Файл: Атбе гуманитарлы колледжі Курсты жмыс (жоба) туралы Ереже.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.








Ақтөбе гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс (жоба) туралы Ереже




стр из















































































































































































































































АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА) ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Ақтөбе қаласы- 2017 ж

Курстық жұмыс(жоба) ережесі оқу-әдістемелік кеңес отырысында қаралып, бекітілуге ұсынылды Хаттама №9 03.03.2017 жыл

ОӘК төрағасы: ___________________ Б.М.Жамекова





А.Ж.Ә.Т.

Лауазымы

Мерзімі

Қолы

Жасақтаушылар:

Б.М.Жамекова

Н.Д.Бурибаева

А.Т.Акжигитова

Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары,







Келісілді:

Б.И.Екибасова

Оқу ісі жөніндегі орынбасары







М.А.Шудабаева

Оқу бөлімі меңгерушісі







Н.Ю.Васютина

Заңгер








Енгізілген күні:______________

Қайта қарау уақыты:______________






1.Жалпы ережелер

1.1

Бұл ереже Ақтөбе гуманитарлық колледжінің курстық жұмысының (жоба) жазылу тәртібін белгілейді.

1.2

Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты талабы бойынша білім алушының белгілі бір тақырып негізінде жетекші басшылығымен зерттеу жұмысымен (курстық) айналысып, алынған нәтижесін теориялық курсты аяқтаған соң комиссия алдында қорғауы тиіс.

Курстық жұмысы мамандықтың жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша бөлінген сағат көлемінде орындалады.

Курстық жұмыстың мақсаты: білім алушының мамандық бойынша игерген теориялық білімі мен практикалық дағдысын дамытуы және оны нақты өндірісте қолдануы, студенттің өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен зерттеу әдістемесін меңгеруі болып табылады.

Курстық жұмыс (жоба) болашақ дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі құрамдас бөлімі болуы мүмкін.

Курстық жұмыс орындау білім алушының өзіндік жұмысқа дайындығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар оқу орнында білім алу мерзімін аяқтағандағы оның теориялық-практикалық білімін қорытындылау кезеңі болып табылады.

Курстық жұмысы білім алушының жетекшісі басшылығымен жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша оның біліктілігі мен білімін, білім алудағы қабілеті мен дағдыларын ашып көрсетеді.




2.Анықтамалар

2.1

Берілген Ережеде термин мен анықтамалар ҚР «Білім туралы заңы» (27 шілде, 2007 жыл, №319 – III ҚРЗ). ҚР «Техникалық реттеу туралы заңы» №603 – II ҚРЗ, 9 қараша, 2004 жылғы заңдарына сәйкесті қолданылады



3.Курстық жұмыс (жоба) тақырыбына қойылатын талаптар

3.1


Курстық жұмысының (жоба) тақырыбы өзекті және ғылымның, техника мен мәдениеттің қазіргі заманғы жағдайы мен болашағына сәйкес болуы тиіс. Тақырыпты таңдау кезінде өндірістің, ғылымның, білім мен мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелерін ескеруі керектігін ұсынады.

3.2


Курстық жұмыстың (жоба) тақырыбы мамандық және мамандар даярлау профиліне сәйкес болуы керек.

3.3


Курстық жұмыстың (жоба) тақырыбының жыл сайынғы жалпы тізбесінің жаңаруы 30%-дан кем болмауы керек.

3.4


Білім алушы (бітіруші) курстық жұмысы (жоба) тақырыбын бекітілген тақырыптар ішінен өзінің ғылыми қызығушылығына және болашақ кәсіби мамандығының ерекшелігіне қарап таңдайды.

3.5


Бітіруші білім алушының курстық жұмысы (жоба) тақырыбы жаңа оқу жылының басында оқу орны директордың оқу-әдістемелік ісі орынбасарымен бекітіледі.

3.6

3.7
3.8

3.9

3.10
3.11
3.12

4

Бітіруші түлектің ұсынысымен диплом алды тәжірибе аяқталар кезде, курстық жұмысы (жоба) тақырыбына қажетті жағдайларда түзетулер, анықтаулар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Курстық жұмыстар (жобалар) оқу жұмысы бойынша директордың орынбасарымен бекітілген кестесі бойынша тексеріледі және қорғалады.

