Файл: 8 А. Жасушалы биология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


8.1.А.Жасушалық биология:


Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Прокариоттық эукариоттық жасушалар

(жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру


Сабақтың мақсаттары

  • Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;

  • Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;

  • прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.

Бағалау критерийлері

  • прокариоттық, эукариоттық жасушаларын сурет бойынша ажырата алады;

  • прокариоттық, эукариоттық жасушаларының айырмашылықтарын түсіндіре алады;

  • прокариот, эукариоттарға мысалдар келтіре алады;




Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • прокариот және эукариот жасушаларымен байланысты негізгі терминдерге ауызша, жазбаша анықтама береді.

  • прокариот және эукариот жасушаларына тән құрылымдарды атап жасушаларды ауызша сипаттай алады;

  • прокариот және эукариот жасушаларының айырмашылықтарын сурет/сызбада белгілеп жаза алады;

  • ауызша сұрақтар құрастырып, қоя алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

прокариоттық жасуша, эукариоттық жасуша, жасушалық мембрана, цитоплазма, ядро, вакуоль, митохондрия, хлоропласт, рибосома, жасуша қабырғасы, мебраналы органоидтар, ядролық мембрана, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ. 

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер жасушада ядролық мембранасы бар болса, онда бұл ...жасуша. Жасушада мембраналы органоидтар кездесетін болса, бұл...жасуша.

Прокариоттық жасушаның мөлшері эукариоттық жасушаға қарағанда...

Сақиналы ДНҚ тек ... жасушаларда кездеседі.

Бұл ... ағзаға тән жасуша.

Бұл өсімдік / жануар жасушасы себебі...

Бұл өсімдік / жануар жасушасы емес, себебі... органоидтары бар.

Прокариоттық/эукариоттық жасушада... болады.

Бұл өсімдік/ эукариот жасушасы, рарапотому что өйткені онда … бар


Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыс кезінде оқушыларда ынтымақтастықта бола білу, өзгелердің пікірімен санасу, сыйластық, адамгершілік құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады. Үлгілеу кезінде өз білімін жетілдіруге деген жауапкершілігі дамытылады. Сабақта алған білімдерін жаһандық мәселелерді шешуде қолдануға қатысты талқылаулар арқылы жаһандық азаматтық қалыптастырылады.

Пәнаралық байланыс

Цитоплазмадағы заттар туралы білім арқылы химия пәнімен,

үлгілеу немесе аппликация жасау дағдылары арқылы технология пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар жаратылыстану курсынан жасуша және ұлпа ұғымдарын біледі. 7 -сыныптан өсімдік жануар жасушаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, жасуша құрамбөліктері (пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана мен жасуша қабырғасы) қызметтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Ой толғау: Тақырыптың өзектілігін ашу үшін «Барлық тірі ағзалардың жасушалары бірдей ме?» сұрағы талқыланады.

Сұрақты талдау нұсқаулығы:

1- жұпта талқылаңыз.

2- сыныппен өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.

Бұл тапсырмадан оқушылар барлық тірі ағзалардың жасушалары бірдей емес, олар тіршілік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді деген өқорытынды шығарады.

Бүгінгі сабақтың мақсаты жасушалар түрлеріне байланысты деп, оқушылармен бірге таныстырылмның көмегімен прокариот және эукариот ұғымдарына анықтама беріп, сабақтың мақсаттарын анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -3 слайдтар



Сабақтың ортасы

4-17 мин



Мазмұнды меңгеру: Ресурс және мазмұн арқылы саралауды қолдау үшін оқушыларға ақпарат көздері ретінде жасушалардың суреттері/ ақпарат парақшалары, таныстырылым ұсынылады. Осы ресурстармен таныса отырып, оқушыларға жасушалардың сызба/үлгі/апликациясын жасау сұралады. Бұл жұмысты топта, немесе жұпта орындатуға болады.

Нұсқаулық:

1 топ.

1. прокариоттар жасушасының үлгісін жасау

2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасуша қабырғасы, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ)

3.жасуша өлшемін көрсету

2 топ.

