Файл: Малімні атыжні Малкайдарова Ару Нагашбаевна ПнСынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мұғалімнің аты-жөні:

Малкайдарова Ару Нагашбаевна

Пән/Сынып:

Информатика 7

Күні

01.02.2023

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Сабақтың тақырыбы:

4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

Сабақ мақсаты:
ЕБҚ

Тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.

*Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажырата алады.

Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.

Бағалау критерийлері

Тармақталу алгоритмін біледі

Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерін қалай құрастыруға болатынын біледі.



Кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

10

минут

Басы


1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

«Гүлмен тілек тілеу» әдісі арқылы сергіту

Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді.

Өткен сабаққа шолу

  1. Файл дегеніміз не?

  2. Файлдағы жолдарды жеке-жеке оқығанда қай функция қолданылады?

  3. Seek () функциясы не үшін қолданылады?

  4. Open () функциясының жұмыс режімі




1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3. Сұрақтарға жауап береді



Оқулық

Жұмыс дәптері



20 минут

7 минут


3 минут

Жаңа сабақ


Сергіту сәті

Кері байланыс




Ұжымдық жұмыс Сұрақ менен, жауап сенен әдісі»

Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Тармақталу алгоритмі қандай алгоритм?

  • Тармақталу алгоритміне күнделікті өзің орындайтын іс әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?

Тармақталған алгоритм – орындалуы керек қадам белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты жүзеге асырылатын алгоритм.

Тармақталған алгоритмде «егер», «онда», «әйтпесе» түйінді сөздері қолданылады. Тармақталған алгоритмде міндетті түрде шарт қолданылады.

Шарт дегеніміз – тексеру нәтижесінде «иә» (ақиқат) немесе «жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек немесе пікір

Python программалау тілінде де шарт тексеруге арналған арнайы if-else операторы қолданылады. Ағылшынның «if» сөзі «егер», ал «else» сөзі «әйтпесе» мағынасын береді. Шарт тексеру үшін төмендегі салыстыру операторлары қолданылады.



Практикалық тапсырмалар

1-тапсырма (жеке жұмыс)

«Білемін.Білгім келеді. үйрендім» әдісі арқылы оқушылар берілген тапсырманы компьютерде орындап нәтижесін шығарады

а және b бүтін сандар берілген. Егер а саны жұп болса, онда оны квадраттап, b санына қос. Ал тақ сан болса, онда санның өзін b санына қосып, нәтижені экранға шығар

Тапсырманы орындағанда шарт тексеру операторының қысқа жазылу түрін қолдануға болады. а санының жұп немесе тақ сан екенін тексеру үшін, қалдықты анықтау «%» амалын қолданамыз.


2-тапсырма (жұптық жұмыс)

«Көршіңмен бөліс» әдісі

Нақты А саны берілген. А саны оң сан болса, квадратын, теріс сан болса, кубын есептеп, нәтижені экранға шығар.

Алгоритмдік шешу жолдары

Тапсырманы орындауда шарт тексерудің толық құрылымын пайдаламыз. Тапсырма бойынша А>0, A<0 шарттары туындайды. Осы екі шарттың біреуін тексеру жеткілікті. А>0 шарты орындалмауына, ал A<0 шарты орындалуына алып келеді, өйткені сан не оң, не теріс болады (2-сурет). Тапсырманы орындауда А=0 жағдайы қарастырылған жоқ


Көз жаттығулары

«Инстаграм посты» әдісі арқылы өзін өзі бағалауды ұйымдастырады

Білім алушылар сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

-if else операторын қолдана алады

- оқушылар берілген тапсырманы компьютерде орындап нәтижесін шығарады

Дескриптор:

if else операторын қолдана алады

Білім алушылар көздерін оңға-солға,жоғары –төмен айналдыру арқылы жаттығу жасайды.
Өзін-өзі бағалау.









Оқулық

Жұмыс дәптері

Компьютер

ноутбук

ноутбук




0>0>