Файл: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.05-03 н.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ
Институт/жоғары мектеп
Педагогика және психология кафедрасы
. |
« 31» 08 2022_ж.
№ 1 хаттама
Институт/жоғары мектептің
АС жөніндегі Кеңес төрағасы
____________ Маханова С.К
Дайындық бағыты: 6В031 Әлеуметтік ғылымдар
Білім беру бағдарламасы: 6В01709 «6B01709 Қазақ тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» . КРОК221, КРОК222, КРОК223, КРОК224, КРОК225,КРОК226, КРОК227, КРОК228
6В01506 «Математика».6В01508 Математика-Информатика ,
6В01509 Математика-Физика , 6В01510 Физика-Информатика,6В01511 Физика (МИК221, МК221, МФК221, ФИК221, ФК221)
1 курс, 2 семестр
Оқу нысаны: _____күндізгі______________
«Психология» пәні бойынша
(атауы)
СӨЖ
МАТЕРИАЛДАРЫ
Көкшетау
СӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау
Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
Берілген тақырыпты конспектілеу
Негізгі талаптар:
1.Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
2.Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
3.Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі
баяндауы қажет.
4.Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
5.Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?
1.Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
2.Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
3.Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
4.Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
5.Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
6.Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1.Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3.Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5.Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1.Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
2.Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
3.Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
4.Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
5.Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
6.Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
7.Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
8.Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
Бағалау критериі
100 балл - мақаланың негізгі мазмұны жазылған, студент мәтіннің негізгі идеясын мазмұндап бере алады және өзінің осы негізгі қарастырылып отырған мәселеге байланысты көзқарасын білдіру.
89 балл – мақалаың негізгі мазмұны жазылған, сонымен қатар студент өзінің сөзімен негізгіні баяндап бере алады.
79 балл – мақаланың негізгі түсініктемлері толық көрсетілмеген, тек мәтіндегі ерекшелеген мазмұнды ғана жазған.
69 – мақаланың мәтінінің ішінен тақырыптың мазмұнын ашпайтын жеке түсініктемелер ғана жазылған,
59 – мақаланың кез-келген бөлігін жазған.
50 – тапсырма орындалмаған.
Тапсырма'>СӨЖ тапсырмалары
№1. СӨЖ
-
Тапсырма
Психологияның даму үрдісіндегі психика жөніндегі түсініктердің эволюциясына сызба құрастырыңыз.
№2. СӨЖ
Тапсырма
Тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштеріне арналған зерттеулерді талдаңыз
№3 СӨЖ
-
Тапсырма -
Іс-әрекет табалдырығы: түрлері, ерекшеліктері бойынша сәйкестендіруді анықтаңыз. -
Мырзаханова М.Н. Основы юридической конфликтологии и медиации. –Алматы: Эпиграф, 2019. –100 с. -
-
№4 СӨЖ -
Тапсырма
Тұлғаның бағыттылығы құрылымындағы түрткі (мотив) және мотивацияның ара-қатынасына байланысты мысал келтіріңіз. Қараңыз: Кусаинов Г.М., Танибергенова А.Ш., Ишенгельдиева М.Г. Практикалық психология: -Алматы: Эверо, 2019. -200 б.
-
№5 СӨЖ
Тапсырма
Түйсіктердің негізгі түрлерінің классификациясын сызыңыз.
-
№6 СӨЖ
Тапсырма
Қабылдаудың физиологиялық негіздерінің айырмашылықтарына презентация.
-
№7 СӨЖ
-
1.Зейіннің әрбір қасиетінің мазмұнын ашыңыз, адам өмірі мен әрекетіндегі маңызын көрсетіңіз, осы қасиеттердің көрінуі мен дамуына әсер ететін факторларды атаңыз. -
2.Естің негізгі түрлерінің классификациясы құрыңыз. -
№8 СӨЖ
-
Ойлау психикалық танымдық процесс ретінде қарастырылатындығына арналған теорияларды басшылыққа ала отырып мысал келтіріңіз. -
Қиялдың негізгі түрлері мен олардың қысқаша сипаттамасы сәйкестендіріңіз. Қараңыз. Оакли, Б.Думай как математик: Как решать любые задачи быстрее и эффективнее [Текст] / Барбара Оакли; пер.с англ.- 4-е изд.- М: Альпина Паблишер, 2022.- 283с. -
№9 СӨЖ
Іс-әрекеттегі ерік пен зейінге арналған мысалдарды талдаңыз. Адам іс-әрекетінің ерекшелігі мен атрибутына дәлелдеме келтіріңіз. Қараңыз: Мандыкаева А.Р. Тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық аспектісі: Монография / -Алматы: CyberSmith, 2019. -260б.
