Файл: ыса мерзімді саба жоспары Кркем ебек.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

5.1.3.1 -Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты:

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін түсіндіре алады. АКТ мен жұмыс істейді

Басым бөлігі: Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер қол өнер дизайн туындыларын АКТ ны қолдана отырып, талдай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту мақсатында «Аялы алақан» әдісі бойынша жағымды ахуал туғызамын.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлан , бірік, бөліс әдісі арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен иллюстрациялық суреттер

Мен қосымша тапсырмалар

Ортасы

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.

Жаңа білім

10 минут

БО «Түсіндіру және сипаттау» түрін қолданып, «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі арқылы оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер.

Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.

Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

Графика өнерін қағаз бетіне алғаш түсіргендердің бірі – жерлесіміз - Исатай- Исабаевтың 100 ден артық шығармаларының жарық көргенін білеміз.

Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.

Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық. Сөзжұмбақ шешу «Галерея».

Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.

Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.

Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, мұғалім толықтырады.

Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.

Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.

Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.

Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.

Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

Оқулық,

мәтіндер.

Оқушыларға «Шебер» атты кері байланыс парағы Онда: балға суреті - «мен меңгердім», қол ара суреті - «мен білгенмін» және шеге суреті - «толықтырғым келеді» деген үш бағанға оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойларын жазып береді.

.

Алуан түрлі қағаздар мен картон қағаз т.б табиғи сәндік бұйымдар

Сергіту сәті

«Жылы сөз» жылулық шеңбері

Оқушылар сабақ өті барысында өз сыныптастарына жылулық сөздерін айтады .

Аяқталуы

Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы : «Алма ағашы» әдісі.

  • Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім котеріңкі.

  • Сары алма – мен тапсырманы толықтырамын, көңіл күйім орташа.

  • Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым , көңіл –күйім жоқ.

Өз ойларын еркін жеткізу .

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін алманы таңдағандары бойынша білемін.

Жасыл алманы бәрін жақсы түсінген оқушылар таңдаса , сары алманы кейбіреулерін дұрыс түсінбеген , толықтырамын деген оқушылар таңдаса, қызыл алманы тапсырманы орындай алмаған ,түсінбеген оқушылар таңдайды .Бүгінгі сабақтағы білім деңгейінің көрсетеді

Оқушылардың жасаған жұмыстарына пікір қалдыру.

Қағазға салынған қызыл, сары және жасыл алма суреттері

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.3.2.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

5.3.3.1-Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттай біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуалды қалыптастыру
Түрлі жемістерден құралған стикелерді салып, себеттен геометриялық денелердің пішіндерін алады, 4 топқа бөлініп отырады. Өткен тақырыпты пысықтау: «Миға шабуыл» әдісі

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлан , бірік, бөліс әдісі арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді

Ортасы

Сабаққа байланысты видеосабақ көрсетіледі . Тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді.Топтағы балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз беттерінше түсіндіреді

. Тапсырма АКТ-ны қолдана отырып классикалық өнердің үздік туындыларын анықтаңыз және презентация жасаңыз. Мысалы: Э.Фальконе «Медный всадник»

Тапсырма Ә.Қастеевтің (немесе Қ.Тельжанов, С.Романов) шығармасында берілген идеяны сипаттаңыз. Сипаттау барысында қандай терминдерді қолданасыз? Жазыңыз.

Оқушылар оқулықты және қосымша әдебиеттерді пайдаланып тапсырмаларды орындайы..

Айша Гафировна

Алуан түрлі қағаздар мен картон қағаз т.б

Аяқталуы

.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін қалпақты таңдау арқылы көрсетеді .

Ақ қалпақ бәрін жақсы түсінген оқушылар таңдаса қызыл , кейбіреулерін дұрыс түсінбеген , толықтырамын деген оқушылар қара қалпақ сары тапсырманы орындай алмаған ,түсінбеген оқушылар таңдап бүгінгі сабақтағы білім деңгейінің қаншалықты нәтижеге жеткендігін көрсетеді.

Оқушылардың таңдаған қалпақтарына пікір қалдыру.

