Файл: 8 А. Жасушалы биология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


№12


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Асқорыту жолының аурулары

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының мен астан уланудың себептерін анықтау


Сабақтың мақсаты

Асқорыту мүшелерінің ауруларының:

-себептерін

- алдын алу жолдарын білу


Бағалау критерийлері

  • асқорыту жүйесінің ауруларын атайды

  • асқорыту жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

асқорыту жүйесінің ауруларының себептерін, аурулардың алдын алу шараларын ауызша жазбаша түрде сипаттап түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

ішек құрт аурулары, аскаридоз, энтеробиоз, холера, дизентерия, астан улану, ботулизм, гастрит, панкреатит.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Асқорыту жүйесінің ауруларына: …,…, ...,… жатады.

Дизентерияның себебі....

Адам холераны ....жұқтырады.

Ботулизмның ...себептен болады.

Аскаридоз адамға... арқылы жұғады.

Энтеробиоздың алдын алу үшін...қажет.

Гастритті болдырмау үшін...қажет.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Аурулардың белгілеріне байланысты химиялық заттарды, кейбір процесстерді қарастыру арқылы химия пәнімен, аурулардың туындау себептері, алдын алу жолдары туралы білім арқылы физика пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі болып табылады (6 сынып)

Асқорыту жүйесінің құрылысы туралы – 8 сыныпта қоректену тарауынан біледі.


Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Тақырыптың өзектілігін ашу үшін:

Youtube.com сайтынан асқорыту мүшелерінің аурулары туралы бейнефильм көрсетіледі.

Мұғалім оқушылардан асқорыту жүйесіндегі аурулардың не себепті пайда болатынын сұрайды.

Әр оқушы өз ойын айтып талқылайды.

Бүгінгі сабағымыз не туралы деп сұрай келе сабақтың тақырыбын ашу. Ендеше бұл аурулар туралы қандай ақпарат әр адамда болуы тиіс деп талқылау жүргізе отырып, сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.



https://www.youtube.com/watch?v=_Nvx0denEoA

2 - слайд

Сабақтың ортасы

4-11 мин

Оқушылар топтарда жұмыс жасайды.

Оқушылар ауру аты жазылған парақшалар бойынша топтарға бірігеді. Ақпарат жазылған парақшалар мен ғаламтор желісі, РРТ, видеоматериалдарды пайдаланып, әр топ ауызша түсіндірме дайындайды. Мүмкін болған жағдайда кейбір оқушыларға видеоматериалдарды ноутбукте қарау ұсынылады.

1-топ: Гастрит

2-топ: Гепатит

3-топ: Астан улану (ботулизм)

4-топ: Ішектің жұқпалы аурулары

5-топ: Ішекқұрт аурулары (аскаридоз, энтеробиоз);

6-топ: Крон ауруының

себептері мен алдын алу жолдарын зерттейді.

Бағалау критерийлері:

- регламент сақтау;

- ақпаратты түсінікті жеткізу;

- кілт сөздерді пайдалану.

Әр топтың ауызша түсіндірмелері тыңдалады. Оқушыларға қажетті ақпараттарды жазып алу ескертіледі.

1 - қосымша

3-4 слайд


12-33мин



Алған білімдерін бекіту, өмірмен байланыстыру мақсатында рөлдік ойын ойнау ұсынылады. Оқушыларға рөлдік ойынға дайындалуға уақыт беріледі.

Әр топта 3 ойыншы болады:

1 ойыншы – емделуші

2 ойыншы – дәрігер

3 ойыншы – кеңес беруші

Емделуші: өзіне берілген ауру түрінің барлық белгілерін айтып көрсетеді.

Дәрігер: Аурудың белгілеріне қарап, аурудың түрін анықтайды / диагноз қояды/ және аурудың пайда болу жолдарын айтады. Аурудан емделу жолдарын айтады.

Кеңес беруші: Аурудың алдын алу жолдарын айтып, кеңес кітапшасын ұсынады.