Курстық жұмыс (жоба) мемлекеттік немесе орысағылшын тілдерінде қорғалады.

Курстық жұмыс (жоба) бес балдық жүйе бойынша бағаланады.

Курстық жұмыс (жоба) бойынша қанағаттанарлықсыз бағаны алған студентке:

осы пән бойынша білімдерді қорытынды аттестаттау тапсыруға рұқсат берілмейді;

Комиссияның шешімі бойынша курстық жұмысты (жобаны) түзетуге рұқсат беріледі.

Бекітілген комиссия құрамы курстық жұмысты (жоба) қабылдайды.

Студенттерден қабылданған және аяқталған курстық жұмыстар (жобалар) бір жыл мерзімі бойынша оқу орынның мұрағатында сақталады. Осы мезгіл біткеннен кейін барлық курстық жұмыстар (жобалар) акт бойынша жойылады.
Курстық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшісі

4.1


Бөлімнің ұсынысы бойынша курстық жұмыс (жоба) жазылу үшін оқу орнынан әрбір білім алушыға жетекші тағайындалады.

4.2

Курстық жұмысын (жоба) орындау үшін тапсырма береді.

4.3

Студентке курстық жұмыстың (жобалау) орындалуының барлық кезеңінде жұмыстың күнтізбелік кестесін жасақтауға көмек көрсетеді.

4.4

Студентке тақырып бойынша керекті негізгі әдебиеттер, анықтамалық және мұрағаттық материалдар, типтік жоба және басқа негіздерді ұсынады.

4.5

Курстық жұмысты орындауда студенттің күнтізбелік графигін ағымдық бақылауда сақталуын қосымша сабақ кестесін белгілеп, оның өтілуі барысында жүзеге асырады.

4.6

Курстық орындаушы мен консультанттың жұмысын реттеп, курстық жұмысының (жоба) бөлімдерінің көлемін белгілейді.

4.7

Курстық жұмысының (жоба) жазылу графигінің күнтізбесінде нақты (сызба, схема, кесте т.б) материалдардың графикалық тізбесі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, студент жасақтаған сұрақтар тізбесі, негізгі материалдар сипаттамасының мазмұны курстық жұмысы (жоба) тапсырмасында сақталады.


5

Курстық жұмыстың (жоба) құрылымы мен мазмұны

5.1
5.2

Курстық жұмысы (жоба) Ереже бойынша мамандықтар ерекшеліктеріне байланысты 20-25-30 бетті құрайды. Курстық жұмыстың (жоба) белгіленген көлеміне Қосымшалар кірмейді;

Курстық жұмысты орындауда:

  1. негізгі бөлімнің мазмұнын ашудан басқа – мәнжазба сипатта, зерттеуге алынатын, тәжірибеде қарастырылатын жұмыстың теориялық бөліміне назар аудару керек;

  2. Практикалық сипатта –практикалық бөлімдерді орындауға назарды ерекшелеу керек;

  3. Тәжірибеде теориялық бөлімнен басқа, жоспары, жұмыстағы әдістердің сипаттамасы, таңдалған әдістің нәтижесінің талдауы және өңдеуіне үлкен назар бөлу керек;

5.3

Курстық жұмысының құрылымдық элементтері болып табылатындар;

- алғашқы беті;

- курстық жұмыс (жоба) бойынша орындалатын тапсырма;

- мазмұны;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымша;

5.4
5.5

Алғашқы бет курстық жұмыстың (жоба) бірінші беті болғандықтан, керекті құжаттарды іздеуде хабарлама көзі болып табылады.

