Файл: Дріс 1 Таырыбы Волейбол тсіліне оыту дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәріс №1

Тақырыбы: Волейбол тәсіліне оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты:

Волейбол тәсіліне оқыту әдістемесі
Дәрiс жоспары:

  1. Тәсілдік дайындық

  2. Тәсілдік дайындықтың міндеттері.


Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Олай болса біз әңгіме етіп отырған волейбол спорт ойыны бар ұлт үшін ортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген ғой.



Волейбол - біздің халқымыз арасында жиырмасыншы ғасырдың 30 -жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын.

Волейбол ойынына тән ерекшелік - оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі - мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әректті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол және ол ойына қатысушылар еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамдардың өмірін, оқуын, еңбегін, спорт жетістіктерін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы - бұл спорттық іс - әрекетімін бірігіп топтасқан белгілі мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестік екендігін өмір көрсеткен шындық.

Волейбол ойнаушы 12 адамнан тұратын екі команда, миллионға жуық көрермендерді өз төңеректеріне жинай - қызықтататын керемет спорт ойыны.

Волейбол ойынының кіндік кескен ортасы - Американың Гелиоке қаласы. Бұл 1895 жылы болған оқиға еді. Колледж оқытушысы Вильям Морган сабақ кезінде теннис торын екі сырыққа байлап жоғары көтеріп қойып, оқушыларға допты екі жаққа алма - кезек лақтырып ойнауды көрсетіп, оны оқушылрдың да қайталауын талап етеді.


Волейбол - деген сөздің мағынасы "ұшатын доп".

1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылады, ал 1897 жылы волейбол ойынының ережесі жасалынады. Волейбол ойынының Европа мемлекеттеріне таралуы XX ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш жарыс ұйымдастырылады да, Франция, Румыния, Ауғаныстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылады. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдасты.

1964 жылы Токио олимпиядасынан бастап волейбол олимпиядалық спорт түрі ретінде танылды. Ал дүние жүзінің кубогы үшін күрес 1965 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Волейбол ойыны тарихында, оның ережесі туралы көптеген жылдар бойы алауыздықтар болғаны бұл спорт түрінің тарихынан белгілі. Мысалы, 20 -жылдарға дейін дүниежүзінде волейбол ойынының екі жүйесі қатар жүріп отырды. Олар европалық жүйе, яғни алаңға 6 ойыншыдан тұратын команда шығару, азиялық жүйе, алаңға 9 адамнан құралған командалар шығады. Бірақ екі контингент өкілдерінің өзара түсінушілігі - дүниежүзілік 6 - жүйелі ойын өрнегін қалыптастырды.

КСРО трихында волейбол ойынының алғашқы ережесі қабылданып, ойын жаңа арнаға түсе бастады. Өте қызық жағдай Москва қаласындағы ойын алаңы Мейерхольд, Камерный, Революция және Вахтангов театрлары жанынан жасалынатын, сондықтан Россияда волейбол "әртістер ойыны" - деген атаққа да не болды. Тіпті 1932 жылы Москвадағы Үлкен театр сценасында КСРО -ның орталық атқару комитетінің сессия делегаттарына арнап волейбол ойынын әртістер көрсеткен, бұл ойын бар болғаны 7 минутқа созылыпты, міне осы күннен бастап волейболға "халықтық" ойын деген атақ берілді, - дейді волейбол тарихын жазушы спорт мамандары.

Волейбол ойыны спортынан ең көп олимпиада медалін жеңіп алған команда КСРО, олар 4 рет Олимпиада чемпионы аталынды.

Волейбол ойыны 18x9 метрлік алаңда өтеді, тордың жоғарғы жағы ерлер үшін 2,43 см биіктікке, әйелдер үшін 2,24 см. жоғары тірекке байланады.

Қазіргі кезеңде кіші волейбол ойынын да үлкен бедел иесі болып келеді. Олар: 9 х 4,5 немесе 9x6 метрлік спорт алаңы, егер ойнаушы командалар құрамы 4 : 4 болса, онда алаң көлемі 12 х 6 метрден аспауы керек. Волейбол ойыны үшін дайындалған доптың салмағы туралы бәсеке көптеген уақытқа созылып, олар 260 - 280 гр. салмаққа пәталысты. Қазіргі кезеңде халықаралық федерацияға мүше 173 - ке жуық мемлекеттер бар.

Қазақстан волейбол тарихында алғашқы рет КСРО - ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алған Октябрь Қыдырбайұлы Жарылқапов. Оның шәкірті Заңғар Жәркешов жетекшілік еткен Қазақстанның "Буверестник" командасы 1969 жылы КСРО - ның чемпионы, 1970 - 1971 жылдары волейболдан Европа кубогын жеңіп алды.


Қазақ волейболшылары В.Кравченко, Жәнібек Саурамбаев, Олег Антропов - олимпиадалық, әлем, европа және КСРО чемпиондары.

Әйел волейболшылар табысы да ауыз толтырып айтарлық. Алматыдағы Үй құрылысы комбинаты командасы 1984 - 1992 жылдар аралығында КСРО - ның чемпиондары атанды. Ал 1985 жылы қазақстандық волейболшы қыздар Италияда өткен европа кубогын жеңіп алды.

Алматының "Азамат" атты ерлер командасы 1993 жылы клубтық командалар арасында Республика біріншілігі 2001 жылдың сәуір айында

аяқталды. Барлық турда қарсыластарын қапы қалдырған Алматының "Рихаты" ел чемпионы атағын жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының базалық клубы болып саналатын "Рихаттық" арулар 2001 жылғы 16 -20 мамырда Вьетнам республикасында өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігінде ел намысын қорғайды. Команданың бапкері - Қазақстан Волейбол ойынының бұрынғы майталманы В.Шапран. Бұл командамен қатар еліміздің абыройын халықаралық жарыстарда асқақтатуға атсалысар командалар да бар. Олар - Алматылық "Глотур", Ақсай қаласынан "Қарашығанақ", Астана қаласынан "Астана қанаты" атты волейбол спорт ойынының жұлдыздары.

Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында.

Мемлекетіміздің намысын қорғаушылар дайындауда жетекші тұлғалар бапкерлер екендігі белгілі, бірақ сол ұлағатты ұстаздардың өздері үшін де үздіксіз іздену, үйрете отырып кемелдену бұл өмір заңы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да авторлар бұл әдістемелік оқу - құралын болашақ спорт мамандары мен жас бапкерлер үшін қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынуды ниет еткен.