1. эукариоттық жасуша үлгісін жасау

2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасушалық мембрана, ядро, цитоплазма, митохондрия, рибосомалар, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, пластидтер, ДНҚ, ядролық мембрана)

3. жасуша өлшемін көрсету

1, 2- қосымша

флипчарттар, маркерлер

желім, қайшы, ермексаз, түрлі-түсті қағаздар, жіп, моншақтар сияқты қол астындағы ұсақ заттар.

4-8 слайдтар

17-27 мин

Оқушылар жасаған үлгілерін қорғайды. Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Оқушылар өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.

Топ жұмыстарын өзара бағалайтын стикерлер

27-36 мин

Прокариоттық және эукариоттық жасушаларын салыстырып Венн диаграммасын толтырады. Толтырылған диаграммаларды салыстырып өзара бағалау жүргізу ұсынылады.

3- қосымша

9 –слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин



Кері байланыс

Түсінгендер оң қолын көтереді

Сұрағы барлар сол қолын көтереді

Мүлде түсінбегендер қолдарын көтермейді.

Туындаған сұрақтар сабақта талданады.
Тақырып мазмұнына қатысты сұрақтарды оқушылармен бірге талқылап, жауап беріледі.

Үй тапсырмасы: Сабақ бойы кездескен терминдерді қолданып кроссворд құрастыру (прокариот, эукариот, ядро, рибосома, плазмида т.б)

10– слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір алғыр оқушылардан органеллдердің қызметтерін сұрау арқылы саралауды қамтамасыз етуге болады.
Саралау оқушыларға қосымша ресурс түрлері мен мазмұнды саралау және өз мүмкіншілігіне сай жұмыс жасау (сурет салу, аппликация жасау, басқаша үлгілеу), ақпараттың қосымша көздерін ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Қызығушылығы жоғары оқушыларға прокариот жасушаларының генетикалық ақпаратының ерекшеліктерін зерттеу тапсырмасы ұсынылады.
Қабілеті төмендеу оқушыларға, немесе кейбір сурет салуды ұнататын оқушыларға прокариоттық және эукариоттық жасушалардың суретін салу тапсырмасын ұсынуға болады.
Қабілеті төмен оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою, кейбір ақпараттарды талдауда көмек көрсетіледі.


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жауаптары, үлгілеу жұмыстары, оларды қорғауы және Венн диаграммасын толтыруы, ауызша жауаптары мен сұрақтар қою арқылы бағаланады.


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партаға дұрыс отыруына назар аудару.
Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.
Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды





№5


Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

8.1B Молекулалық биология

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Нәруыздар. (жаңа тақырыпты меңгеру)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.4.1.3 Нәруыздардың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

    • нәруыздардың негізгі қасиеттерін білу.

    • нәруыздардың ерекшелік белгілерін түсіну.

  • нәруыздардың тірі ағза тіршілігі үшін маңызын сипаттау.

Бағалау критерийлері

  • нәруыздардың қасиеттерін біледі;

  • нәруыздардың тірі ағзалардың тіршілігі үшін маңызын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

нәруыздардың қасиеттерін атай алады, қысқаша маңызын түсіндіре алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:

нәруыз, гемоглобин, инсулин, амилаза, кератин, коллаген, миоглобин, актин, миозин, антидене, тромбин, меланин, денатурация

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Биохимиялық реакцияларға қатысатын нәруыздар ... аталады.

Қанда оттегі мен көмірқышқыл газын ... тасымалдайды.

Нәруызды қыздырғанда ол... ұшырайды.


