Файл: Дауыс Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Кілімізді керегесін кеейтіп, баршамыза.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жаңа жыл 2023

Дауыс: - Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға

береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.

Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.

1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке боп келгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы.

Шаттығына бөлегейсің бізді де,

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

енді құрметті халайық
Жүргізуші: Мектебіміздің бишілерін шақырайық,

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық -

Келесі кезекті 1 сыныптың «үнді» биімен ортаға шақырамыз

Жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын - жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.
Ал енді ортаға біздің кешіміз үшін сонау жерлерден сендер үшін келген достарымызды қол қошеметпен шақырайық

Тышқан-

Ит-Альбина

Ақшақар-Анель

Аяз ата –Даурен

Тигр-

Скилет-Аруна

Жалмауыз кемпір-Аида

Қоян-Айнара

Бурундук-Аяулым

Доңыз-Адина

Тышқан-Ал балалар қалдарың қалай Жаңа жыл мерекесін бізссіз тойлайын дедіңдерма мені ұмыттыңдарма,мен міне өзімнің достарымды сендерге алып келдім бүгін өте қызықты кеш болады сендер дайынсыңдарма,Менің сендерге дайындаған ойыным бар ойнаймызба?

Тышқан-Сақина ойыны

Доңыз-ал балалар кешіміз ұнап жатырма,сендерге түрлі түрлі ойындар дайындап келдік ,

Доңыз-қазір бәріміз бірге билейік бізден қайталаңыздар көңіл көтеріп алайық «соку соку»
Барыс-Ал достар мен үшін осы жыл өте керемет болды,2022 жыл қаншама өзгерістер алып келді ия балалар

Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Әлі жаманды Жақсылы де болса

атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2023 жылға аманат қылып қалдырамын.

Барыс- мен сендермен қоштаспаймын балалар,өз жылымды ешкімге бергім келіп тұрған жоқ және кешімізде қызықты өтіп жатыр сол үшін сендермен бірге соңына дейін бірге болсам боладыма балалар.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі

2023 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер,Қақастан

Келесі жыл бастауын Қоянға беремін (Сахнаға Қоян шығады)

Қоян: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым,сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім-шапшандығым:


Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,

Қорқақ емес, ноянмын,

Шырша тойын көруге

Ұйқымнан ерте ояндым.
Қоян: - Барыс, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір


келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?

Барыс: - Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір

заман өзгерді дегендей...

Қоян: - Я десейш - ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын

тастап, шаңсорғыш пайдаланғалы қашан?!

Барыс: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті - аузы мыжырайған, көзі сығырайған,

тістері кетік - кетік, киімі алба - жұлба... ха - ха (күледі).

Қоян: - Хи - хи (күледі).

Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:

- 1, 2, 3,

Сиқырлы күш,

Мына екеуін лезде,

Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.

Сол кезде Доңыз келеді де екеуінің сиқырын ашады.

ДОҢЫЗ: армысыздар, оқушылар ата ана, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен


татулық жылы болсын. Балалар шыршамыз неге жабырқаулы?

Жаңа жылда мереке

Ойын күлкі асқақ ән.

Жаңа жылға жаңа кеп

Мерекені бастаған,


Қоян мен Барыс қа не болған?

(балалар мыстан кемпірдің сиқырлағаны туралы айтады).


Қанеки бәріміз қосылып, шыршамыздың шамын жағып, барыс пен қоянды жібітіп алайық?

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

Мыстан кемпір: - Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен - өзім отырғанмын. Жылда келіп

шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Болмайды тара десем де, бәрібір ешкім

тыңдамайды. Әрі сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.


Жүргізуші: - Ендеше қоян мен аюға неге тидіңіз?


Мыстан кемпір: - Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?

Балалар: - Ия. Солай.

Мыстан кемпір: - Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.


Жүргізуші: - Балалар, бүгін ешкімнің ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?

Балалар: - Иә. Солай.

Қоян: - Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой...


Барыс : - Қоян Одан да айт, қандай сыйды тарту етеміз?


Қоян: - Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі

шипалы.

Барыс : - Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал

сыйлаймыз!

Қоян: - Жоқ, сәбіз!

Барыс: - Жоқ, бал береміз!

Екеуі таласып төбелеседі.

Аяз ата: барыс пен қоян сендер олай таласпаңдар, біздің Аяз атамыз басқада бүлдіршіндердің жаңа

жылынан тойып келе жатыр. Біз балалар оданда Аяз атамызға көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Ал енді балдар көңілімізді көтеріп бір билеп алайық бізден қайталаңдар(Буги буги)

2ж - Шырша тойында ренжісіп төбелескендері несі? Жаңа жылды жақсы көңілмен қарсы алу


керек. Жылды қалай қарсы алсаң, сол жыл сондай көңілмен өтеді деген сөз бар емес пе?

Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан

шанасымен Аяз ата мен Ақшақарымыз да келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Қоян: - Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.

Барыс: - Аяз ата келеді жаңа жылмен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Хормен: - Аяз ата, жаңа жыл! Аяз ата! Жаңа жыл!

аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

Жүргізуші: - Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз Атамыз бен Ақшақарымыз

өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр.


Аяз ата: Ал, балалар, жаңа жыл құтты болсын! Маған дайындаған қандай сыйларыңыз бар?

монтаж: тақпақтар


Ақшақар: Аяз - Ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз - Ата: Әрине, бір қап әкелдім. Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып


береді?

Тақпақтар

Ақшақар; Ал енді Аяз атамен ойын ойнайық Ойынның аты Сиқырлы таяқша ойынын ойнайық барлығын тақпақ дайындап тұра қойыңдар

Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен

қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы

бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Аязата кәмпиттерін таратады.

Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Шырша» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен

Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар бәріміз!

Аязата? Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да

кез келді.

Ақшақар: сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер. Ендеше, бүгінгі


кешімізді жүргізуге көмектескен аю мен қоянға, мыстан кемпірге үлкен рахмет айтамыз! Жаңа

жылда, балалар, Тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық Қастарыңда болмасын Келесі

жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау - саламатта болайық!

Аязата: Жаңа жылда, балалар, Тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, дендерің сау болсын,

сабақтарыңды тек жақсы оқыңдар.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.

Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп

тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш

әкелсін!!!

Қош сау болыңыздар!