Файл: Python тілінде программалау (информатика, 6сынып).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін:

Директордың орынбасары Оқу ісінің меңгерушісі Закирова Айна Сырымханқызы

Бөлім:

Python тілінде программалау (информатика, 6-сынып)

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

6

Сабақтың тақырыбы

Деректердің типтері.

Оқу мақсаты:

6.3.3.1 деректер түрлерін жіктеу;

Сабақтың мақсаты:

– Деректер типтерін жіктейді;

– Программалауда деректер типтерін қолдануды меңгереді.



Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Тақырып: Деректердің типтері

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

– Деректер типтерін жіктейді;

– Программалауда деректер типтерін қолдануды меңгереді.

Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу




Презентация (1-3 слайдтар)

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру
Дерек (мәлімет) – өңделмеген әртүрлі фактілер, цифрлар, яғни өңдеудің нәтижесінде белгілі бір мағынаға ие болған ақпарат.

Деректер типі – тұрақты, айнымалы мен өрнектер қабылдай алатын мәндер және олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығы.
Python-дағы деректер типтерінің негізгі операциялары:

сандар (integer(бүтін), float(нақты);

тізбектер (list, string);

сөздіктер (dict);

объектілер (функциялар, генераторлар, әдістер);

модульдер;

файлдар;

арнайы және қосымша типтер.

Жаңа тақырыпты меңгеру




Презентация (4-8 слайдтар)

Практикум








Жаңа тақырыпты мұғаліммен бірге практикада қолдану арқылы меңгеру


Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген тапсырманы сәйкестендіреді.

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (9- слайд)

Бекіту

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Тапсырма.

Деректер типтерін және олар қабылдайтын мәндерді сәйкестендіріңіз.
Бекіту сұрақтары

№1. Деректер типі дегеніміз не?

№2. float() типі қандай мәндерді қабылдайды?

№3. Айнымалылардың типін қандай функцияның көмегімен анықтайды?

Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация (11-13 слайдтар)

Қорытынды

Сабақты қорытындылау, рефлексия







Презентация (14 слайд)