Файл: азастан республикасыны энергетика министрлігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЭНЕРГЕТИКА

МИНИСТРЛІГІ


010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғ. 19, «А» блогы

Тел.:8 (7172) 78-69-81, факс:8 (7172) 78-69-43

E-mail: kence@energo.gov.kz



МИНИСТЕРСТВО

ЭНЕРГЕТИКИ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

010000, г. Астана, пр. Кабанбай батыра 19, блок «А»

Тел.:8 (7172) 78-69-81, факс:8 (7172) 78-69-43

E-mail: kence@energo.gov.kz


____________№____________________________

__________________________________________
С.А. Төлеубаевқа

(Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,

Алматы ауданы, Ембі көшесі, 32 үй.

тел.: 8 702 137 9182)
2023 жылғы 11 қаңтардағы

ЖТ-2023-00037188 өтінішке
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.

Газбен жабдықтау мәселесі бойынша

Ақтөбе облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда Шалқар қаласы мен жақын орналасқан елді мекендерін Шалқар қаласында орналасқан өткізу қабілеті 10 000 м3/сағ автоматтандырылған газ тарату станциясы (бұдан әрі – «Шалқар» АГТС) газбен қамтамасыз етуде.

Ағымдағы жылыту маусымында Шалқар қаласында тұтынылатын газдың көлемі «Шалқар» АГТС-тың өткізу қабілеттілігінен едәуір асып түсті.

Осыған орай, әкімдікпен өткізу қабілеттілігі 50 000 м3/сағ құрайтын «Қобда» автоматтандырылған газ тарату станциясын (бұдан әрі – «Қобда» АГТС) Шалқар қаласына көшіру бойынша шешім қабылданып, қазіргі таңда, республикалық коммуналдық меншіктен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на беру бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қобда» АГТС-ын Шалқар қаласына көшіру бойынша жұмыстарды 2023 жылы іске асыруға дайын.

Бұл ретте, Кішіқұм ауылдық округінің ауылдарын газдандыру мәселесі «Қобда» АГТС-ын Шалқар қаласына көшірген соң қарастырылатын болады.

Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-тарауында көзделген тәртіпте шағымдануыңызға құқылысыз.

Вице-министр А. Хасенов

Төкеш Айгерім

8 (7172) 78-69-72

a.tokesh@energo.gov.kz