Файл: за мерзімді жоспардаы блім Тірі жне лі табиаттаы дерістер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп: «№2 ЖББМ» КММ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:Қармысова Ұ

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Өлі табиғаттағы үдерістер




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалу, мүжілу үдерістері, табиғатта заттардың айналымы)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердітүсіндіреді;

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылартоптарға«Пазл» әдісі арқылы бөлінеді. «5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер)» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар мұғалім ұсынған суреттер бойынша өлі табиғатта болатын үдерістерді атайды(жанартаудың атқылауы, үгілу, тау түзілу).

Дескрипторлар

Оқушы

-Сурет бойынша жанартаудың атқылауын дұрыс анықтайды;

-Сурет бойынша үгілуді дұрыс анықтайды;

-Сурет бойынша тау түзілу үдерісін дұрыс анықтайды;

-Сурет бойынша су айналымын дұрыс анықтайды.

Мұғалімформативті бағалау жүргізеді.

2. Ой шақыру.Мұғалім оқушыларға суретті көрсетіп, сұрақ қояды:

-Тау, тас, жанартау, су, жел, найзағай, топырақ, ауа қандай табиғаттың заттарына жатады?

-Жануар, өсімдік қандай табиғаттың заттарына жатады?

-Бұл үдерістердің барлығы қандай табиғаттағы үдерістерге жатады?

3. Мақсатты тұжырымдау.Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді түсіндіреді;

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдейді.

Қосымша 1

Суреттер


Сабақтың ортасы

10-13

13-18
18-33

33-37



4. «Нысана» әдісі.

Оқушылар осы әдіс арқылы «модельдеу» сөзінің мағынасын ашады.

Дескрипторлар

Оқушы

-Ассоциация сөздерді дұрыс анықтайды;

-Ассоциация сөздердің көмегімен «модельдеу» сөзінің мағынасын дұрыс құрастырады.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және оқушыларға кері байланыс ұсынады.

5. Бейнероликтер

Оқушылар жанартаудың атқылауы, үгілу, тау түзілу туралы бейнероликтер тамашалайды.

Бейнероликтен кейін үдерістерді өзара талқылайды.

6. Өлі табиғаттағы үдерістерді модельдеу.

Оқушылар топтарда әртүрлі үдерістерді модельдейді. Оқушыларға модельдеуге қажетті заттарды алдын ала айтқан жөн.

1 топ: Жанартаудың атқылауы

2 топ: Тау түзілу

3 топ: Физикалық үгілу

4 топ: Биологиялық үгілу

Жанартауды модельдеу үшін қажетті заттар: түрлі түсті қатырма қағаз (картон), желім, қайшы, скотч, пластик бөтелке, пластилин. Жанартаудың атқылауы бойынша тәжірибе жұмысын мұғалімге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жасауға болады.

http://www.prostomama.com/2013/10/kak-sdelat-vulkan/

http://www.iqchild.ru/himicheskij-opyt-kak-sdelat-izverzhenie-vulkana/

https://www.youtube.com/watch?v=MPEMC_G4ZdY

Тау түзілу үдерісін модельдеу үшін қажетті заттар:газеттер, ПВА желім, қайшы, қатырма қағаз, акварель.

Тау түзілу үдерісін папье – машеәдісі бойынша жасау керек. Бұл әдіс алдын ала дайындықты қажет етеді. Себебі жасалған макеттер кеуіп үлгерулері қажет. Тек содан кейін ғана макетті бояп, безендіруге болады.

https://svoimirukamy.com/pape-mashe-dlya-nachinayushhih.html

Физикалық үгілу үдерісін модельдеу үшін қажеттеі заттар: газеттер, ПВА желім, қайшы, қатырма қағаз, акварель.

Жоғарыда аталған заттардан папье – маше әдісі арқылы желдің әрекетінен мүжілген тастың пішінін әзірлейді.

Биологиялық үгілуді модельдеуге қажетті заттар: газеттер, ПВА желім, қайшы, қатырма қағаз, акварель.

Папье – маше әдісі бойынша жоғарыда аталған заттардан өсімдіктер мен жануарлар әрекетінен мүжілген таудың макеті жасалады. Өсімдіктер мен жануарлар ретінде дайын ойыншықтарды қолдану керек.

Жұмыс нәтижелерін топтар «Галереяны шарлау» әдісі бойынша сыныпқа ұсынады. Топтар бағалау парақтары бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Дескрипторлар

Оқушы

-Жанартаудың атқылауын дұрыс модельдеп, түсіндіре алады;

-Тау түзілуді дұрыс модельдеп, түсіндіре алады;

-Физикалық үгілуді дұрыс модельдеп, түсіндіре алады;

-Биологиялық үгілуді дұрыс модельдеп, түсіндіре алады.

Саралау: топ ішінде рөлдерді бөліп беру

(көшбасшы, суретші, таймкипер, дизайнер, спикер және т.б.). Көшбасшы тапсырманы орындап болғаннан кейін топ мүшелерін бағалау парақтарының көмегімен бағалайды.

Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс ұсынады.

7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты жазбаша қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс ұсынады.


Қосымша 2

Қосымша 3


Сабақтың соңы:

37-40

8. Кері байланыс

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Оқушылар кері байланысты төмендегі сұрақтардың бірін таңдап, жауап беру арқылы жүргізеді: Мысалы:

-What? - Тау түзілу

-How? - Литосферлық тақталардың соқтығысуының нәтижесінде.



Стикерлер