Ақ , қызыл , қара , сары ,жасыл , көк түсті қалпақтар

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні:

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт өнері.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.5.2-Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Сабақтың мақсаты:

ОқушыларҚазақстандықжәнеәлемдіксуретшілердің (натюрморт) туындыларынзерттеп, қарастырады.
Заттарды қолдана отырып қағаз бетіне композицияның ержелерін ескере отырып конструкциясын тұрғызады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Сабақтың басы

Амандасу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Натюрморт өнері, Ұлттық үлгідегі сәндік натюрморт. Оқушыларға мақсатпен критерий парағын таратып беру.
Презентация Қазақстандық және әлемдік суретшілердің (натюрморт) туындыларын оқушылар назарына ұсыну.
Сұрақ:
Берілген жұмыс қандай жанрда орындалған?
Ұлттық мән мәтінді натюрмортты қандай элементтер арқылы ажыратамыз?
Натюрморттағы ұлттық элементтер арқылы қандай мәдениет бар екенін түсіндіру.
Оларды не біріктіріптұрғанынайту.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сәндік натюрморт

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлан , бірік, бөліс әдісі арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Ортасы

Сабақтың ортасы

Практикалықжұмыс: жекежұмыс

Бірнеше ұлттық заттарды жинақтау (ұлттық ыдыстар, музыкалық аспаптар, бас киімдер, және т.б.) оқушылар оймен өзіндік композицияларын құрастырады.

Оқушылар таңдаған бірнеше заттарды құрастырып форматқа композициясын орындайды.

Оқушылар орындалу техникасын таңдайды (гуашь, акварель, түрлі түсті қарындаштар)

Натюрморт салу деген, ол жазықтық бетіне жансыз нәрселерден қойылым жасап, содан тікелей сурет салу әдісін айтамыз. Мысалы жазықтық бетіне ыдыс - аяқтан, геометриялық денелерден, түрлі көкөністерден теңіз заттарынан натюрморт құрастыруға болады.Мұны "нақты нұсқа" немесе бейнелеу тілімен "натура" деп атайды. Натюрморт салу үшін дайын нұсқадан екі метрдей қашықтықта отыруымыз керек. Нұсқаны тіке, яғни тіке алдынан, оң жағынан, сол жағынан да салуға болады.Натюрмортта бейнеленетін заттардың немесе нәрселердіңтүстері де, көлемдері де әр түрлі болуы керек.
Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық , қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.

Натюрморттың екі түрі бар. Олар: қарапайым , күрделі.

Қарапайым натюрморт деп екі немесе үш заттан тұратын натюрмортты

Айтады

. Күрделі натюрморт

 төрт , бес немесе одан да көп заттан тұрады.

Қазақ суретшілері арасындаАйша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады.

Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.
Натюрмортты, нақты нұсқаны қағаз бетіне қалай орналастыру керек. Ол үшін көмекші сызықтарды қолданамыз. Ең алдымен дәптеріміздің айналасын сызып аламыз. Содан кейін жазықтықты белгілеп аламыз (үстелдің суретін сызып алу). Үлкен нәрседен бастап саламыз. Салатын нәрселеріміздің көлемін, түстерін жақсы біліп, айыруымыз керек.

Натюрмортты кезеңдерге бөліп орындаймыз.
1 - кезең. Жалпы жобасын схема түрінде көрсетеміз.
(зат бейнесінің орналасуын анықтау компоновка деп аталады.)
2 - кезең. Құрылымын саламыз.
3 - кезең. Пішінін сомдаймыз.(жарық, көлеңке, жылт, түспе көлеңке)
4 - кезең. Суретті аяқтаймыз

Өздік жұмыс.

• Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
• Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз. 
• Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.
• Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.
• Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояйды.

Натюрморт:

Оқушылар оқулықты және қосымша әдебиеттерді пайдаланып тапсырмаларды орындайды..

Алуан түрлі қағаздар мен картон қағаз т.б

Аяқталуы

.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың таңдаған қалпақтарына пікір қалдыру.