-
№10 СӨЖ
-
Эмоциялар мен сезімдердің табиғаты мен мәніне арналған жаттығуларды конспектілеу.. -
Еріктік амалдың психологиялық құрылымын сызба арқылы көрсетіңіз. -
-
№11 СӨЖ
-
Ерік сапаларының байланысын сәйкестендіру арқылы талдаңыз. -
№12 СӨЖ
-
Қарым-қатынас түрлерінің рөліне арналған зерттеулердің ерекшеліктерін талдаңыз. -
№13 СӨЖ
-
Темперамент жөнінде жалпы ұғым бойынша сараптама жүргізіңіз. -
№14 СӨЖ
-
Мінез бітістері бойынша салыстырмалы кесте құрыңыз. -
№15 СӨЖ
-
Қабілеттерді дамытудың психологиялық шарттарының рөліне сараптама жасай отырып тұлғалық-бағдарлауға ықпалын дәлелдеңіз. -
Әдебиет:
Негізгі :
1.Ахметова А.К. Психология тарихы, С.М.Бектұрғанова. –Алматы: «Эверо» баспасы, 2020ж. – 152 б.
2. Мастобаева Ю.А. Психология (общая): учебное пособие / -Алматы: издательство «Эверо», 2020. -132 с.
3. Үзембаев Р.Б. Психология:Оқулық. –Алматы: CyberSmith, 2019. -251 бет. Б.193-225
4. Силаева О.В. Деловые игры и ситуационные задания по этике менеджмента: учебно-практическое пособие. –Алматы: Эверо, 2019. –268с.
5. Кусаинов Г.М., Танибергенова А.Ш., Ишенгельдиева М.Г. Практикалық психология: -Алматы: Эверо, 2019. -200 б.
6. Любченко М.Ю. Теория развития личности Э.Г.Эриксона. Механизмы психологической защиты. Учебно-методическое пособие. –Алматы.Эверо, 2020 г. – 112 с.
7. Мандыкаева А.Р. Тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық аспектісі: Монография / -Алматы: CyberSmith, 2019. -260б.
Қосыма:
8. Алимбаева Р.Т., Сланбекова Г.К., Нургалиева С.М. Экзистенциалды психология. – Оқу құралы. Алматы: TechSmith, 2019. – 216 б.
9. Мырзаханова М.Н. Основы юридической конфликтологии и медиации. –Алматы: Эпиграф, 2019. –100 с.
10. Куклина Н.М. Сборник ситуационных задач по общей психологии: Учебное пособие. –Алматы: Эверо, 2020. – 188 стр.
Электронды дереккөздер:
1.Интернет ресурстар 1.Немов, Р. С. Психология в 2 ч. Ч. 1 [Электронный ресурс] : учебник для академического бакалавриата / Р. С. Немов. — Москва : Издательство Юрайт, 2019. — 243 с. — (Высшее образование). — Режим доступа: https://biblio-online.ru/bcode/445037
2. Психология в 2 ч. Ч. 1: Общая психология [Электронный ресурс] : учебник для академического бакалавриата / Ф. А. Асадуллина, О. В. Калинова, А. К. Маркова ; Под ред. Б. А. Сосновского. – Москва : Издательство Юрайт, 2019 . – 480 с. – (Бакалавр. Академический курс) . – Режим доступа: https://www.biblioonline.ru/book/psihologiya-v-2-ch-chast-1-obschaya-psihologiya-434535
3. Психология в 2 ч. Ч. 1. Общая психология : учебник для академического бакалавриата
[Электронный ресурс] / Б. А. Сосновский [и др.] ; под редакцией Б. А. Сосновского. — Москва : Издательство Юрайт, 2019. — 480 с. — (Бакалавр. Академический курс). — . - Режим доступа: https://biblio-online.ru/bcode/434535 .
Электронные библиотеки https://prg.kz/ - Информационная система «ПАРАГРАФ» - это уникальная справочная система, которая объединила в себе несколько информационных блоков – от специфических для юристов, бухгалтеров и медиков, до ежедневно нужной каждому человеку справочной информации. http://kabis.kgu.kz/ - Электронная библиотека университета. Теперь кнопка скачивания отсутствует