Құндылықтарды дарыту

Оқу кезінде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсете білу құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Нәруыздың қасиеттері туралы білім арқылы физика және химия пәндерімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сыныптан органикалық заттардың құрамына кіретін элементтерді, 8-сыныптан полимерлер және мономерлер ұғымдарын түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин


Тақырыптың өзектілігін ашу және алдыңғы тақырыптармен байланысты орнату үшін оқушыларға көмірсу, липид, нәруыздардың тірі үлгілері беріледі. Оқушылар үлгілерді үш топқа жіктеп, әрқайсысының қасиеттеріне тоқталады. Көмірсу мен липидтердің ерігіштігін білетіндіктен, нәруыздың ерігіштігін зерттеуді ұсыну қажет. Нәруыздың үлгілерін майға суға салып көреді. Жұмытрқаны стақанға немесе сынауыққа салып су моншасында немесе плиткада/ спиртті шамда қыздырып көріп, оның температура әсерінен өз формасын өзгертетініне көз жеткізу маңызды. Бұл шағын тәжірибе арқылы нәруыз денатурациясы ұғымы түсіндіріледі.

Кейбір оқушыларға жұмыртқа нәруызын спиртке салып зерттеуді тапсыруға болады. Нәруыздың осы қасиетінің мысалы өмірде адамның шаш бұйралауы болып табылады.

1 -2 слайд

2- қосымша


Жүргізілген шағын тәжірибенің қорытындысына сүйене отырып, оқушылар сабақтың мақсаттарын анықтайды. Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылады.

3-слайд

Сабақтың ортасы

7-17 мин

Түрлі ресурстардың көмегімен нәруыздардың қасиеті мен бірнеше қызметін зерттеу ұсынылады. Ресурс көзі ретінде ақпараттық парақшалар, таныстырылым қолданылады. Оқушылар зерттеу барысында өзара жұпта, топта талдайды. Мұғалім сұрақтар қою арқылы бағыт береді. Кейбір оқушыларға «Нәруыздың қызметі» видеоматериалымен танысу ұсынылады. Кейбір оқушылар ноутбук қолдану арқылы қосымша ақпараттар жинақтай алады.

2 - қосымша

4-19 слайд

18-28мин


Оқушыларға тақырыпта кездескен маңызды ақпараттарды 1-2 сөйлем түрінде жаза отырып, бір үлкен тұжырымдамалық карта құру тапсырылады. Оқушылар тақтада стикерлердегі тұжырымдарды

«Нәруыздың анықтамасы»

«Нәруыздың қасиеттері»

«Нәруыздың түрлері»

«Нәруыздың қызметтері»

«Нәруыз қасиеттерінің өмірдегі көріністері»

«Нәруыздың тірі ағза үшін маңызы» деп жазылған парақшалардың астына сәйкес орынға іледі.
Тұжырымдамалық карта алдында талқылаулар мен қорытындылар жасалады. Оқушылар сұрақтар қояды.

стикерлер


29-38мин

Ұлпа, жасуша туралы, адамның асқорыту мүшелерінің жұмысы туралы алдыңғы тақырыптармен байланыстыру үшін «Адам ағзасындағы нәруыздың орны» айдары бойынша оқушылар адам ағзасындағы бір мүшені таңдап алып, ондағы нәруыз түрлері мен қызметтерін талдап түсіндіреді/жазады. Оқушылар жұмыстарын таныстырады.


Орындау нұсқаулығы

20-слайдта


Сабақтың соңы

39-40 мин



Кері байланыс

«Нысана»

Оқушылар нысанадағы сандарға стикер жапсыру арқылы жетістігін бағалайды. Бұл сандар бағалау критерийлерінің орындалу деңгейінің көрсеткіші болып табылады.



Үйге тапсырма. Адамның бір мүшесінде кездесетін нәруыздарды тізіп жазып келу.

21 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

«Байланысқан карта» жасау кезінде оқушылардың қалаған формада өз білімін көрсетуіне мүмкіндік беріледі.

Постер жасаған кезде оқушылар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап ала алады.

Ресурстардың әртүрлі көздерімен жұмыс жасайды.

Нәруыздың қасиеттері мен биологиялық қызметтерін нақты мысалдар мен ойша эксперимент түрінде көрсету тапсырмасы арқылы саралау жүзеге асырылады. Кейбір оқушылардан спирт пен температурадан басқа қандай фактор нәруыздың өзгеруіне әкелуі мүмкін деп сұрап талдау жасауға болады.

