ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Даурен Алтыншаш Досымқызы
7М01503 информатика
ҚазМемҚызПУ
Ғылыми жетекші: ф.-м.ғ.к., профессор Салғараева Г.И.
ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ
Интернет желісі қазіргі қоғамда ойып тұрып өз орнын алуда. Интернет технологиясы мен қашықтан білім беру қазіргі таңда жаңалық болып есептелмейді. Интернет желісі пайда болғаннан бастап адамдар әр түрлі ақпараттар алу мүмкіндігі шектеусіз деңгейге жетті. Мұндай технологиялардың мүмкіндігі өте жоғары, себебі қай жерге бармаңыз барлық жерде интернет желісі қолданыста. Осы қажеттілік арқылы білім беру саласында жаңа жаңалық – қашықтан білім беру пайда болды.
Қашықтан білім беру – бұл оқушы мен оқытушының тұрғылықты жеріне қарамастан сабақтың толық немесе кей бөлігін интернет желісі және телекоммунакациялық технологияларды пайдалану арқылы қашықтан білім беру.
Технологиялардың дамуына қарамастан дәстүрлі білім беру біздің өміріміздің тұрақты бөлшегі болып қалады. Егер білім берудің осы түріне үлкен қызығушылық туралы айтатын болсақ оның негізгі үш себебі бар. Біріншісі, қарапайым және сенімді ақпаратқа деген үлкен қажеттілік. Екіншіден, бұл қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын технологиялар қазірдің өзінде бар және болашақта тағы пайда болады. Үшіншіден, қашықтан оқуға маңызды жаңа нарық ретіндегі қатынас, бұл осы нарықта бизнес жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
Атауы | Сипаттамасы |
1 | 2 |
Тиімді тұстары | |
Студент оқу моделін кез-келген уақытта оқи алуы | Егер сіз ұялы телефоныңызға интернет желісін орнатсаңыз, сабақ сізге барлық уақытта қолжетімді болады. Белгіленген уақыт ішінде назар аудара отырып, пән материалдарын жеке қарқынмен оқуға мүмкіндік болу. Ауырып отқан немесе басқа жағдайда сабаққа кіре алуы. |
Қашықтан білім беру барысын алуан түрлі ақпараттар және электронды бағдарламалар арқылы өту | Аудиториялық сабақтарда уақыттың тығыздығына байланыстты әр түрлі нұсқаларын (презентация, аудио, видео) әрдайым көрсету мүмкін емес, баспакөздері болуы мүмкін. Білім беру мекемелерінде барлық кабинеттер компьютерлік техникалармен жабдықталмаған және интернетке қолжетімді емес, ал қашықтан оқыту білім беру мазмұнын толық пайдалануға мүмкіндік береді. |
Сабақтар жиналған электронды бағдарламалар, қорытында тесттер жинағы | Электронды бағдарламаларда білім алушының білімдерін, дағдыларын, тексеру және бақылауға арналған әртүрлі ресурстар бар: тесттер, тапсырмалар, эсселер, интерактивті әдістер, топтық чат, форум және тағы басқа. |
Қорытынды жасау барысында қадағалау | Қашықтан білім беру қорытынды бағалау барысында білім алушылардың жұмысын бақылау, олардың үлгерімін белгілі бір уақыт аралағында бағылау және нәтижелерін сақтай алады. |
Кері байланыс | On-line және off-line білім беру барысында кері байланыс оқытуды жекелендіруге, консультациялар өткізуге, оқушы мен мұғалім арасындағы жеке қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. [1] |
Жеке жұмыс орындау дағдысы қалыптасады | Пәнді оқу барысында оқушының өзіндің жұмысы қолданылады, бұл өздігінен оқу және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруға, сонымен қатар оқу уақытын ұтымды жоспарлауға ықпал етеді. |
Психологиялық жайлылық | Қашықтан білім беру барсында қорытынды бағалау жүзеге асатын уақытта психологиялық жайлылық орын алады. |