5-6 слайд


34-38 мин


Оқушылар әр қатысушыға рөлдік ойынның соңында сәйкес түсті стикерлерді береді. Рөлдік ойынды бағалау үшін рубриканы қолданады. Рөлдік ойыннан соң әр оқушылардың жинаған стикерлерін санап қорытынды шығарылады.

3- қосымша

7-слайд


Сабақтың соңы

39-40 мин



Кері байланыс

«3 себеп»

Мeн ... түсiндiм, сeбeбi ......

Мeн ...түсiнбeдiм, сeбeбi ......

Мeнiң өмiрiмe ..... туралы aқпaрaт қaжeт, сeбeбi.....

Үйге тапсырма: «Ішекқұрт ауруларының алдын алу» тақырыбында бюллетень құрастыру.

8 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға бейнефильм (визуал) көрсетіледі. Кинестетик ерекшелігін мәтіндермен жұмыс жасау барысында ескеріледі.

Сабақ барысында рөлдік ойын кезінде әр оқушы өз мүмкіндігі мен қабілетін көрсете алады.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген сұрақтарға сын тұрғысынан ойланып жауап бере алады.

Кейбір оқушыларға қосымша бағыттаушы сұрақтар түрінде көмек көрсетіледі

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Талқылау кезіндегі жауаптары

Тірек сөздерді қолдана отырып жүйелі түрде сипаттай алуы

Ауызша түсіндіруі кезінде

Рөлдік ойынға қатысуы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Топтық жұмыс кезінде тәртіпті сақтау.

Рөлдік ойын кезінде қауіпсіздікті сақтау ескертіледі.

Рөлдік ойын кезінде оқушылар белсенді қимылдар жасайды.



№14


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау

(зертханалық жұмыс)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.2.7 - азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Сабақтың мақсаты

  • азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Бағалау критерийлері

  • Жұмыстың мақсатын құрады;

  • Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасайды;

  • Көкөністер мен жемістердің құрамында С дәруменінің болуын анықтайды;

  • Деректерді дұрыс жинай алады;

  • Деректерді өңдей алады;

  • Нәтижені көрсете алады

  • Нәтижеге талдау жасай алады;

  • Қорытынды жасайды.




Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

С дәруменінің азық-түлік құрамында кездесуін анықтау барысында деректермен жұмыс жасау, график тұрғызу, талдау жасауды жазбаша орындайды.

С дәруменінің маңызы, түрлі үлгілерде кездесу мөлшері туралы ауызша талқылаулар жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

С дәрумені, йодометрия әдісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

С дәрумені...құрамында көп, себебі...

Йод тамшысының саны ... болғандықтан ерітінді түсі... боялды.

С дәруменінің мөлшері... аз, себебі...

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету, құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

С дәруменін анықтауда химиялық ерітінділердің қолданылуы және йодометрия әдісінің қолданысы арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 5-сыныптың «Жаратылыстану» пәні бойынша қоректенудің тірі ағзалардың басты қасиеттерінің бірі екенін,7-сыныптан әртүрлі ағзалардың қоректену типтері, азық-түлік өнімдерін органикалық заттардың болуына тестілеуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин


Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға азық-түлік өнімдерін құрамындағы С дәруменінің мөлшерін болжау тапсырмасы ұсынылады. Азық-түлік өнімі РРТ –да көрсетіледі, оқушылар ондағы С дәруменнің мөлшері көп деп ойласа орыннан тұрады. «Аз» деп ойласа орнында қалады. Оқушылардан жауаптарын негіздеу сұралады. Бұл тек болжам, ал ғылыми тұрғыда оны қалай дәлелдеуге болады екен деп жаңа тақырып таныстырылады. Бұл тапсырма зертханалық жұмыстың болжамын жасауға көмектеседі

Бағалау критерийлері талданады.


1-7слайд

Сабақтың ортасы

4-10 мин


Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулықтар береді.

Зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады.