Алғашқы бетінің ресімделуі:

  • курстық жұмыс (жоба) қайда орындалды, ұйым атауы;

  • курстық жұмыс (жоба) орындалған бөлім атауы;

  • шектеулі таңба (керекті жағдайда);

  • оқу-әдістемелік бірлестік жетекшісінің қорғауға жіберген не жібермегендігі туралы қолы;

  • курстық жұмыс (жоба) «тақырыбы» деп көрсетіліп жазылады;

  • мамандық атауы, шифрі;

  • сол жағынан - «орындалды» деп, оң жағынан қарсы білім алушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

  • бір жол төмен «жетекші», оның тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми атағы, дәрежесі, басқа да белгілері жазылады;

  • қала, жыл;

  • қосымшаларында үлгі жалғанған;

5.6


Курстық жұмыс (жоба) мазмұнында кіріспеден бастап, барлық бөлім, бөлімше, пайдаланылған әдебиеттер және авторлары, қосымша атаулары, бет нөмірі көрсетіліп жазылады.

5.7

Кіріспе бөлімде курстық жұмыс (жоба) тақырыбының өзектілігіне шолу, тәжірибедегі маңыздылығы, мәселенің қазіргі кезеңдегі шешімі, мақсаты, міндеті, теориялық, әдістемелік негізі жұмыстың жазылу базасында сақталуы керек.

5.8


Негізгі бөлімде курстық жұмыстың (жоба) мазмұны мен маңызы ашылып, жұмыстың орындалу негізі және әдістемесі қорытындыланады.

5.9


Курстық жұмыстың (жоба) негізгі бөлімі ереже бойынша, бөлім, бөлімшелерге (тарау, бап) бөлінеді.

5.10


Қорытынды бөлімде курстық жұмысы зерттеуінің қысқаша қорытындысы, алға қойған мақсат шешіміне баға, зерттелген обьекті бойынша нақты ұсыныстар сақталуы тиіс.

5.11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, ғылыми жұмыс талаптарына сәйкесті ресімделеді.

5.12

Қосымшада курстық жұмысы зерттеуіне байланысты орындалған материалдар енгізіледі.

5.13


Курстық жұмыс (жоба) қабылдануындағы барлық берілген шешім нақтылығы мен маңыздылығына жауапты білім алушы – курстық жұмыстың (жоба) авторы.

6

Курстық жұмыстың (жоба) рәсімделу тәртібі

6.1

Курстық жұмыс (жоба) компьютерге теріліп, А4 форматта бір интервал арқылы ақ қағаздың бір бетінде орындалады. (Microsoft Word редакторы, шрифті «Times New Roman»). Шрифт – 14. Курстық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді сақтай отырып орындайды: солынан – 30мм, жоғарыдан – 20 мм, оңынан – 10 мм, төменінен -25 мм.

6.2

Курстық жұмыс (жоба) орындалу тәсіліне қарай мәтіннің түрлі ресімделуі, басылып шығуы талапқа сай орындалуы керек.

6.3

Курстық жұмыс (жоба) атауларының құрылымдық элементтері «МАЗМҰНЫ», «КІРІСПЕ», «НЕГІЗГІ БӨЛІМ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» жұмыстың бастауы қызметін атқарады;

6.4

Курстық жұмыс (жоба) бөлім, бөлімшелерге бөлінеді. Әрбір бөлім жаңа беттен басталып, бөлім мен бөлімше аяқталған хабарламаны сақтауы керек;

6.5

Бөлім, бөлімше атаулары жұмыс мазмұнын нақты және қысқа айқындауы керек;

6.6

Бөлім, бөлімше атауларын азат жолдан, жазба, әріп түрінде соңынан нүкте қоймай, сызбай жазады. Егер атаулар екі сөйлемнен тұрса, онда нүкте арқылы бөлінеді;

6.7

Курстық жұмыс (жоба) беттері араб әрпімен, беттің төменгі жағынан ортасына нүкте қойылмай нөмірленеді;

6.8

Алғашқы бет жалпы бет санына кіреді, бірақ нөмірленбейді;

6.9


Бейнелеу және сызбалар жалпы парақ нөміріне енеді;

А 3 форматындағы кестелер мен бейнелер бір парақ болып есептеледі;

6.10


Курстық жұмыстың (жоба) әрбір бөлімі жаңа беттен басталуы тиіс. Бір бөлім ішіндегі бөлімшелер өзара мәтіннен екі жол шегініс арқылы бөлінеді;

