Файл: 8. 1а атомдаы электрондарды озалысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім:

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 8







Сабақтың тақырыбы:

Энергетикалық деңгейлер.

№ 1зертханалық тәжірибе «Атомдар модельдерін жасау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.2 -әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну

Сабақтың мақсаты// Бағалау критерийі:

Әрбір электрон қабатында электрон саны максимал мәннен аспайтынын анықтайды

      Сабақтыңбарысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушымен амандасу,

Сергіту сәті «Атом және молекула»

Оқушы мұғаліммен сәлемдеседі. Оқушы «атом» отырып қалады «молекула» дегенде қозғалады




Оқулық




«Шиыршық» әдісі

Мұғалім оқушыдан өткен сабақ бойынша сұрақтар қоя отырып, өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырып жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.

  1. Атомда электрондардың белгілі бір тәртіп бойынша орналасатынын анықтаған ғалымды атаңыз.

  2. Энергетикалық деңгейлерді қалай белгілейді?

  3. Құрамында 16 электрон бар элементті анықтаңыз.




Сұрақтарға дұрыс жауап берсе 1 ұпай алады.




Жаңа сабақ

10 минут



Мұғалім оқушыға жаңа сабақты түсіндіреді.





Мұғалімді тыңдайды, сұрақтар қояды.


Жаңа сабақты меңгеру барысында белсенді болып отырған оқушыларды «Жарайсың!» деп ынталандырып отырады.

8-сынып оқулығы

Жаңа сабақты бекіту


«Білгір химик» әдісі

Жеке жұмыс

Тапсырма саралаудың қарқын тәсілі бойынша жүзеге асады.

2-жаттығу 9-бет

Берілген атомдарүшін Бор диагрммасын құрастырыңыз:

Көміртек, фтор, кремний, хлор
.


Дескриптор

  1. Берілген элементтер үшін Бор диаграммасын құрастырады.

1 ұпай

  1. Берілген элементтерді салыстырады.

1 ұпай

  1. Негізгі айырмашылық ты түсіндіреді.

1 ұпай

Жұмыс дәптері, 8-сынып оқулығы





Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі негізінде ЕБҚ бар оқушыға қолдау көрсетіледі.

4-жаттығу 9-бет



Дескриптор:

  1. Берілген элементтердің протон, нейтрон, электрон санын анықтайды. 1 ұпай

  2. Энергетикалық деңгейлерін анықтайды. 1 ұпай

  3. Протон мен электрон қосындысын есептейді. 1 ұпай

8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері



№1 Зертханалық тәжірибе «Атомдар модельдерін жасау»



Оқушылар зертханалық жұмыс барысымен танысады. Бор диаграммасын жасайды.

Екі элементтің атом құрылысын салыстырады.

Дескриптор:

  1. Протон, нейтрон, электрон санын есептейді. 1 ұпай

  2. Бор диаграммасын құрастырады. 1 ұпай

  3. Екі элементтің атом құрылысын салыстырады. 1 ұпай




Қағаз, желім, фломастер

Сабақтың соңы

Рефлексия


Кезбе микрофон әдісі

Оқушы өтілген сабақ бойынша кері байланыс жазады.




Жұмыс дәптері