ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлімі:

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Педагогтің тегі ,аты, әкесінің аты(болған жағдайда)


Керимбаева Фарда Советовна

Күні:

11.10.2022

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А.1)

Тыңдалым материалы бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу (5.Ж5.)

Сабақтың мақсаттары

  • Иллюстрацияларға арқылы өз ойларын айтады;

  • Тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

  • Көтерілген мәселеге өз көзқарастарын білдіреді;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Топқа бөлу. Оқушыларға түрлі түсті ленталар таратылады.


Шеңберге тұрып, шаңырақ құрады. Бірдей түсті ленталары бар оқушылар бір топқа отырады. «Сәйкестендіру кестесі» әдісі.

Жаңа бөлім тақырыбына байланысты оқушылар отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер бойынша суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді. Жаңа бөлім тақырыбымен танысады. Суреттегі салт-дәстүрлер туралы айтады.

«Артығын алып таста» әдісі бойынша суреттерден тақырыпқа қатыстысын алып, артығын алып тастайды да, тақырыпты анықтайды.

- Суреттерде кімдер бейнеленген?

- Қайсысы артық?

- Үш суретке сөз тіркесімен қандай ортақ тақырып шығаруға болады?

- Әр отбасының шаңырағында өтетін салт-дәстүрлер.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айту.




ҚБ: Мұғалім бағалауы, мадақтау

Топқа бөлуге 3 түсті лента




Көрісу айт




Бесікке салу



Тұсау кесу




Наурыз тойы



Сабақтың ортасы

4 мин

2 мин

10 мин

15 мин

5 мин

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

«ББҮ» кестесін толтыру. Оқушылар берілген

«Қара шаңырақ» мәтіні не туралы болуы мүмкін?

Нені білгіңіз келеді?

Тыңдалым тапсырмасы.

«Қара шаңырақ»

Қазақта кенже ұлға мұра болып қалатын әкенің үйі «қасиетті қара шаңырақ», «үлкен үй» деп аталады. Бұл үй әкесі тірі кезінде де, қайтыс болған соң да қара шаңырақ атала береді.Халқына беделді, сыйлы, құрметті адамдардың қара шаңырағын ел-жұрты киелі деп санап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жеткізіп отырған. Отбасынан қыз бала ұзатылып, үлкен ұл үйленіп, бөлек шығып кеткен соң, кенже ұлға қара шаңырақпен бірге әке-шешені бағып-қағу, күту міндеті де жүктеледі. Сондай-ақ осы кенже ұлға тиесілі болған қара шаңырақты басқа ұлдары әке шаңырағы деп есептеп, сый-құрметпен қарайды.Оны өздеріне тірек, медет тұтады. Сондықтан қазақы ортада ас беру, соғым басына шақыру сияқты әдет-ғұрыптарды атқаруда алдымен қара шаңырақ ескеріледі. Қара шаңырақтың кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу салты сонау сақ, үйсін, ғұндар заманынан бастау алады.


Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Тапсырма.

Негізгі ақпарат бойынша мәтін жазу. Берілген тақырыптарды тірек сөздер арқылы мәтін құрайды. Жеке жазып, топта талқылап, біреуін сыныпқа ұсынады.


Тірек сөздер: шаңырақ, отбасы, құрмет, бағып-қағу, мұрагер, ата-ана, әдет-ғұрып, киелі.

1- топ «Біздің отбасылық дәстүрлер»

2 – топ «Ата-ана алдындағы парызым»

3- топ «Мен үшін басты байлық»

«Автор орындығы» әдісі

Үздік мәтіндер таңдалып, сыныпқа оқиды.


Тапсырма.

«Жуан-жіңішке сұрақтар». Мұғалім дайын сұрақтарды қояды.

1. Қара шаңырақты басқаша қалай атайды?

2. Шаңырақтың адам өміріндегі маңызы қандай?

3. Шаңырақтың «қара» сөзімен тіркесуінде қандай мән-мағына жатыр?

4. Неліктен қара шаңырақты киелі деп ойлайсыз?

5. Отбасылық қандай дәстүрлерді ұстанасыздар?

6. Сіздердің ойыңызша, қара шаңырақтың құндылығы маңызды ма, маңызды емес пе?



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Шаңырақтың бөліктерін, киіз үй, отбасы

Шаңырақ неге қара сөзімен берілген?

аудиомәтін






«Қара шаңырақ» мәтінін аудиодан тыңдайды.

Сұрақтар құрастыру үшін мұқият тыңдайды және негізгі тірек сөздерді жазып отырады.




















«3 Неліктен?» әдісі. ЖЖ.

Тыңдаған мәтін негізінде оқушылар жұптасып, 3 сұрақ әзірлейді. Сұрақтарын бір-біріне қойып, рөлдерімен алмасады.

- 3 сұрақ құрастырыңыз;

- әр сұрақ неліктен деп

басталу керек;

- сұрақтар тақырыптан ауытқымау керек;

Мысалы:

1. Неліктен ұл бала қара шаңырақ иесі болып саналады?

2. Неліктен шаңырақ кенже ұлға қалдырылған?

3. Неліктен ас беру сияқты әдет-ғұрыптар қара шаңырақта берілген?






















ҚБ. Өзара бағалау, бас бармақ арқылы







Дескриптор:

Сөйлем құрауда тірек сөздерді қолданады;

Тақырыпқа сәйкес жүйелі жеткізеді;

Нақты мысалдар келтіре алады;

ҚБ: Өзара бағалау, мадақтау

ҚБМұғалімнің бағалауы.



Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ бойынша рефлексия

1 мин

.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Шаңырақтың бөліктерін, киіз үй, отбасы

Шаңырақ неге қара сөзімен берілген?

Қара сөзінің мағынасын түсіндім, кенже «ББҮ» кестесін толтыруды аяқтайды ұлдың отбасындағы рөлін білдім.
«Кемпірқосақ»

Стикерге есімдерін жазып, тақтадағы кемпірқосақтың суретіне жапсырады. Ең төменгі күлгін түстен ең жоғары орналасқан қызыл түске жапсыру арқылы өздерінің сабақтағы түсінік немесе көңіл-күй деңгейін білдіреді.