Осы құрал-жабдықтардың қайсысы қандай қатер көзі бола алады деп, қауіпсіздікті талдау қажет. Мысалы, оқушылар йод ерітіндісін атап, ол көзді тітіркендіруі мүмкін десе, оны төгіп алса киімді бүлдіреді дегенді, сынауықты атаса оның қауіптілігі орташа, сындырып алған жағдайда сынықтарын қолмен ұстамау қажет деген сияқты толықтыра отырып, кейбір қатер көздерін оқушыларға толтыру тапсырылады.
Бюреткамен жұмыс бірінші рет жасалатын болғандықтан онымен жұмыс жасауды түсіндіру үшін көрсету қажет.

Жұмыс барысын мұқият оқып шығу тапсырылады.

Жұмыс барысы түсініксіз болған жағдайда видеоматериалды көр сетуге болады.

Әсіресе есептеу жолдарына тоқталу жөн.



Жұмыс парағы

8-13 слайдтар

11-29мин


«Азық-түліктің құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтау» зертханалық жұмысын орындау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар алдымен азық-түлік өнімдерінен ерітінділер дайындайды. Осы ерітінділерді йодометрия әдісімен С дәруменінің болуына тестілейді. Нәтижені кестеге толтырады. Алынған деректерді формуланы пайдалана отырып, есептеп, өңдейді.



2-қосымша


30-32


  • Қорытындылар талданады.







33-38 мин


Дәрумендерге байланысты қосымша тапсырмаларды орындау ұсынылады.

3-қосымша


Сабақтың соңы

39-40 мин


Кері байланыс



  • Бүгін не білдім……….

  • Қызықты болған ақпарат...........

  • Қиын болды...........

  • Өмірде ...қолданамын.

Үй жұмысы:

С дәрумені, оның әртүрлі азық-түлік құрамындағы мөлшері туралы ақпаратты оқу

14-15 слайд

1-қосымша

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Саралау үшін кейбір оқушыларға өз нәтижелерін сыныптастарының нәтижелерімен салыстырып, талдау жасау, басқа шырындарды тестілеу ұсынылады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Жеке жұмысты бағалау

Оқушының дербес жұмыс жасауы, көздеген нәтижеге қол жеткізуі

  • Жұмыстың мақсатын құруы;

  • Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасауы;

  • Көкөністер мен жемістердің құрамында С витаминінің болуын анықтай алуы;

  • Деректерді дұрыс жинай алуы;

  • Деректерді өңдей алуы;

  • Нәтижені көрсете алуы

  • Нәтижеге талдау жасай алуы;

  • Қорытынды жасауы.




Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.

Бұл жұмыс үшін халат киіп, оның түймелерін толығымен салу сұралады. Себебі киім бүліну қалуы мүмкін. Қолға қолғап кию маңызды, себебі кейбір ерітінділер қауіпті. Көзді тітіркендіретін ерітінділер қолданылатындықтан көзілдірік кию маңызды.

Зертханалық жұмысты орындау кезінде оқушылар белсенді қимыл-қозғалыста болады.



№15 ТЖБ

№16


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1D Қоректену


Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жұқпалы аурулар. (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.4.3.1 қарапайымдар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар мен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • «жұқпалы аурулар» түсінігін білу;

  • жұқпалы ауруларды тудыратын қоздырғыштарды ажырату;.

  • вирус, бактерия, қарапайымдардың әсерінен туындаған аурулардың белгілерін сипаттау;

  • жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын ұсыну.

Бағалау критерийлері

  • Жұқпалы аурулардың түрлерін біледі.

  • Қарапайым, бактерия, саңырауқұлақ және вирустардан

  • Жұқпалы аурулардың жұғу жолдарын (2-ден кем емес) сипаттайды.

  • Жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бактериялардан туындайтын аурулар туралы бейне көрсетілім тыңдайды. Жұқпалы ауруларды анықтап, ерекшеліктерін сипаттап, алдын-алу шараларын топта талқылап, тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша, жазбаша сипаттайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология

Дизентериялық амеба, амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшманиоз, герпес.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Жұқпалы ауру дегеніміз .............................

