Файл: Алматы облысты білім басармасыны Ебекшіаза ауданы бойынша мм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Алматы облыстық білім басқармасының

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша» ММ

«Рахат орта мектебі» КММ бойынша

математика, информатика, физика бірлестігінің

он күндігі бойынша математика пәні бойынша өткізілген ашық сабақтың анықтамасы
18/01/2023 жылы түскі ауысымның 1-сабағында 6 «Ә» сыныбымен математика пәнінің мұғалімі Садырова М.О. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабқтың мақсаты : 6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды оқушылармен амандастым, сыныптағы оқушылар түгенделді. Психологиялық ахуал «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы жүргізілді, оқушылар бір-бірлеріне жағымды тілектер айтты.

«Көршіңді тексер» әдісі арқылы үй жұмысы тексерілді, оқушылар дұрыс жауаппен үй жұмысын тексерді, «Жетон» әдісі арқылы бойынша бағаланды. 1-тапсырма «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар жеке жеке сұраққа жауап береді, «Мадақтау» әдісібойынша бағаланды. 2- тапсырма «Тарсия» әдісі бойынша топтық жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында оқушылар берілген фигураларды біріктіру арқылы дұрыс жауаппен фигураларды бір біріне жабыстырып сөз шығарды, топтар«бірін-бірі» бағалады, өз пікірлерін айтты. Сөз шығара алуы бойынша өзім бағаладым. 3-тапсырма: «Жеке жұмыс» оқушыларға 4 тапсырма берілді өз беттерімен тапсырманы шығарды, 4 тапсырмаға 4 оқушы тақтаға шығарылды, олар тақтада тапсырмаларды орындады, «Дескриптор» әдісі арқылы бірін-бірі бағалады. Сабақтың соңында, рефлексия «ҚҚҚ» (Қиын,Құнды,Қызық) әдісі арқылы жүргізілді, оқушыларға үй тапсырмасы берілді. Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай мадақтау әдісі арқылы бағаланды.




Математика пәнінің мұғалімі: Садырова М.О.