Бекіту тапсырмасын оқушылар өз қалаулары бойынша сурет салу, жазу, ауызша түсіндіру жолдармен орындайды.

Кейбір оқушыларға тапсырмалар орындауды ұсынуға болады.

(3-4 қосымша)


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Тұжырымдарды дұрыс жазу, оларды дұрыс сұрыптап, орналастыру, өзара талқылаулар жүргізу, ауызша жауаптары арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздікті сақтау.

Оқушылар тұжырымдамалық карта құрғанда, өзара бағалау жүргізгенде белсенді қозғалыста болады.



№6

Ұзақ мерзімді жоспар:

8.4А Көбею

Мектеп:

Дата:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Класс:
Класс:

Қатысқандар саны:
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі.

Оқу мақсаттары

Оқушылар:

- ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік айналымдарының ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар

- жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі.

- жабық тұқым өсімдіктерінің гаметофит пен спорофит ерекшеліктерін анықтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы біледі:

* жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі.

Оқушы түсінеді:

* Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының қызметтерін түсінеді

Оқушы қолданады:

* Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіреді

* мәселелерді шеше алады

* талдау, ең негізгі ойды бөледі, мәселелерді шешу жолын ұсынады

Тілдік мақсаттары


Оқушылар

- алдымен ашық және жабық тұқымды өсімдіктерінің қандай белгілері бар екенін талқылайды(сөйлеу және тыңдалым дағдылары)

- кейін табиғатта кездесетін ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктерді сипаттайды (сөйлеу, тыңдау және жазу дағдылары)

- Сабақ кезінде дәптерге жазбаларды енгізу (сөйлесу, жазбаша сөйлеу және тыңдау дағдылары))
Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: көбею, жыныстық, жыныссыз, ұрықтану, жыныстық жасушалар, гаметофит, спорофит, антеридий, архегоний, ашық тұқымды, жабық тұқымды, қылқан жапырақты өсімдіктер, гүлді өсімдіктер
Диалогтар мен жазбаларға арналған пайдалы сөздер:

- Ашық тұқымды өсімдіктер –…

- Жабық тұқымды өсімдіктерге жатады…

- Гаметофит ашықтұқымды / жабық тұқымды........... болып табылады

- Спорофит деп …

Дағдылар

Коммуникативтік(жұптық және топтық жұмыс)

Пәнаралық байланыс

География-материктерде өсімдіктердің таралуы

Құндылықтар дарыту:



өмір бойы білім алу, сыйластық, қарым-қатынаста болу

Бастапқы білім


Оқушылар міндетті

- тұқымдардың генеративтік мүшелердің құрылысын білу;

-6-сыныптағы тірі ағзалардың функцияларының бірі ретінде көбею мәнін түсіну

-6-сыныптан өсуі мен дамуын ажырата білу және жыныссыз және жыныстық көбеюін сипаттай білу


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин


1-4 мин


  1. Сыныпты ұйымдастыру.

Мұғалім мен оқушылар бір-бірімен амандасады, сыныпта жақсы жұмыс атмосферасын құру, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. «Шақыру» кезеңі.

Өзектендіру, мақсатты болжамдау, мадақтау.

Суреттер/гербарийлер бар өсімдіктердің атаулары (ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер). Сәйкестендіру тесті.
Споралы өсімдіктердің тіршілік циклін зерттедік.

Тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклін зерттейміз.

Оқушыларға түрлі топтағы өсімдіктер суреттері көрсетіледі. Олар өсімдіктерді топтарға бөлу керек.
Мұғалім оқушыларға кеппешөптерді таратып, өсімдіктерді споралы және тұқымды өсімдіктерге бөлінуін ұсынып, ашықтұқымды және жабық тұқымды өсімдіктерге назарын аудартады.
Сабақтың тақырыбы, мақсатын анықтайды. Бағалау критерийлерін талқылау.


