Файл: Жпалы аурулар іліміне кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жұқпалы аурухана жұмысының негізгі принципі ағынды- өткізбелі жүйе болып табылады, яғни науқас ауруханаларда басқа жұқпалы аурулармен ауырған науқсатармен қатыспайды.

Санитарлық көлікпен жеткізілген науқастар қабылдау бөлімшесінің бөлек бокстарында қабылданады. Жұқпалы науқасты жеткізген автокөлік дезинфекцияланады. Бокстардың ішке кіру және сыртқа шығу есіктері бөлек. Сыртқы есік арқылы науқас боксқа кіріп, дәрігердің тексеруінен және санитарлық өңдеуден кейін шығады. Медициналык қызметкерлер боксқа ішкі есік арқылы кіреді. Әрбір науқастан кейін бокста қортынды дезинфекция жүргізілуі керек.

Қабылдау бөлімшесінен науқас басқа науқастармен қатыспай, арнайы бөлімшеге жеткізіледі. Бөлімшелерге науқсатар нозология бойынша жатқызылады.

Егер науқас ауа - тамшылы жолмен жұғатын аурумен ауырса, немесе осындай ауруға күдік болса, оны боксталған бөлімшеге жатқызады. Боксталған бөлімшеге аса қауіпті карантиндік аурулармен ауырған науқастар жатқызылады. Олар боксқа қабылдау бөлімшесінен тыс жеткізіледі.

Бокстың құрамына наукас жататын бөлме, дәретхана, шомылатын бөлме, сыртқы кіреберіс (предбоксник) және ішкі кіреберіс кіреді. Ішкі кіреберіс арқылы медицина қызметкерлері кіріп шығады, тағам жеткізіледі. Бұл жерде қолжуғыш және қызметкерлердің халаты орналасады. Сыртқы кіреберіс арқылы науқас боксқа кіргізіледі және емделген соң шығарылады. Бұндай бокс толық, немесе Мельцер (1890 жылы жұқпалы аурухана проектін ұсынған орыс инженері Э.Мельцер) боксы деп аталды. Полубокстың құрылысы ұқсас, бірақ оның сыртқы кіреберісі жоқ. Оңашалауды қажет етпейтін науқас палаталық бөлімшеге жатқызылады. Бұндай бөлімшелер құрылысына палаталар, бірнеше изоляторлар (оңашалау бөлмелері) және қосымша бөлмелер (асхана, санитарлық бөлме, дәретхана т.б.) кіреді. Әртүрлі емдік және диагностикалық процедуралар арнайы бөлмеде бөлінеді (мысалы егулер бөлмесі).

Диагнозы анықталмаған науқастар (ауа-тамшылы инфекциядан басқа) диагностикалық (сараптау) бөлімшесіне жатқызылады. Диагноз анықталған соң науқас профилді бөлімшеге ауыстырылады. Бөлімшеге жаңа түскен науқастар сауығып жатқан науқастармен және асқынулары бар науқастармен бірге жатқызылмайды. Мүмкіндік бойынша палаталарды бір уақытта толтырып, сол науқастарды бір уақытта шығарады.

Бөлімшедегі санитарлы - гигиеналық тәртіпке палаталарда, бокстарда және басқа бөлмелерді тазалау; дезинфекция және дезинсекция; науқастарды шомылдырып, киімін ауыстыру; науқастардың және қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтау жатады. Науқасты күту заттары жеке болуы тиіс, немесе олар дезинфектанттармен залалсыздандыруы қажет.


Насқастарға екі деңгейде көмек көрсетіледі. Мейірбикелер емдік манипуляцияларды, ауыр науқастардың арнайы күтімін және тамақтануын қамтамассыз етеді. Санитарлар бөлмелерді тазалайды, судно беріп алады, төсек төсейді т.б. Науқастардың туыстары әкелген заттар мен тағамдар арнайы бөлмеде қабылданады. Әкелген заттардың ішінде науқасқа қарсы көрсетілген өнімдер болмауын бақылау керек.