Файл: Негізгі экономикалы баыт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қарағанды — Орталық Қазақстандағы қала, Қарағанды облысының орталығы. Қазақстан қалаларының халық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе шахарларынан кейін 5-ші орында орналасқан. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең.

Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады. Есептілік деректер бойынша 2022 жылдың басына қалада тұратын халық санының 47,63 %-ы қазақтар, 38,54 %-ы орыстар, 2,73 %-ы украиндар, 2,55 %-ы татарлар, 2,36 %-ы немістер, 1,4 %-ы кәрістер, 4,79 %-ы басқа ұлт өкілдері.

Тарихы:

1833 жылы көмірді тауып алған бақташы бала Аппақ Байжанов туралы аңыз ел аузында сақталған. XIX ғасырдың аяғында геологиялық зерттеулер жүргізіліп, XX ғасырдың басында көмір өндіру орыс көпестерімен басталса, соңында француз, ағылшын кәсіпкерлерімен жалғасты.

Алғашқы орыс қоныс аударушылары 1906 жылы Столыпин аграрлық реформасы бойынша келіп, Михайловка (Қазыбек би ауданы) ауылын құрды, содан кейін “Тихоновка”, “Зеленая балка” және “Новоузенка” құрылған болатын.

1930 жылы көмір өндірісі белсенді түрде қайта басталып, жер аударған(тәркіленген) КСРО азаматтары мен олардың отбасыларына саз-балшықтан жартылай жер үй сияқты уақытша тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Жаңадан келген жұмысшылар мен мамандардың басым көпшілігі жаңа салынған Майқұдық, “Жаңа Тихоновка”, “Пришахтинский” ауылдарында қоныстанды. Бұрынғы ауылдарда да халық саны айтарлықтай өсті.

Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер.

Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. 

Кеңес Одағының Батыры Н. Әбдіровке ескерткіш 1967 ж. Н.Әбдіров атындағы даңғылында орнатылған, ескерткіш республикалық деңгейде маңызды."Мәңгілік алау" жауынгерлік даңқ мемориал ансамблі 1975 жылы, Әлиханов көшесіне орнатылды – жергілікті деңгейдегі ескерткіш.Тәуелсіздік монументі 16 желтоқсан 2011, Қарағанды қаласы, Тәуелсіздік алаңында орнатылды.Қазыбек биге ескерткіш 10- қазан 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімшілігінің алдындағы алаңына орнатылды.
Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш 1 қазан 2011 жыл, Қарағанды қаласы вокзал жанындағы алаңға орнатылды.

Бір жер бар Қазақстан даласында,

Құрбыжан, апарайын, барасың ба?

Арқаға Алатаудан ақиықтай

Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!

Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,

Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.

Өшпейтін өміріңе от береді

Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.

Қарашы Қарағанды күмбезіне,

Бойлаған мұнарасы күн көзіне.

Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,

Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!