6.11


Бейнелеулер (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фототүсірілімдер) курстық жұмысындағы (жоба) мәтінге қатысты парақтан соң орналасуы тиіс;

6.12

Егер «1-Сурет», Сөз «Сурет» және оның атауы жолдың ортасына орналасады;

6.13

Бейнелеулерді бөлім аясында нөмірлеу керек (1.1 - Сурет )

6.14

Бейнелеулерге анықтамалар берілуі керек;

6.15

Кесте-көрсеткіштерді салыстырмалы түрде қолдану үшін көрнекті құрал. Кесте атауы оның мазмұнын нақты әрі қысқа айқындауы керек. Кесте атауы жолдын сол жағынан, азат жол қалдырылмай «1-Кесте», сөзінен кейін нүкте қойылып, сол жолда кестенің атауы жалғанып жазылады.

6.16

Кесте мәтінінен кейін мазмұнына сәйкесті орналасады;

6.17

Барлық кестелерде курстық жұмыста (жоба) сілтемелер жазылып, «кестеде» деп, нөмірі көрсетіледі;

6.18

Үлкен көлемдегі кестелер келесі бетке көшірілгенде орналасу тәртібі сақталып, графасы көлемді болған жағдайда қосымшаға енгізіледі;

6.19

Курстық жұмыстың (жоба) орындалуы мәтін өлшемдеріне сәйкесті болып, ауытқушылық болмауы керек;

6.20

«Ескерту» сөзін жазба әріппен азат жолдан астын сызбай жазу керек;

6.21

Курстық жұмысына (жоба) «Ескерту» мәтін мазмұнына анықтамалық берілулер мен түсініктемелер қажетті жағдайда келтіріледі;

6.22

Формулалар мен теңдеулерді бөлектетіп, жаңа жолға жазылады. Формулалар мен теңдеулердің әрқайсысының жоғары, төменінен кем дегенде бір бос жол қалдырылуы керек. Егер бір жолға сыймаса, (=, +,-, х, : ) т.б математикалық белгілер арқылы келесі жолға көшіріледі;

6.23

Мәтінге сілтемелердегі формулалардың реттік нөмірі жақшаға алынып беріледі (1) ;

6.24

Пайдаланылған мәліметтер [ ] жақшаға алынып жазылады;

6.25

Әр қосымшаны жаңа беттен, жоғарыдан, жолдың ортасына «Қосымша» деп белгілеп жазады. Қосымшаның бастауы болуы керек. Ол мәтінге симметриялы жаңа жолдан жазба әріппен жазылады;

7

Рецензиялау

Тиісті түрде дайындалған курстық жұмыс бекітілген мерзімде тапсырылуы тиіс. Жұмысты қабылдап алушы оқытушыға тексеруге, рецензиялауға тапсырады.

Рецензияда мына жағдайлар көрсетіледі:

  • курстық жұмыстың мазмұнының жұмыс жоспарына сәйкестігі;

  • жоспардағы сұрақтардың жан-жақты ашылып көрсетілу деңгейі;

  1. Нақты материалдарды қолдану деңгейі мен іскерлігі;

  2. Жұмыстың дайындалу және сәнделу сапасы;

  3. Курстық жұмыстың жағымды және әлсіз жақтары;

а) теориялық бөлімінде;

б) практикалық бөлімінде.

  1. Жұмысты орындауға студенттің қаншалықты көңіл бөлгендігі

а) теориялық бөлімінде;

б) практикалық бөлімінде.

  1. Курстық жұмыстың практикада пайдалану мүмкіндіктер;

  2. Студенттерге курстық жұмысты қорғауда ұсыныс беру.




7.1

Рецензент курстық жұмысқа (жоба) рецензияны жазбаша түрде береді, онда қорғалатын тақырыптың жаңалық және тәжірибелік маңыздылығының өзектілігі айқындалып, тақырыптың қорғайтын жұмысына сәйкесті, қорытынды пікір, ұсыныстар мен зерттеудің проблемасының шешім деңгейінің аяқталғандығын жазады;

Рецензент дәлелденген қорытынды бойынша бағалайды.