Кысқа мерзімді сабақ жоспары

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық сәндік натюрморт

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.6.4-Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Сабақтың мақсаты:

Ұлттық бұйымдар туралы сипаттай отырып, ерекшеліктерін анықтау.
Оқушылар ұлттық бұйымдарды үйлестіре отырып натюрморт құрастыру;
Суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өз натюрморттарын қағаз бетіне түсірту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. Назарларын сабаққа аудару.Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Ыстық орындық» әдісін қолдандым.

1.Тақырып мазмұнын ашу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылады:

Бұйымның нобайы ?

Көркемдік жазбаның ерекшелігі....

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген сәндік өнер заттары суреттері

Ортасы

Оқушыларға сәттілік тілей отырып жаңа тақырыпқа зейінін шоғырландыру.
Ұлттық натюрморт салу үшін оқу мақсаттарын оқушылармен анықтаймын.
-Натюрморт түрлеріне қарай топқа бөлу.
1-топ «реалистік натюрморт»
2-топ «сәндік натюрморт»
3-топ «абстрактік натюрморт»
Әр топқа бір тапсырмадан беріледі.
-Оқушылар осы үш топтың атауы неліктен осылай алынған?
-Бұл натюрморт түрлерімен таныссыңдарма?
-Реалистік дегенде нені түсінесіңдер?
-Абстрактік дегенде нені түсінесіңдер?
1-топқа реалистік натюрморт (сурет шынайыға ұқсас)
2-топқа сәндік натюрморт (жеңіл салынады, кеңістік болмайды,түрлі техникада орындауға болады, ою өрнектер қолданылады)
3-топ абстрактік натюрморт (бұйымдарды геометриялық пішіндер ретінде беруге болады,сурет біраз ауытқуы мүмкін)
Оқушылар осы натюрморт түрлері туралы түсінік беру ұсынылады. Оқулықпен жұмыс. Натюрмортқа байланысты бейнероликтер көрсетіледі. Өз жұмысының таныстырылымы кезінде оқушыларға қызықтырған суретшінің жұмыстарына сүйене отырып, материал мен техниканы таңдауы жайлы айтады.
1-топ

2-топ
3-топ
ұпайы
Натюрморттың түрлерін ажырата біледі

2
Қолданған техникасы мен материалын таңдай алады

2

Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдарды олардың атауы мен қолданылуы туралы топқа қарастыруды ұсынады.
-Ұсынылған ұлттық бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс?
-Олар қалай аталады?
-Бұл бұйымдарды қайда қолданылуына түсінік берің.
-Бұйымдар мен аспаптар қандай материалдан жасалған?
-Олардың формасы, түсі мен фактурасы қандай?
Сабақ барысында бірнеше ұлттық бұйымдарды жинақтап (ұлттық ыдыстар, музыкалық аспаптар, бас киімдер, және т.б.) оқушыларға оймен өзіндік композицияларын құрып, ұсынылған визуалды ақпараттан 2-3 затты натюрморт орналастыру. аттарды ойша жазықтықта орналастыруды таңдап, оқушылар композициялық ұлттық натюрморт құрастырады. Композиция құрастырып болған соң оқушылар оны қағаз бетіне түсіруді бастайды.
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, материалдар мен құрал жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды ескертеді. Жұмыс орнын ұйымдастыруға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орынға ауысуға болмайтынын айтып өту.
Оқушылар алдыңғы сабақтара алған білімдерін қолдана отырып, заттар композициясын қағаз бетінде орналастыру ержелерін ескере отырып конструкциясын тұрғызады.

Оқушыларәр түрліжанрда сурет салады.

Орындау реттілігін сақтайды.

АКТ –ны қолдану. Натюрморт:
http://www.picture-russia.ru/genre/6

Қазақтың ұлттық үлгісіндегі натюрморт
http://hvastushki.ru/hvastushki/raznye/kazahskii-nacionalnyi-natyurmort.html#prettyPhoto

http://veta.kz/products/1247420

http://afisha.kz/news/vystavki/the_opening_of_a_personal_exhibition_gulfairus_ismailova/

Аяқталуы

Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.