиниринг университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Білім беру факультеті» факультеті

«Қазақстан тарихы» кафедрасы

6В01601 – «Тарих» мамандығы

3-курс күндізгі бөлім Тарих-19-1 оқу академиялық тобы (бакалавр, магистратура, докторантура) оқу тәжірибесі бойынша

ЕСЕБІ

Ерғожаева Назгул

Тәжірибе жетекшісі: аға оқытушы, магистр Қамиева Г.Б.

Ақтау, 2022 ж.
Тарих-19-1 оқу тобының студенті Ерғожаева Назгулдің

28.03.2022 – 7.05.2022 аралығындағы оқу тәжірибесінің

ЕСЕБІ:

Мен, Ерғожаева Назгул 28.03-07.05.2022ж күндер аралығында «№21 жалпы білім беретін мектеп» Тарих пәнінен педагогикалық іс-тәжірибеден өттім.

28.03.2022. «№21 Жалпы білім беретін мектеп» те педагогикалық іс-тәжірбиенің алғашқы күні болды. Мектептегі тәжірибе жетекшісі Думбаева Дамеш апаймен таныстым.Тәжірибе кезеңіне жеке жоспар құра отырып, негізгі алғышарттарымен таныстым. Сонымен қатар, бүгінгі сабақ жоспары бойынша жетекшімнің 8 «б» сыныбына өтілген сабаққа қатыстым. Дамеш апайдың сабақ беру әдісін көре отырып, оқушылардың белсене сабаққа араласқанын байқадым. Оқушылар апайды зейін салып тыңдап, сабақ уақытында берілген тапсырманы уақытылы орындады.

5.04.2022. 8 «Б» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.

12.04.2022. Бүгін ұзақ мерзімді жоспар бойынша «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан ғылымы, әдебиеті мен өнерінің дамуы» тақырыбындағы 8 «Б» және «А» сыныптарын өткен сабақтарға қатыстым. Сабақ барысында үй тапсырмасы сұралып, жаңа тақырып түсіндіріліп, қосымша жаңа тақырыпқа сәйкес тапсырмалар орындалды. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан ғылымы, әдебиеті мен өнерінің дамуы» тақырыбын интерактивті тақтадан көрсетіп, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндірді.



19.04.2022. Бүгін 8 «Б» сыныбына «АҚШ-тың соғысқа кіруі тақырыбында сабақ бердім. Сабаққа көрнекілікке интерактивті тақта және сары жұлдыз белгі қолдандым. Сабақтың алғашқы 5 минутында сынып оқушыларын түгендеп, шаттық шеңберін жасадық. Үй тапсырмасын сөзжұмбақ арқылы талдадық. Оқушылар үй тапсырмасына дайындалып келген және белсене жауап берді. Жаңа тақырыпты видео арқылы көріп, сұрақтар қою арқылы талдадым. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасап, оқушылардың көзқарасын, рефлекциясын білдім. Оқушылар бүгінгі жаңа тақырыптан алған білімін саралай алды деп ойлаймын. Сабақ соңында оқушылар арасынан «ең белсенді оқушы» атағын Тойлыбай Мирас иеленді.
26.04.2022. Жұма күні 8 «ә» сыныбына «Мұртты обалардың ерекшелігі неде?» тақырыбындағы сабақты Думбаева Дамеш өткізді. Тақырыптың зерттеу сұрағы: «Ерте темір дәуіріндегі мұртты обалардың ролі қандай?» болды. Сұрақты аша отырып, оқушылардың сыни ойлауы негізгі мақсат болып талданды. Оқушылар пікір алмаса отырып, ұжымдық талқылауға салды. Негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазып алды.
07.05.2022 Бүгін 8 «А» және 8 «Б» сабақтарға қатыстым. 8- сыныптарға Дүние жүзі тарихынан «Ежелгі Грекия өркениеті бастауын қайдан алды?» тақырыбында жетекшім Думбаева Дамеш апай сабақ өткізді. Тақырыпты зерттеу барысында Ежелгі Грекияның орналасқан аумағын,гүлденген уақытын т.б сұрақтарға жауап беріліп, талқыланды. Дәптермен жұмыс кезінде осы сұрақтармен жауаптарын оқушылар жазып алды. Ой сергіту мақсатында интерактивті тақтамен оқушыларға Кентаврлар жайлы «Ежелгі Грекия мифтерін» көрсетілді. Ежелгі грек халқының аты аңызға айналған ақыны Гомер және оның дастандарынан біраз мәлімет алды. Үйге тапсырмаға «Гомер және оның дастандарын» мазмұндау берілді.




Қорытынды: Мен бұл педагогикалық іс- тәжірибемде мектептен сайланған жетекшім Думбаева Дамеш өзіндік әдістері мен оқушымен байланыс жасағанда ерекшеліктерін үйретті. Жетекшім өткізген сабақтарды қызығушылықпен ыждағаттылықпен бақыладым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне бар назарымды салдым. Себебі: ұстаз– оқушы алдында өз ойын тиянақты жеткізу керегін ұғындым. Іс-тәжірибе менің кәсіби тұлғалық қасиеттерімнің қалыптасуына да оң әсерін тигізді. Сабақтарды дайындау және кезең-кезеңімен дамыту, сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтау, сонымен қатар қажетті оқу және көрнекі құралдарды дұрыс таңдауға дағдыландым. Жеке жоспарыма сәйкес 8 сыныптарға сабақтарымды өткіздім. Әрбір сабақ соңында жетекшім пікірін айтып, табанды ұстаз болуға дағдыландырды. Оқушылармен өте жақсы қарым-қатынаста бола отырып, жаңа материалды баяндау барысында оқушылардың қабылдауы, сабақта оқушылардың жаңа білімді түсініп, есте сақтауын ұйымдастыруды, жаңа материалды бекіту кезінде оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуін, тыңдаушылардың оқу үрдісінде проблемалық сұрақтар қоя білуі мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдісін үйреніп, қосымша материалды пайдаланып жас ерекшеліктеріне сай оқушылармен жұмыс жасай алдым.



Тәжірбиеден өтуші студент: ______________________________________________


__________

(қолы)
_________________

(тапсырған уақыты)