Файл: Баяндама Таырыбы Ерте жктілікті алдын алуды зекті мселеге айналуды себепсалдары Орындаан медбике Авальбекова Ф. А 20222023 оу жылы Таырыбы Ерте жктілікті алдын алуды зекті мселеге айналуды себепсалдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«С.ЕРУБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Баяндама
Тақырыбы: «Ерте жүктіліктің алдын алудың өзекті мәселеге айналудың себеп-салдары»
Орындаған:медбике Авальбекова Ф.А
2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Ерте жүктіліктің алдын алудың өзекті мәселеге айналудың себеп-салдары»
Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық даму процесстері жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Айта кетері, Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік Еуропамен салыстырғанда 3-4 есе көп. Жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалады.Түсік жасатқандардың ең жасы – 7-8 сыныпта оқитын жасөспірім қыздар. Бүгінде 14 жастағы жасөспірімдердің 10 проценті, 15-17 жастағы қыздардың 21 пайызы жыныстық қатынас тәжірибесіне ие.Қыз баласының ерте жүкті болуы салдарынан елімізде – 13-17 жас аралығындағы жастардың арасында түрлі аурулар белең алуда.
Ерте жүкті болудың зияны? Қыз балалардың дене мүшелері 18жасқа дейін қалыптасып өседі. Ерте жүкті болып қалған қыздарда жиі кездесетін аурулар: бүйрек аурулары, қан қысымының көтерілуі, психикалық ауытқулар, ұйқысыздық, көздің көруінің төмендеуі,қан аздық ,өздігінен бала көтере алмау және т.б.Осындай жағдайда операция (ота)жасатып,баласын алдырып тастайтын болса, денсаулығы күрт нашарлайды, енді қайтып бала көтере алмай,бедеу болып қалуы әбден мүмкін.
Ерте жүктілік немен қауіпті?
Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,
эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар боладыЖасөспірімдерде токсикоз жиі кездеседі және ауыр болады. Бұл дене функцияларын реттеудің бұзылуымен байланысты. Сондай-ақ, бүйрек жеткіліксіздігі жиі дамиды, олар үшінші триместрде жүкті әйелдің ағзасындағы өзгерістерге байланысты пайда болады. Ісінудің пайда болуына, салмақтың патологиялық өсуіне әкеледі. Ал бұл ауру ана өлімінің себептерінің алғашқы үштігіне кіреді. Сонымен қатар 17 жастағы жүктілік анемияның болуына, түсік түсіру қаупіне және мерзімінен бұрын босануға әкелуі мүмкін. Патологиясына байланысты жиі кесарь тілігіне жүгінуге тура келеді. Өйткені жасөспірім мұндай жасында жасалған операция болашақта денсаулығына байланысты көптеген проблемаларға, нақтыласақ, репродуктивті органдардың жұмысына қауіп төндіреді", – дей келе, дәрігер кесарь тілігін жасауға еріксіз баратынын айтты.
. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Сондықтан да босану немесе жасанды түсік тастау кезінде жас анадан қан кетіп өміріне қауіп төнуі де мүмкін. Ерте жүктілікті қалай алдын алуға болады?
Мәселемен күресудің ең үздік тәсілі –сол мәселеден сақтану.
Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
Жасөспірім қыздар жүктіліктен және жыныс жолдарымен берілетін аурулардан сақтану әдістерін мұқият білген жөн.
Айта кетері, Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы жасанды түсік тастау сол қыз баласының болашағына балта шабумен тең екенін ұмытпаған жөн.
Есте сақтаңдар, 13-17 жасында қыздың ағзасы ана болуға әлі дайын емес. бұл жаста оның организмі құрсақ көтеріп, бала тууға бейімделмеген. Жасөспірім аналардан туылған балалар ауруға бейім, әлсіз және аз салмақпен туылады.