Файл: Саба таырыбы Image Composite Editor программасында 3D панорамасын ру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ тақырыбы:

Image Composite Editor программасында 3D панорамасын құру

Оқу бағдарламасын сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.4.3 – бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау

Сабақ мақсаттары

Виртуалды тур және 3D панораманың жасалуы

Мерзімі




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.

Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық орындық» әдісі Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен тарау бойынша сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап беруі керек, себебі орындық ыстық

Оқушылар сәлемдеседі

Оқушылар сұраққа жауап береді


Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау




Сабақтың ортасы 30 мин

«Миға шабуыл» әдісі

-3D панорама дегеніміз не?

- 3D панорамаларды қалай қолдануға болады?

- 3D панораманың қандай түрлері бар?

- Виртуалды турды жасаудың қанша кезеңі бар?

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

  • 3D панорамасы үшін фотоға түсіру кезінде қандай талаптарды орындауды;

  • программалық қамтамасыз етілімді қолдана отырып, 3D панорамасын құруды үйренесіңдер.

Оқулықпен жұмыс

Панорама түсірудің ерекшеліктерін түсіндіру.

Панораманы қалай түсіреді?

Панорамалық түсірілім нодальді нүктенің айналасында фотопаратты бұрып, ретімен түсіреді.

Жанында орналасқан суреттер жалпы аумақтың 20% ауданын

алуы қажет. Дәл осы аумақтардың талдауы программаға барлық кадрларды бір панорамаға тігуге көмектеседі. Егер сенің фотоаппаратыңда RAW+JPG форматы болса, сол форматпен түсірген дұрыс.

RAW форматы бейненің кейбір кемшіліктерін жөндейді, ал JPG түсірілген бейнелерді жылдам көруге мүмкіндік береді.

Панораманы түсіру кезде не қажет?

  • Фотоаппаратты толық қолмен орындау режиміне келтір (Ол М белгісімен белгіленеді).

  • Анық көрінетін режимге қой. Түсірілім барысында панораманың бастиегінсіз түсірілген кадрларды есте сақтап алу қажет және суреттерді жауып отыру қажет. Солдан оңға, жоғарыдан төмен қарай түсір.

  • Барлық нысандардың қажетті ашықтығы болу үшін, фокустауды қолмен бапта.

  • Егер жарық жеткілікті болған жағдайда фотосуреттердің ашықтығы жақсы болу үшін, диафрагманың санын ең жоғарғысына қой (мысалы, F9.0).

  • Жарықтылықтан шыға отырып, ISO режимін орнат.

    • Суретте жарқырап қалған не тым қошқыл аумақтар болмайтындай ұсталымды түзету керек.

Түсінгендерін іс жүзінде қалай қолдана алатындығын тексеруге арналған тапсырманы орындату:

ICE программасын қолданып, сфералық панорама құрғызу.

1 тапсырма: сұраққа жауап береміз

  1. Түсірілім кезінде неліктен фотографияларды жауып қою қажет?

  2. Панораманы құруда бақылау нүктесі не үшін қажет?

  3. ICE программасымен жұмыс істеудің қандай ерекшеліктері бар?

  4. ICE программасының артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.

2 тапсырма:

Панораманы сақтау керек графикалық файл форматтарының негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін атап, оларды талқылаңдар
3 тапсырма. ДК-мен практикалық жұмыс. Жеке жұмыс

Өз информатика кабинеттеріңнің және кабинет орналасқан қабат дәлізінің 3D панорамасын жоғарыда көрсетілген фотопанорамаларды құру әдістерінің көмегімен жасаңдар.

Сұрақтарға жауап береді


Мәтінді түсініп оқиды

Тапсырмаларды орындайды

Ауызша мадақтау, ынталандыру

Смайликтер

Оқулық

bilimland.kz


Сабақтың соңы 5 мин

Рефлексия: (Ж). «Бес саусақ» әдісі.

Басбармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Үй тапсырмасы

Параграфта сипатталған прораммалық қамтамасыз етуді немесе кез келген онлайн ресурсты пайдаланып, материал дайындап, сфералық панорама жасаңдар.

Сұрақтарға жауап береді

Тақырыптан түсінгенін айтады


Кері байланыс