Кеппешөп

РРТ


Сабақтың ортасы

5-9мин
9-10 мин

10-21 мин


21-26мин
26-27мин
27-31мин


31-32мин

32-37мин

37-38 мин


(I) Оқушыларға алдыңғы сабақта оқыған терминдерді олардың анықтамаларымен (карточкалармен жұмыс істеу) сәйкестендіру ұсынылады.
Бағалау: өзін-өзі/өзара бағалау. Тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі

Мұғалім оқушылардың қателескенін тексереді. Оқушыларға кері-байланыс береді.
(G) Оқушылар жұптық жұмыста «Шпаргалка» әдісі бойынша оқушыларға мәтінді оқу ұсынылады. Оның мазмұнын суреттердің, шартты белгілердің немесе схемалардың көмегімен беру қажет. Бұл шпаргалка мәтінді ойнату керек. Бұл шпаргалкалар (оқушылардың аты-жөндері жазылу керек) сыныптың басқа жұптарға беріледі. Содан кейін оқушылар өз қалауы бойынша мұғалімге келіп, сыныптың алдында шпоргалканы(постерді)қорғайды. Мұғалім сыныппен бірге, үздік шпаргалка мен баяндамашыларды атап өтеді.

Тапсырмалар:

Оқушылар 2 топқа бөлініп, Топтың ішінде 3 жұпқа бөлініп, төменгі тақырыпты қарастырады:

Оқушылар морфологиялық ерекшеліктерін зерттейді

Дескриптор:

1) Жаңа тақырыпты оқу, мазмұнын жұпта, кейін топта талқылайды(3мин).

2)Тақырыптарды өзара бөлу(1мин)

3) Әр жұпта шпоргалканы дайындау(8мин)

4) Қарсылас топтармен шпоргалкамен алмасып, критерий бойынша мұғаліммен бірге ең үздік шпоргалканы таңдайды(1мин).

5) Шпоргалканы (Постерді) қорғау (3мин)

Саралау:

Жаңа тақырып бойынша қиналған оқушыларға(Қабілеті төмен деңгейдегі оқушы) жеке келіп, түсіндіреді. Ақпаратты көздерін пайдаланады: мәтін, бейнежазба, құрдастардың түсіндірілуі.

Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын сыныппен бірге ең үздік шпоргалканы таңдайды.

(D, I) Мұғалімнің ашық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінің сызбасын көрсетуі (бейнежазбаны қарау).

Сонымен қатар, оқушыларға үлестіру материалындағы ашықтұқымды өсімдіктерінің өмірлік циклының сызбасын толтыру ұсынылады.

(тайм-менеджментті сақтау арқылы өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту)

Бағалау: сызбаның дұрыс орындалуын тексеру
(D, I) мұғаліммен жабық тұқымды өсімдіктерінің өмірлік циклының сызбасын көрсету (бейнежазбаны қарау).
Сонымен қатар оқушыларға үлестіру материалындағы жабылған тұқым өсімдіктерінің өмірлік циклының схемасын толтыру ұсынылады.

(бақылау және ақпарат жинау жолымен зерттеу дағдыларын дамыту; тайм-менеджментті сақтау арқылы өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту)

Бағалау: сызбаның дұрыс орындалуын тексеру

Әр балаға карточкалар

РРТ

Таратпа материал

РРТ

Қарағайдың тіршілік циклі: (бейнежазба+сызба)

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/ashyqtuqymdylar

Гүлді өсімдіктердің тіршілік циклі:

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/gulder-dander-zhane-zhemister сызба

Сабақтың соңы
38-39 мин

39-40 мин


Үй тапсырмасы:

- "мен – бақ-бақ гүлімін" ертегісі (Критерий: өсімдіктің өмірлік циклін сипаттау; 200 сөз min)

- Ашық тұқымды және жабық тұқым өсімдіктерінің салыстырмалы кестесін толтыру (қосымша)

Рефлексия «Жетістік баспалдағы»





РРТ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




1. Оқушыларға әр түрлі мөлшерде қолдау көрсету: қабілеті жоғары оқушыларға аз қөңіл бөлу, төмен деңгейдегі оқушыларға көп көңіл бөлу керек.

