Файл: Кні, саат де 811сыныптар арасында кезекті ыты оулар отырысы теді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Хабарландыру!!!


________________________ күні, сағат де 8-11-сыныптар арасында кезекті құқықтық оқулар отырысы өтеді
Күн тәртібінде:


  1. Қылмыс түрлері

/Баяндама / 10-сынып оқушылары

  1. «Өмірің өз қолыңда» /слайд/

Мектеп психологы-Келмухамбетова Г.А.

  1. Кешкі мектепішілік кезекшілік қорытындысы

Хабарламашы-ДТІЖО Барлыбекова М.Б.

Өтілетін орны: мәжіліс залы

Жауапты мұғалім: Ушуров З.Т.

Жаркент орта мектебі

Қылмыс түрлері

/баяндама/
Дайындаған: құқықтық менеджер-Оспанова Г.О.

2022-2023 оқу жылы

Баяндама тақырыбы:

Қылмыс түрлері


Пікірсайысымыздың мақсаты; Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру.

Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Бүгінгі іс - шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері жастарды қылмысқа итермелейтін не? болмақ.
Бұл тақырып бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығы баршаңызға белгілі сондықтанда сіз болып біз болып осы тақырып көлемінде өз ойларыңызды бөлісуге шақырамыз. 
Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.
Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Сондықтан заңды білу – заман талабы..
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Енді бүгінгі пікірталасымыз ІІІ бөлімнен тұрады
І. Бастауыш сыныптарда кездесетін қылмыс түрлері.


ІІ.Орта жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы
ІІ. Жоғары сыныптарда кездесетін қылмыстық әрекеттер.


ІІІ. Қорытынды. Түйін сөз. Барлық қатысушылардың жеке ой пікірі тыңдалады.
І. Бастауыш сыныптарды кездесетін қылмыстар қандай болуы мүмкін.?
\Оқушы пікірі көрген білген естіген, кездестірген қылмыстар жайлы айтуы.\
- Заң талаптарын бастауыш сыныптан жаңа келген балалардан бастап қолға алған жөн. Өйткені бұл -«заман талабы». Сондықтан кіші сыныптарда құқық сабағын ұтымды түсіндіру үшін сол жас ерекшелігіне сай оқу әдістерін қолдану керек. Әрине бұл әдістерді сынып мұғалімдері арнайы сынып сағаттарда өткізуде соған қарамастан жасөспірімдерді қылмыстар кездесіп отырады бұл қандай, және себебі не деп ойлайсыздар? \кезек оқушыларға беріледі өзін таныстырып ой пікірін ортаға салады.\

ІІ. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады?
Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өткір өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды.\слайд\
Бұл жасында жасөспірімдердің бойында кездесетін келесідей мінездер тән:
1. Қарсыластық реакциясы.
 Жасөспірімнің іс - әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс - әрекеттер ¬– үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.
2. Имитация реакциясы. Нақты образға, жеке адамға еліктеу. Кейде бұл белгілі “кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге “қылмыскер - суперменнің ”үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
3. Гиперкомпенсация реакциясы. Жасөспірімге қиын түсетін салада табандылықпен талпынып, жетістіктерге жетуге тырысу. Көбінде өз - өзіне сенімсіз, ұялшақ жасөспірім, ерекше спорт түрлерін таңдайды (Мысалы, бокс, карате, т. б. ).
5. Топтасу реакциясы. Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасуы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді екен.



Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Бүгін 8 - 11 - сынып оқушылары «Жастарды қылмысқа итермелейтін не?. Жасөспірімдердің теріс қылық жасауының себебі неде?»



Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
Төменгі экономикалық – қоғамдық статус;
- Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары;
- Алкоголь және наркотикалық заттар;
- Құрдастарының әсері;
1 - бұл жерде Төменгі экономикалық - қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата - аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс - әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т. б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс - әрекетінің егжей - тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.

3 -. Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым - қатынаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс - әрекеттер бір - бірімен тығыз байланыста болады.
4 -. Құрбы - құрдастарының әсері. Жасөспірімдерді заң бұзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Жеткіншектер арасында қылмыстық іс - әрекетке даярлану басталады. Жеткіншектерге құрбы – құрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір - біріне еліктегіш болып келеді.

Мұғалім - Оқушылар не жасөспірімдер арасында қандай қылмыс түрлері жиі кездеседі. Өз пікірлеріңізді ортаға сала отырсаңыздар.
Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін Есірткі, Темекі не насыбай, әрқилы сусындар, алкогольдік ішімдіктер, компьютер клубтар т. б ал енді осы аталған атамалар туралы біз не білеміз?
Слайд.
А\. Есірткі. не нашақорлық дегеніміз не?
1. Есірткінің қандай түрлері бар?
2. Есірткінің адам организміне әсері қандай?
3. Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?
Оқушылар пікірі мен түсініктері тыңдалады.
Ә\Темекі тарту насыбай ату?
Темекінің насыбайдың зияны туралы не білеміз?
Оқушылар пікірі тыңдалады.

Сабақтың екінші бөлімінде жасөспірімдерге қолданылатын қылмыстық жауапкершіліктер туралы анықтама беріледі.

. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайлардамәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қорытынды :Мұғалім:   «Ой қозғау»

                             (Жай әуен ойналып тұрады)

Көзімізді жұмған сәтте алыстан бір қараңғы үңгір көрінгендей болады. Осылайша жүріп барам, жүріп барам. Кенет сүрініп кетіп, сол үңгірге қалай түсіп кеткенімді байқамай қалыппын. Іші тас қараңғы. Аяғымның астынан сыз өтіп барады. Жан-жағыма қарайлаймын, үңгірден шыға алатындай жағдайларды қарастырып көргім келеді. Бірақ еш нәтиже жоқ. Анда-санда естілетін сылдыраған судың дыбысы құлағыма келеді. Қай жақтан шығатыны белгісіз? Тас қараңғыда жар сипалауға кірістім. Тынысым тарылып, қорқыныш сезімі билеп алғандай.Үңгірден шыққым келеді, шыққым келеді, айқайлайын десем дауысым да шықпай қалыпты. Қылмыс жасаған адам да осындай күй кешетінін сонда түсіндім. Бірақ мен ешкімге жамандық жасамаған сияқты едім. Неге тағдыр мені осыншалық сынап, мына үңгірге қамады екен. Осылайша енді маған жарық көрер күн жоқ шығар деп ойлап өмірден үмітімді үзіп келе жатқанымда кенет қолым бір домалақ тасқа тигендей болды. Итеріп келіп қалып едім үңгірдің ішінен тағы бір бөлме ашылды. Мен қуана жар сипалап жүріп сонда кірдім. Алыстан жарық көрінді. Алақай , жарық! Кіп-кішкентай жарық болса да, мен жар сипалап сол жарыққа қарай жанталаса жүгірдім. О, жарық дүние, неткен қымбат едің, ешкімге соқтықпай, ешкімге ұрынбай, ешкімге жамандық жасамай еркіндікте жүргенге не жетсін, шіркін!


-Не сездіңіз?

-Бүгінгі пікірсайысымызға   байланыстырып, қандай ой айтар едің?

-Дұрыс айтасыңдар! Құқық бұзушылыққа, қылмыстық іске, нашақорлық жолға түскен адамдар басынан  дәл осы күйді кешеді. Тығырықтан шығатын жол іздейді. Бірақ бәрі де кеш болуы мүмкін. Өйткені бүлдірген істі бүтіндеу үшін көп уақыт қажет. Ал адамға өмір бір рет беріледі. Сол өмірдің әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз!