Файл: Жпалы аурулар іліміне кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ж¥ҚПАЛЫ АУРУЛАР ІЛІМІНЕ КІРІСПЕ

Жұқпалы аурулар адамзатқа ерте заманнан белгілі. Папирустарда обаның, полиомиелиттің, безгектің ағымы мен белгілері жазылған. Біздің дәуірге дейінгі Гиппократтың еңбектерінде қайталамалы сүзектің, тырысқақтың, дизентерияның, тілменің, түймененің, сіреспенің және басқа аурулардың клиникалық көріністері сипаттап жазылған. Дүние жүзі халықтарында жұқпалы аурулар әртүрлі атаумен аталғаны белгілі, бірақ солардың барлығында да жұқпалы аурулардың негізгі ерекшелігі көрсетілді: кең және тез таралуы, жоғары өлім-жітімділігі.

Жұқпалы аурулар жөніндегі ілімнің дамыған кезеңі - 18 ғасырдың соңы. ¥лы ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқалар осы дәуірде бір қатар жұқпапы аурулардың қоздырғыштарын бөліп алған. Кейінгі жылдары ғылыми микробиологияның даму нәтижесінде жұқпалы аурулар жеке пән болып қалыптасып осы дерттердің қоздырғыштарын, эпидемиологиясын, патогенезін, патологиялык анатомиясын, ағым белгілерін, анықталуын, емделуін және алдын алу жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеулерге жол ашты.

Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың аурушылдығында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізі инфекцияларға байланысты.

Жұқпалы аурулар - патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.

Инфекциялық процесс - қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.

Қоздырғышпен адам организмінің өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар.

Клиникалық белгілерімен көрінетін (манифестік) түрлерінің жедел және созылмалы ағымын ажыратады. Көбінесе, жұқпалы ауруларға жедел басталауы тән. Ол аурудың патогенезінің бактериемия сатысына сәйкес болып келеді. Қоздырғыш көбейіп көп мөлшерде қанға өткенде дене температурасы күрт жоғарлайды. Ол организмнің қорғаныс реакциясына жатады.

Ал, жұқпалы аурулардың созылмалы түрі қоздырғыштың адам организмінде ұзак сақталып қалуына байланысты (мысалы созылмалы бруцеллез, созылмалы вирусты гепатиттер және т.б).

Ауырлығы бойынша манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр деп бөлінеді. Жұқпалы аурулардың ауырлық дәрежесі интоксикация дәрежесіне байланысты.


Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда реинфекция дамиды. Егер реинфекция біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса, суперинфекция дамиды.

Сонымен қатар, микро және макроорганизмнің арасындағы әрекеттің ерекше түрі бар: инфекция тасымалдаушылық.

Тасымалдаушылық - инфекциялық процесс клиникалық белгілерісіз өтіп, сыртқы ортаға қоздырғыштың бөлінуімен сипатталады. Инфекция тасымалдаушылардың эпидемиологиялық ролі маңызды, себебі олар аурудьң көзі болып табылады. Микроорганизмнің бір түрімен шақырылған жұқпалы ауру моноинфекция деп аталады. Ал, бірнеше қоздырғыштармен шақырылған аурулар аралас немесе микст-инфекция деп аталады. Егер дамып жатқан жұқпалы ауруға жаңадан ауру қосылса - екіншілік инфекция пайда болады. Жоғарыда айтылғандай, инфекциялық процестің негізгі факторлары - қоздыргыш, макроорганизм және қоршаған орта болып табылады. Микроорганизмнің бірнеше қасиеттері бар: патогенділігі, вирулентгілігі, токсигенділігі, адгезивті және инвазивті. Патогенділік - қоздырғыштың патологиялық процесті шақыру қасиеті.Вируленттілік - патогенділіктің дәрежесі.Адгезивтілік -микроорганизмнің тіндер мен мүшелерге жабысу қасиеті. Инвазивтілік - қоздырғыштың тіндер мен мүшелерге ену қасиеті. Токсигенділік - микроорганизмдердің токсиндерді түзіп, бөлу қасиеті. Экзотоксиндерді тірі микроорганизмдер бөледі, ал эндотоксиндер микроорганизм ыдыраған кезде бөлінеді. Микрорганизмнің қанға енуі бактериемия (іш сүзегі), вирусемия (грипп), риккетсемия (эпидемиялық бөртпе сүзегі) немесе паразитемия (безгек) деп аталады. Қоздырғыштьщ маңызды қасиеттерінің бірі - оның троптылығы (белгілі бір жасушаларда немесе тіндерде қоздырғыштың көбеюі: мысалы, паротиттік инфекцияның қоздырғышы бездік тіндеріне, шигеллалар тоқ ішектің дистальды бөлігінің энтероциттеріне, менигококктар мидың жұмсақ қабықшасына тропты). Инфекциялық процестің үшінші факторы: қоршаған орта (мысалы, ауаның төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға адамның сезімталдығын жоғарылатады). Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері бар: -жұқпалы ауру пайда болу үшін этиологиялық агент қажет; -жұқпалы аурулардың жұғу қауіпі жоғары; -жұқпалы аурулар ағымында кезеңділік байқалады; -жұқпалы ауру барысында иммунитет дамиды.


Жұқпалы аурулардың кезеңдері: 1)инкубациялық кезең - адам организміне қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші клиникалық көріністердің пайда болуына дейінгі кезең;

2) продромалді (бастапқы) кезең - клиникалық көріністердің пайда болуымен басталады, бүл кезеннің ұзақтығы бір күннен 1-2 аптаға дейін созылуы мумкін;

3) өршу кезеңінде ауруға аса тән клиникалық белгілері дамиды, бұл кезеннің ұзактығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін;

4) реконвалесценция (айығу) кезеңі - өршу сатысынан кейін дамиды.

Инфекциялық процестің әр сатысында асқынулар дамуы мүмкін. Асқынулар спецификалық (арнайы) және спецификалық емес (арнайы емес) болып ажыратылады. Арнайы асқынулар - осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамитын асқынуы, арнайы емес - барлық микроорганизмдердің әсерінен дамуы мүмкін.

Жұқпалы аурулар диагностикасының принциптері мен әдістері

Жұқпалы ауру диагнозын анықтау үшін аурудың анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, мүшелер мен жүйелердің клиникалық көріністері, лабораторлық зерттеулер қолданылады. Клиникалық зерттеу барысында наукас жағдайы бағаланады. Біріншіден аурудың ауырлық дәрежесін, сана сезімін анықтау қажет. Менингеальді синдромды тексеру тиісті. Тері жабындыларын қарап тексергенде терінің түсіне, ылғалдығына, дермографизмге, бөртпеге назар аударылады. Одан басқа, көрінетін шырышты қабаттардың да түсі өзгеріп, энантемалардың болуы мүмкін. Лимфа түйіндердің, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюына назар аудару керек. Олар ұлғайган жағдайда көлемін, консистенциясын, ауырлық сезімін, қоршаған тіндермен байланысын анықтау қажет. Бұл синдромдар жайылмалы инфекцияларға тән. Ішкі мүшелер белгілі ретпен тексеріледі. Эпидемиологиялық анамнезінде жұқпалы аурулармен қатынас туралы, тұрмыс, тамақтану жағдайлары туралы мәлімет жиналады. Жұқпалы аурулардың диагностакасында гемограмма, копрограмма және урограмма көрсеткіштерінің маңызы зор. Лабораторлық зерттеулерге әртұрлі материалдар алынады: қан, нәжіс, зәр, асқазанның жуынды сулары, анқаның жағындысы, жаралардың бөлінділері, жұлын сұйықтығы, қақырық және т.б. Арнайы әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, серологиялық, биологиялык әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады. Сонғы жылдары жұқпалы аурулардын стандартты анықтау принциптері құрастырылып тәжірибелік жұмысқа енгізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің № 623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойьшша есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұкпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттар құрастырылған. Есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:


        1. Оба.

        2. Туляремия.

        3. Күйдіргі (түйнеме).

        4. Бруцеллез.

        5. Конго-қырым геморрагиялық қызбасы.

        6. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба.

        7. Шешек.

        8. Ботулизм.

        9. Кенелік энцефалит.

        10. Тырысқақ.

Қазір басқа жұқпалы аурулар жағдайларын стандартты анықтамалары құрастырылып жатыр. Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау принциптері келесі мәліметтерге негізделеді: -жұкпалы аурулардың күмәндану жағдайы; -жұқпалы аурулардың ықтимал жағдайы; -жұқпалы аурулардың расталған немесе дәлеледенген жағдайы.

Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы аурудың аса тән клиниқалық белгілеріне негізделінеді, ықтимал жағдайы эпидемиологиялық мәліметтерге негізделінеді, расталған немесе дәлеледенген жағдайы лабораторлы зерттеулердің нәтижелеріне негізделінеді. Жұқпалы аурулардың күмәндану және ықтимал жағдайы анықталса жедел түрде санэпидстанцияға хабарландыру беру керек. Осы кезден бастап ауруға қарсы алдын алу шаралар жүзеге асыралыды. Жұқпалы аурулардың расталған жағдай анықталса аурудың диагнозы дәлелденіп ресми түрде тіркеуге кіреді.

Жұкпалы науқастарды емдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру. Жұқпалы науқастарды емдеу - күрделі процесс болып табылады, себебі емді тағайындау барысында нозологиялық түрге, жұкпалы процестің сатысына, негізгі синдромның ауырлық дәрежесіне, организмнің преморбидтік жағдайына назар бөлу қажет. Жұқпалы наукастардың емінің негізгі принциптері: - қоздырғыштың патогенді әсерін жойып және организмнен шығару мақсатымен (этиотропты терапия); - жұқпалы процесс барысында дамыған зат алмасу және қызметтік бұзылыстарды қалыптастыруға (патогенетикалық терапия); - макроорганизмнің спецификалық емес резистенттілігін және толық иммундық жауапқа қабілеттігін жоғарылату мақсатымен; - асқынуларды алдын-алуға және емдеуге, сонымен қатар реабилитациялық шараларға бағытталған.

Спецификалық ем.

Инфекция қоздырғышына спецификалық және спецификалық емес әдістер көмегімен әсер етіледі.

Спецификалық әдіске әсері микроорганизмнің бір түріне ғана бағытталған препараттарды қолдану жатады, мысалы, емдік сарысулар, иммуноглобулиндер және гаммаглобулиндер, иммунды плазма, бактериофагтар және емдік вакциналар.

Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын-алуы).


Эпидемиологиялық процесс даму үшін 3 негізгі звено қажет: аурудың көзі, аурудың берілу механизмі және жолдары, қабылдауыш тұрғындар. Профилактикалық шаралар осы 3 звеноға қарсы бағытталады. Аурудың көзіне әсер ету: науқасқа дер кезінде диагноз қойып, оны оқшаулап емдеу, бактериятасымалдаушыларды анықтау, ауру жануарларды емдеу т.б.

Аурудың берілу жолдарын үзу үшін дезинфекция, дезинсекция, дератизация және санитарлы- ағарту шаралар қолдану қажет.

Үшінші звеноға әсер ету: арнайы және арнайы емес профилактика. Жасанды иммунитет дамыту үшін вакциналар, иммундық сарысулар және гамма-глобулиндер қолданылады.

Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру.

Біздің елімізде жұқпалы науқастарға көмек көп деңгейден тұрады. Біріншілік сатыға жалпы емдік жүйе жатады (жанұялық дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігері, жедел жәрдем дәрігері). Келесі саты - жұқпалы аурулар кабинеті және жұқпалы аурулар ауруханасы. Ауруханадан шыққан соң науқас қайтадан жанұялық дәрігердің, жалпы тәжірибе дәрігердің немесе жұқпалы аурулар кабинетінде бақылауында болады. Жұқпалы аурулардан кейін диспансерлік бақылау ұзақтығы нозологияға сай әр түрлі болады.

Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыстәртібі

Жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу үшін науқастар оңашаланады. Жұқпалы науқастардьің оңашалануы 2 түрде өткізіледі: үй жағдайында және жұқпалы ауруханаға жатқызу. Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу инфекция көзін толығымен шектейді. Науқастар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша ауруханаға аурудың орташа ауыр, ауыр түрлерімен ауырған науқастар, ал эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша аурудың ауырлығына қарамай аса қауіпті инфекцияларға күмәнданған кезінде, үй жағдайында оқшалауға мүмкіндік болмағанда, жатаханада, интернатта, казармада тұратын адамдар жатқызылады.

Басқа ауруханалармен салыстырғанда жұқпалы аурухананың бірнеше ерекшеліктері бар. Оның құрылымы мен жұмыс тәртібі инфекция көзін (яғни науқасты) шектеуге; аурухана ішілік зақымдануды алдын алуға және жұқпалы науқастардың еміне бағытталған.

Жұқпалы аурухананың негізгі құрылымдық бөлімдеріне бокстелген бөлімшелер, науқастарды қабылдау бөлімшесі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, хирургиялык, рентгенологиялық бөлімшелер, зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік болімше, асхана, залалсыздандыру камерасы, орталық стерилизация бөлімшесі, патологоанотомиялық бөлімше жатады.