2. Сызбалармен жұмыс атқару кезінде, қабілеті жоғары оқушыларға аз қөңіл бөлу, төмен деңгейдегі оқушыларға көп көңіл бөлу керек..

3.Жаңа тақырып бойынша қиналған оқушыларға(Қабілеті төмен деңгейдегі оқушы) жеке келіп, түсіндіреді. Ақпаратты көздерін пайдаланады: мәтін, бейнежазба, құрдастардың түсіндірілуі.

4. Тақтадағы интерактивті тапсырманы төмен деңгейдегі оқушымен жұмыс жасау.

  1. Сыныппен бағалау(шпоргалка әдісі);

  2. Өзара бағалау(жұппен жұмыс кезінде);

  3. Мұғалімнің бағалауы (Сызбалармен жұмыс)


1. Оқушылардың сабақ барысында дұрыс отыруын қадағалау.

2. Жұптық жұмыс кезінде оқушылардың қимыл-қозғалыстарының қауіпсізігін қадағалау.

3. Көру қабілеті төмен оқушылар алдыңғы партада отырады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Венн диаграмма

Қос жарнақты

Ұқсастығы

Дара жарнақты

1. Екі тұқым жарнағы бар

2.Қабығы суға жібіткенде тез сылынады

3.Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады

1. Тұқым жарнағы бар

2. Қабығы тығыз

3. Ұрық:

- сабақша;

- тамырша

- бүршікше

1. Бір тұқым жарнағы бар

2.Қабығын суға жібіткенде ажырату қиын

3.Қоректік зат эндоспермде жиналады





Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Сергіту сәті

2 минут

«Қаражорға» биі

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Тест тапсырмалары: 2мин

1.Дара жарнақтыларда қор заттары жинақталған бөлік:

А.ұрық В.қабық С.эндосперм

2.Үрмебұршақ тұқымының жеміске бекінген жері:

А.тұқым кіндігі В.тұқым қауызы С.тұқым жарнағы

3.Тұқымында екі тұқым жарнағы бар:

А.дара жарнақтылар В.тұқым С.қос жарнақтылар

4.Дара жарнақты өсімдіктер:

А.арпа, бидай В.асқабақ, күнбағыс С.асбұршақ, соя

5. Тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі:

А.гүл В.тұқым С.жеміс

6.Тұқымында бір тұқым жарнағы бар:

А.қос жарнақтылар В.дара жарнақтылар С.тұқым

7.Тұқымды кеуіп кетуден, зақымданудан сақтайды:

А.ұрығы В.қабығы С.жарнағы
Бағалау парағы 2мин


Ұпайы


Бағасы

15-18

«5»

12-14

«4»

8-10

«3»




«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады.

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі


Шеңберге отырғызу, доп.


Бағалау
5 минут

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Қар кесегі» әдісі

«Ыстық орындық» орындық әдісі

«Ойлан –жұптас – бөліс» әдісі

«Шеңбердегі доп» әдісі

Балл














































































































«Сабақтағы проблемалар» кестесі


Қиындықтар

Себебі

Шешімі












Бағалау парақшасы

Сабақтағы проблемаларкестесі


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

Көмеккөрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

Уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?




№9

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1С Тірі ағзалардың көп түрлілігі

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Буынаяқтылар және хордалылар типтері. (жаңа тақырыпты меңгеру)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.1.4 Буынаяқты және хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Буынаяқтылар кластарының ерекше белгілерін анықтау;

  • Хордалылар типі кластарының ерекше белгілерін анықтау;

  • Буынаяқтылар мен хордалылардың ерекшелігіне қарай ажырату.

Бағалау критерийлері

  • Буынаяқтылар және хордалылар типінің класс өкілдерін ажырата алады;

  • Буынаяқтылар типіне тән ерекшеліктерді атайды;

  • Хордалылар типінің негізгі ерекшеліктерін атайды;




Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жануарлар патшалығына тән таксондарды жазып, жіктейді

Омыртқалылардың омыртқасыздардан айырмашылықтарын атайды

Буынаяқтылар және хордалылар типіне тән ерекшеліктерді ажыратады
Негізгі ерекшеліктерді пайдалан отырып, дихотомиялық кілт құрастырады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Буынаяқтылар, шаянтәріздестер, өрмекшітәріздестер, бунақденелілер, хитин, хорда, түкті жамылғы, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Буынаяқтылар деп аталу себебі............