7.2

Курстық жұмысты (жоба) қорғауды коммуникациялық, хабарламалық технологиялардың, электрондық ресурстардың, мультимедиялық, жаңа техникалық құралдардың жетістіктерінің аясында жүзеге асыра алады;

8

Курстық жұмысты (жоба) қорғау тәртібі:

8.1

Курстық жұмыстың (жоба) қорғалу тәртібі білім беру аясындағы орталық атқарушы ұйымдар бекіткен, білім беру ұйымдарының білім алушыларының ағымдағы бақылауының үлгерімі, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациясының өтілу Ережесімен анықталады.

8.2

Бір курстық жұмысты (жоба) қорғау ұзақтығы, ереже бойынша бір білім алушыға 10 минуттан аспауы керек;

8.3

Курстық жұмысты (жоба) талқылауға барлық қатысушылар сөз сөйлеу, сұрақ беру түрінде қатыса алады;

8.4

Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірлер мен рецензияларды есепке алады (жетекші қатысқан жағдайда сөйлей алады). Айтылған сын-ескертпелерге білім алушы дәлелді түсініктеме береді;

8.5

Курстық жұмысты (жоба) қорғаудың қорытындысы негізінде, баға қойылады.

8.6

Курстық жұмысты (жоба) қорғаудың қорытындысы комиссия мәжілісінің хаттамасымен әр білім алушыға жеке рәсімделіп, өткен күні хабарланады.

9

Курстық жұмыстың (жоба) сақталу тәртібі

9.1

Курстық жұмысты (жоба) қорғаудан кейін, оқу орнының мұрағатына тізімделіп тапсырылады;

9.2

Курстық жұмыс(жоба) оқу орнының мұрағатында 1 жыл сақталады. Сақталу мерзімі өткен соң, құрылған комиссиясының акті бойынша курстық жұмыстар есептен шығарылады.

10

Нормативтік сілтемелер




ҚР «Білім туралы заңы» (27 шілде, 2007 жыл, №319 – III ҚРЗ).




ҚР «Техникалық реттеу туралы заңы» №603 – II ҚРЗ, 9 қараша ,2004 жыл.

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі №287 бұйрығының 2 қосымша.




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №125, 18 наурыз, 2008 жылғы бекітілген бұйрығы,«Білім алушылардың аралық және қорытынды аттестациясын, ағымдық бақылауының үлгерімін өткізу туралы Ережесі».

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырындағы № 499 қаулысы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілі қағидалары» (өзгертулер мен толықтырулар).

11

Өзгеріс енгізу




Бұл ережеге өзгеріс енгізу жауапкершілігі Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

12

Келісім алу, сақтау және жеткізу







12.1

Ережені оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары дайындап, жасайды.

12.2

Ереже келісімімен жасалады:

-оқу ісі жөніндегі орынбасары;

-оқу бөлімі меңгерушісі;

- СМЖ өкілі;

- заңгер.



























Қосымша 1

АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕСІ

(Мектепке дейінгі психология пәні бойынша)
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Орындаған: А.К.Сұлтанова-«Мд-405»- тобы

Жетекшісі:Р.Шаңғалаева -Мектепке дейінгі психология пәнінің оқытушысы
Қорғауға жіберілді (жіберілмеді)

«Мектепке дейінгі білім беру және

көркем еңбек» оқу-әдістемелік бірлестік

жетекшісі ______________ А.Нурасканова

«_____» _________________ 2017 ж


Ақтөбе - 2017

Қосымша 2
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................................................

1 ТАРАУЛАР АТАУЛАРЫ БАС ӘРІПТЕРМЕН, ҚОЮ

ШРИФТІМЕН ЖАЗЫЛАДЫ..........................................................................

    1. Тараушалар атаулары бас әріптен басталып (сөйлемдегідей),

жай шрифтімен жазылады..................................................................................

1.2 ..........................................................................................................................

1.3 ..........................................................................................................................
2 .............................................................................................................................

2.1 ..........................................................................................................................

2.2 ..........................................................................................................................

2.3 ..........................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................

ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................
Ескерту

  1. Тараулар атаулары бас әріптермен, қою шрифтімен жазылады;

  2. Тараушалар атаулары бас әріптен басталып (сөйлемдегідей), жәй шрифтімен жазылады.