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары...

Ұшықты... қоздырады.

Дизентерияның белгілеріне... жатады.
Дизентерия судағы Х...... әсерінен пайда болады – суды қайнатып ішу керек.

Лейшманиоз ...У әсерінен туындайды.

Құндылықтарды дарыту

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Жұқпалы аурулардың туындау себептеріне байланысты токсикалық заттар туралы түсінік арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сыныптың «Микробиология және биотехнология» бөлімінен микробиология өнімін, антибиотиктер мен дезинфекциялаушы құралдардың қолданылуын, вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін, ірімшік және йогурт өндірісін, бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушыларға ұсынылған суреттердегі ағзалардың ортақтығы неде? Екенін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар өз таңдауларының себептерін түсіндіреді. Микроағзалардың маңызын талқылайды. Олардың зиянын айтқан кезде олардың көпшілігінің патогенді екеніне тоқталуы қажет. Патогендер тірі ағзаларда ауру тудырады деген қорытындыға келеді. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай сұрағы арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Жұқпалы аурулар туралы нені білу қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.


1 -2 слайд



Сабақтың ортасы

4-12 мин

Оқушыларға жұпта жұқпалы аурулар түрлерін зерттеу ұсынылады. Ол үшін ақпарат парақшалары, мүмкін болған жағдайда ноутбуктер, интернет желісі, видеоматериалдар ұсынылады.

1 - қосымша

13-23мин


Оқушылар топтарда төменгі сынып оқушыларына арналған ақпараттық парақшалар жасайды.

Критерийлер:

  • ауру қоздырғышы

  • белгілері

  • алдын алу шаралары көрсетілген

  • суреттері бар

  • түрлі-түсті

  • қысқа нұқса түсінікті әрі қызықты.


Дескрипторлар:

Аурудың қоздырғышын атайды

Аурудың белгілерін сипаттайды

Аурудың алдын алу шараларын көрсетеді

Қорытынды жасайды


4-9 слайд

10 слайд


24-27 мин


Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Бірінші топ төменгі сынып оқушылары. Екінші топ оларға жұқпалы аурулар туралы кітапшалар ұсынушы 8-сынып оқушылары. Төменгі сынып оқушылары алдын ала түрлі сұрақтар дайындап алады. Әр кітапшаны тыңдаған кезде сұрақтар қояды.





28-38 мин

Жасалған кітапшалардың көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз кітапшаларын қорғайды.
Бағалау критерийлері:

1. Түсіндірмелер нақты, түсінікті таныстырылады

2. Кітапшаның өзектілігін аша біледі

3. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алады.

4. Қызықты, әрі тақырыпқа қатысты, өмірмен байланысты сұрақтар қоя алады.

11 слайд

Сабақтың соңы

39-40 мин



Кері байланыс:

Бүгінгі сабақтан....білдім.

Бүгінгі сабақтан...түсіндім

Бүгінгі сабақтан соң...толықтырамын.

Үйге тапсырма: Жұқпалы аурулармен ауырмау үшін не істеу керек? (шағын брошюра дайындау)

12 слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғарырақ оқушыларға тереңдетілген тапсырмаларды орындатуға болады (2-қосмыша)

Кейбір оқушыларға аурудың басқа түрлерін зерттеуді ұсынуға болады(3 қосымша)

Кейбір оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіледі

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жауаптары

Ақпарат жинақтау кезіндегі зерттеушілік дағдылары

Кітапшалар дайындау кезінде дескрипторлар мен критерийлердің орындалуы

Көрме кезіндегі сұрақтарға жауап беру, сұрақтар қоя білу, таныстырылымы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Көрме кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет.

Оқушылар көрме ұйымдастыру кезінде белсенді қозғалыстар жасай алады.