Көрнекілік арқылы сабақ сапасын арттыру | Интерактивті дәрістер,бейне, дыбыс, және тағы басқа көмегімен студенттерге ақпарат берудің әртүрлі әдістерін қолдану оқылатын материалды көрнекі етіп жасауға мүмкіндік береді, ал соның нәтижесінде визуалды, түсінікті, есте жақсы сақталатын болады |
Тиімсіз тұстары | |
Электронды бағдаламалармен жұмыс жасау барасында оқушы мен мүғалімнің ерік-жігерінің жетпеуі | Бір уақытта электронды бағдарламада жазылған оқушылар саны көп болған жағдайда, есептер, шығаратын тапсырмаларды тексеру, ресурстар қажет етеді. Физикалық күшінің жетіспеушілігі мұғалімдердің бағдарламаны пайдалануға деген қызығушылығын төмендетеді, бұл қашықтан оқудың нәтидесігің төмендеуіне алып келеді. Мұғалімнің оқушылармен сыныптағы қарым- қатынасы оларды желідегі және оффлайн режимдегі қарым-қатынастан гөрі көбірек жұмыс жасауға итермелейді.[2] |
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау барысындағы оқушының сәйкестендіруі | Оқушылардың білімін бақылау «соқыр» аймақта болады, өйткені студенттің жеке басын анықтау ол тапсырманы нақты кім шешкенін білмейді. Оқушылар басқа біреудің жұмысының нәтижесін өз нәтижесі ретінде шығаруға мүмкіндік алады |
Тікелей байланыс болмауы | Оқушы сұрақтарға жауап беруі керек немесе мұғалімнің көмегі қажет болған жағдайда мұғалім көбінесе оқушылармен тікелей қарым-қатынас жасай алмайды. Оқушы дәстүрлі білім беру кезіндегідей сыныптастардың сұрақтарын дұрыс ести алмайды. |
Электронды бағдарламаны құруға және пайдалануды үйренуге көп уақыт кетеді. | Жалпыға қолайлы электронды оқулықты құрастыру үшін көптеген қаражат және бірнеше ғалымдардан тұратын құрастырушылар тобы белгілі бір уақыт бойы құрастыруы және жалпықолданысқа енгізуі |
Тапсырмаларды орындау барысындағы таңдаудың жоқтығы | Бағдарламаны құру барысында тапсырмалардың көптігі балл санының аздығын білдіреді. Егер тапсырмалар саны көп болса, бағалау жүйесі қиынға түсіп, кейде оқушылар шектік деңгейге жете алмай қалады |
Электронды оқудың мүмкіндіктерін кеңейтетін орта | |
Интернет желісіндегі ақпараттар | Есептердің шешімін табатын кезде, сұраққа жауап табу, шығармашылық тапсырмалар орындау мақсатында интернет желісін пайдалана алады. |
Тапсырмалардың плагиатқа қарсы екенін тексере алуы | Мұғалім оқушылар салған тапсырмаларды плагиатқа тексеру арқылы түпнұсқалығын тексере алады. Бұл білім сапасын жоғарылатады. |
Бір уақытта көп оқушыларды оқыта алу | Электронды білім беру бір уақытта көп оқушылардың сабаққа қатыса алуы сонымен қатар тапсырма орындай алауы |
Қашықтан электронды бағдарламаның әрқашан жаңарып отыру | Бағдарламаның ескіруіне байланысты шалауыңызша жаңартулар енгізсеңіз болады. |
Электронды оқудың мүмкіндіктерін төмендететін орта | |
Техникалық ақаулықтар | Бір уақытта көптеген пайдаланушылардың кіруі немесе интернет желісінің дұрыс жасамауының себебінен электронды бағдарламаға кірудегі қиындықтар |
Авторлық бағдарламаларда.ақпараттардың аздығы | Көптеген бағдарламалар кітап бойынша толық бекілітмеген, ақпараттардың аздығы |
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің болмауы | Оқушының сабақ оқуға жеке дербес компьютерінің болмауы немесе интернет желісінің нашар жұмыс жасауы. Оқушы сабақты жүктеп, орындап қайта жіберуі қажет. |
1 кесте Қашықтан білім беру жүйесіне SWOT – анализ
Кестеде байқағаныңыздай қашықтан білім берудің тұстарын, кемшілігі мен артықшылығын жеке тоқталып өттік. Кестеде көрсетілгендей қашықтан оқу деңгейін жоғарылату барысында мына қадамдарды орындау қажет:
-
Мұғалімдер арасында электронды бағдарлама шұру құзыреттілігі болуы -
Оқушылардың оқу жетістістіктерін бақылау мүмкіндіктерін кеңейту -