Буынаяқтылардың денесін ........ қабықпен қапталған.

Хордалыларда ........................ болады.

Буынаяқтылардың хордалылардан ерекшелігі, оларда ............ болмайды

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриоттық және азаматтық позиция айналадағы жануарлар әлеміне қамқорлық танытуға, қорғауға алынған жануарларды танып білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Тіршілік ету ортасы туралы ақпарат арқылы география пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

7 сынып бағдарламасынан оқушылар жүйелеуге анықтама бере біледі. Оқушылар «тірі ағзалардың көптүрлілігі» тарауынан жергілікті жердің экожүйесін, біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттап және тірі табиғатты бес патшалыққа жіктей алады

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Суреттегі ағзаларды не біріктіреді? сұрағы арқылы буынаяқтылар типінің 3 класы өкілдерінің ортақ белгілерін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Бұл тапсырма оқушылардың жануарларды ажырата білудің жолдарын қарастыруына ықпал етеді.
Буынаяқтылардан басқа қандай типтерді немесе кластарды білесіздер деп сұрай келе желілер типіне тоқталу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатты анықталады.

Бағалау критерийлерін талданады.


1 слайд



Сабақтың ортасы

4-10 мин

Оқушыларға буынаяқтылар мен хордалы жануарлардың түрлі суреттері бойынша салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау тапсырмасы ұсынылады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар екі типтің клас өкілдерін қандай белгілері бойынша салыстыруға болатынын анықтайды.

2 - слайд

11-27мин


Оқушылар жауабы талқыланғаннан кейін тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар немесе суреттер мен плакаттар, РРТ ұсынылады.

Оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелері таныстырылады.

Оқушылар берілген ресурстардың көмегімен буынаяқтылар мен хордалылар типтерінің клас өкілдеріне тән ерекше белгілерін анықтайды.

Жұмыс парағындағы сұрақтарға жауап бере отырып зертханалық жұмысты орындайды.

4-7 слайдтар

2-қосымша

тұлып, жәндіктер топтамасы, ылғал препараттар, суреттер, плакаттар


28-38 мин


Буынаяқтылар мен хордалылар типінің клас өкілдерін атай білу үшін кесте толтыру ұсынылады.

3-қосымша

Сабақтың соңы

39-40 мин


Кері байланыс

Мен үшін қызықты

Мен үшін күрделі

Мен осы сабақта өзіме …………..қоямын, себебі ………

Кері байланыс тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі. Мысалы, тақырып бойынша жақсы түсінген, қызықты, күрделі материалдарды атайды. Сұрақтар туындаса жауап беріледі.



9 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір алғыр оқушылар жәндіктер немесе омыртқасыздар деп жіктеген тобын тағыда 3 топқа (өрмекшітәрізділер, бунақденелілер, шаянтәрізділер) жіктеу тапсырмасы ұсынылады.

Сұрақтарға жауап беру қосымша тапсырмасын орындау ұсынылады

Үлгерімі төмен оқушыларға буынақтылардың негізгі сипаттамалары қосымша беріліп, соларға сүйне отырып, тапсырмаларды орындау ұсынылады

Кейбір оқушыларға қосымша сұрақтар арқылы кластарды бір-бірімен салыстыру тапсырмасы ұсынылады (3-қосымша)

Кейбір оқушыларға жануарлардың ғылыми атауларын тауып жазу тапсырмасы ұсынылады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Тақырып бойынша жұпта жұмыс істеуде

Кері байланыс – жануарлар түрін анықтау арқылы

Жұмыс парағындағы сұрақтарға жауап берулері бойынша

Зертханалық жұмысты қорытындылау бойынша

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Ылғал препараттар мен жинақтар, тұлыптармен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі.

Оқушылар зертханалық жұмыс кезінде белсенді қимылдар жасайды.