Файл: Тапсырмалар Бір алтадаы 10 асыты 8і, екінші алтадаы 20 асыты 4уі ызыл тсті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тапсырмалар

  1. Бір қалтадағы 10 асықтың 8-і, екінші қалтадағы 20 асықтың 4-уі қызыл түсті. Әр қалтадан кездейсоқ бір асықтан алынды. Соңында осы екі асықтың кездойсоқ біреуі алынды. Соңында алынған асықтың қызыл түсті болу ықтималдығы қандай?

  2. Үш мергеннің біреуі нысанаға оқ атып, оған дәл тигізді. Бірінші мергеннің нысанаға дәл тигізу ықтималдығы 0,3, екіншісінікі – 0,5, ал үшіншінің дәл тигізу ықтималдығы 0,8. Нысанаға дәл тигізген екінші болу ықтималдығы қандай?

  3. Айталық, барлық ер адамдардың 0,5%-ы және барлық әйел адамдардың 0,25%-ы дальтониктер (түсті ажырату қабілеті төмен) болып келеді делік. Кездойсоқ таңдалып алынған адам дальтоник болып шықты. Оның ер адам болу ықтималдығы қандай? Мұнда барлық ерлер мен әйелдер саны өзара тең деп есептелінеді.

  4. Бір қорапта 5 ақ және 10 қара шар, екіншісінде 10 ақ және 5 қара шар бар. Кездейсоқ бір қорапты алып, одан кездейсоқ бір шар алынды. 1) алынған шардығ ақ түсті болу ықтималдығын; 2) егер алынған шар ақ түсті болса, онда оның екінші қораптан алынуы ықтималдығын табыңыз.

  5. Дүкенге бірдей қораптарға салынған аяқкиімдердің екі партиясы түсті. Әр партиядағы аяқкиімдер саны бірдей. Бірінші партиядағы аяқкиімдердің 40%-ы және екінші партиядағы аяқкиімдердің 70%-ы қара түсті. Осылардың ішінен кездойсоқ алынған аяқкиімнің қара түсті болу ықтималдығы қандай?

  6. Құрастырушы 1-цех өндірген үш қорап тетік және 2-цех өндірген екі қорап тетік алды. 1-цех өнімінің стандартқа сәйкес келу ықтималдығы 0,8-ге, ал

2-цех өнімінің стандартқа сәйкес келу ықтималдығы 0,9-ға тең. 1) кездойсоқ бір қораптан алынған тетіктің стандартқа сәйкес болуы; 2) егер алынған тетік стандартқа сәйкес болса, онда оның 2-цех өнімі болу ықтималдығы қандай?

  1. Дүкенге екі фабрикадан тоқыма өнімдері түсті: бірінші фабрикадан 70% және екінші фабрикадан 30%. I фабрика өнімдерінің 10%-ы, II фабрика өнімдерінің 20%-ы жарамсыз болатыны белгілі. Дүкенннен кездойсоқ сатып алынған тоқыма өнімінің жарамсыз болу ықтималдығын табыңыз

  2. Құрастыру бөліміне үш станок-автоматтан өнімдер келіп түседі. Бірінші автомат 0,4%, екіншісі 0,3%, үшіншісі 0,2% жарамсыз өнімдер береді. Егер бірінші автоматтан 100 тетік, екінші автоматтан 200 тетік, ал үшінші автоматтан 250 тетік түскен болса, онда құрастыруға алынған тетіктің жарамсыз болу ықтималдығы қандай?

  3. Үш мерген нысанаға бір-бірден оқ атты. Нәтижесінде нысанаға екі оқ тиді. Егер мергендердің нысанаға тигізу ықтималдықтары сәйкесінше 0,6-ға, 0,5-ке және 0,4-ке тең болса, онда нысанаға тиген оқтың біреуі үшінші мергеннің оғы болу ықтималдығы қандай?

  4. Цехтағы жұмыс істейтін 20 станоктың 10-ын бірінші завод, 6-ын екінші завод және 4-ін үшінші завод жасап шығарған. Бұл станоктардың сапалы тетік жасап шығару ықтималдықтары сәйкесінше 0,9-ға, 0,8-ге және 0,7-ге тең. Осы цехтан шыққан өнімдердің неше пайызы сапалы тетік болады?

  5. Тиын 5 рет тасталды. Тиынның: 1) елтаңба жағымен тура 2 рет түсу; 2) елтаңба жағымен кем дегенде 2 рет түсу; 3) елтаңба жағымен кем дегенде 3 рет түсу ықтималдығын; 4) елтаңба жағымен түсуінің ең ықтималды санын табыңыз.

  6. Қондырғының 15 элементі сынақтан өткізілді. Оның әрбір элементінің сынақтан оң нәтижелі өту ықтималдығы 0,9-ға тең. Сынақтан оң нәтижемен өтетін элементтерінің ең ықтимал саны қандай?

  7. Ойын сүйегін 4 рет тастағанда алты ұпайының кем дегенде бір рет түсу ықтималдығын табыңдар

  8. Сатып алушыға 41-өлшемді аяқкиімнің қажет болу ықтималдығы 0,2-ге тең. Аяқкиім дүкеніне келген алғашқы 5 сатып алушының 1) біреуіне; 2) кем дегенде біреуіне 41-өлшемді аяқкиімнің қажет болу ықтималдығы қандай?


  9. Екі тиынды қатар тастау сынағы 5 рет қайталанды. Тура 3 сынақта қатарынан 2 елтаңбаның түсу ықтималдығы қандай?