Аудиторияны және өзін-өзі бағалауды жүргізу
Қашықтан электронды оқыту – бұл моральдық және материалдық шығындар ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің тиісті дайындығын қажет ететін өте күрделі процесс. Электронды бағдарлама қазіргі жоғарғы білім беру жүйесінде енгізудің жетістігі оқытушылар құрамы мен студенттердің жоғарғы мотивациясымен анықталды. Қазіргі кезде студенттер электронды оқытуды мұғалімдерге қарағанда көбірек қолданады деп толық айтуға болады. Өйткені қазіргі заманғы буын әлеуметтік желілерде және компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары айтарлықтай дамыған.
Әдебиеттер:
1. Khadiullina R.R. Galyautdinov M.I. Teoya praktika Fizicheskoy Kultury 2014ж.
2. Abrami P.C., Bernard R.M., Bures E.M., Tamim R.M. The next Generation of Distance Education: Unconstrained Learning 2012ж.
Түйіндеме
Мақала қазіргі таңда маңызды тақырыптардың бірі – қашықтан оқу тақырыбына арналған. Мақала барысында автор қашықтан оқудың тиімді тұстары мен кемшіліктерн, сонымен қатар бағдарламаны алға тартатын тұстарымен жеке таныстырған. Қашықтан білім беру білім алудың басқа формасы сияқты көптеген артықшылық пен кемшіліктерге ие. Қашықтан оқыту технолгияларын білім беру үдерісіне қарқынды енгізуге кедергі жеткіліксіз бірнеше себептер табылды. Таныстыруын SWOT – анализ түрінде көрсеткен.
Қашықтан білім беру – қазіргі заман талабы. Пандемия басталуына байланысты біздің еліміз тарихта тұңғыш рет қашықтан оқыту технологиясын қолданды. Қашықтан оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығын білгенімізбен, артықшылықтары мен кемшіліктерін көбіміз біле бермейміз. Қашықтан оқыту барысындағы басты мақсатымыз дәстүрлі білім беру сатысына жету.
Аннотация
Статья посвящена одной из самых актуальных тем на сегодняшний день - дистанционному обучению. В ходе статьи автор лично представил достоинства и недостатки дистанционного обучения, а также преимущества программы. Дистанционное образование, как и
любая другая форма обучения, имеет множество преимуществ и недостатков. Есть несколько причин, которые не препятствуют быстрому внедрению технологий дистанционного обучения в образовательный процесс. Представлено в виде SWOT-анализа.
Дистанционное образование - это требование современности. В связи с началом пандемии в нашей стране впервые в истории использовались технологии дистанционного обучения. Хотя мы знаем, что дистанционное обучение отличается от традиционного, большинство из нас не знает преимуществ и недостатков. Наша главная цель в дистанционном обучении - выйти на традиционный уровень образования.
Аnnotation
The article is devoted to one of the most pressing topics today - distance learning. In the course of the article, the author personally presented the advantages and disadvantages of distance learning, as well as the advantages of the program. Distance education, like any other form of education, has many advantages and disadvantages. There are several reasons that do not prevent the rapid introduction of distance learning technologies into the educational process. Presented as a SWOT analysis.
Distance education is a modern requirement. In connection with the outbreak of a pandemic, distance learning technologies were used for the first time in history in our country. While we know distance learning is different from traditional learning, most of us are unaware of the advantages and disadvantages. Our main goal in distance learning is to reach the traditional level of education.