Қосымша 3
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі______________________________________

Зерттеу мақсаты____________________________________________

Зерттеу нысаны_____________________________________________

Зерттеу пәні________________________________________________

Зерттеу міндеттері;

а) ________________________________________________________________

ә) ________________________________________________________________

б) ________________________________________________________________

____________________________________________________________
Ескерту

  1. Әр бөлімше атауы жаңа жолдан басталып, қою әріптермен жазылады;

  2. Кейбір бөлімшелер (мысалы, зерттеу болжамы, практикалық базасы) мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай, алынып тасталуы мүмкін.


Қосымша 4

1.4 – Кесте. Кестенің атауы


Тапсырманы орындау деңгейлері

Анықтаушы эксперимент

Эксперименттік сынып

Бақылау сыныбы

Оқушылар саны

%

Оқушылар саны

%

1-топ













2-топ















2.1-Кесте. Кестенің атауы



















































Қосымша 5



1.1-Сурет. Сурет атауы

Қосымша 6

Бөлім_________________________________________________________

Мамандық_________________________________________________________

Біліктілік___________________________________________________________


Курстық жұмысты орындау үшін

ТАПСЫРМА

Білім алушы _____________________________________________________________________

Жұмыстың тақырыбы ______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ОО-ның «___»_______________201__ж. №________бұйрығымен бекітілді.

Жұмыстың толық аяқталатын уақыты __________________________________________________________________________________

Курстық жұмысқа қажетті бастапқы мәліметтер ________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Курстық жұмыстың қысқаша мазмұны:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұсынылатын негізгі әдебиет:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Курстық жұмыс бойынша берілетін консультациялар

БӨЛІМ

Консультациялар


























Тапсырманың берілген уақыты________________________________________

Оқу ісі жөніндегі орынбасары_________________________________________

Жұмыстың жетекшісі:_________________________________


Тапсырманы орындау үшін

қабылдаған білім алушы___________________________________________

Мерзімі________________________________

Қосымша 7


Курстық жұмысты қабылдау комиссиясының отырысы
№ _______Хаттама

«___» _________201__ж.____сағ.____мин. _____ сағ.____ мин.дейін.
Студенттің курстық жұмысын қарастыру

бойынша___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

(аты-жөні,тегі, бөлімі, мамандығы)

___________________________________________________________________________________

______________________________________________________________тақырыбына жазылған

Қатысқандар:

төраға _______________________________________________________________________

мүшелер________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(әрбір курстық жұмыстың қорғалуына бір парақ арналады)
Курстық жұмыс тақырыбы оқу- әдістемелік кеңесінде қаралып,

(Жетекшінің аты-жөні) басшылығымен орындалды______________________________________________________________________

Курстық жұмысты қабылдау комиссиясында келесі мәліметтер қаралды:

  1. Курстық жұмыс бойынша есептік түсіндірме хат (немесе

Курстық жұмыстың ____________бетте жазылған мәтіні)

1) Жұмысқа арналған___________ беттегі сызбалар

2. Курстық жұмыс жетекшісінің пікірі.
Орындалған жұмыс хабарланғаннан кейін_____ мин. білім алушыға келесі сұрақтар қойылды:

1._________________________________________________________________________________

(сұрақ қоюшының аты-жөні)

___________________________________________________________________________________

2._________________________________________________________________________________

(сұрақ қоюшының аты-жөні)

___________________________________________________________________________________

3._________________________________________________________________________________

(сұрақ қоюшының аты-жөні)

___________________________________________________________________________________

Білім алушының пікірі мен қойылған сұрақтарға жауабының жалпы сипаттамасы ___________________________________________________________________________________

(бес балдық жүйе бойынша )


Білім алушы курстық жұмысты ______________ бағамен қорғады деп есептеу
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері_______________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төраға ______________________________ (қолы, күні)

Комиссия мүшелері _______________________________ (қолы, күні)

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________
Хатшы _______________________________ (қолы, күні)

Қосымша 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмысты қорғау ведомосі № ___________________