Файл: Сыныптан тыс шара таырыбыТуелсіздік лы дала рпатарына аманат Шараны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.






Сыныптан тыс шара тақырыбы:«Тәуелсіздік» – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» Шараның мақсаты: Жасөпірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету. 
Көрнекілігі: «Тәуелсіздік» туралы баннер, бейнебаян, слайдтар, т.б. 
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу. 
Кіріспе:«Мәңгілік ел» видеожинағы http://bilimland.kz/kk#lesson=18618 сайтынан
Көрініс. (Ақырын басып бір әже шығады. Орындыққа келіп демалып отырады. Осы кезде немересі шығады).  Қыз бала жүгіріп әжесіне келеді. 


Қыз бала: Әже-әже, не істеп отырсыз? 
Әжесі:Ой құлыным, мен ұршық иіріп отырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың. 
Қыз бала: Әже,әже, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне орай сыныптан тыс шара өткізуге дайындалып жатырмыз. Әже, «Тәуелсіздік» деген не? 
Әжесі: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға міне биыл 25 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір! 
Қыз бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе? 
Әжесі: Айта ғой,құлыным! 
Қыз бала: 
Күміс күй мен әнге толып тұла бой, 
Қуанышқа кенелтеді асыл ой. 
Шаттандырған баласы мен бабасын, 
Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той. 
Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін. 
Қыз бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы, шаршадым. 
Әжесі: Ұйықтай ғой, құлыным. 
Қыз бала:(Түсінде «Алтын адамды» көреді) Сәлематсыз ба ,ата! Сіз кім боласыз? 
Алтын адам: (интербелсенді тақтадан «алтын адам» көрінеді , ол қыз балаға тіл қатады)


Мен сендердің бабаларың болам. 
Аман қалған шабуылдан жүздеген, 
Батыр халық екенбіз ғой біз деген. 
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен, 
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген. 
Өзіңдікі-елің де, 
Өзіңдікі- жерің де. 
Өзіңді-өзің еткен бақ, 
Тәуелсіздік төрінде. 
Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. 
Қыз бала ұйқысынан оянады. 
Қыз бала: әже,әже, қайдасың? 
Әжесі:Оу,құлыным,не болып қалды? 
Қыз бала: мен түс көрдім. 
Әжесі: Піссімілла,піссімілла айналайын, қандай түс көрдің? 
Қыз бала: Мен түсімде Алтын Адамды көрдім.Ол маған жанып тұрған шырақ берді. 
Әжесі: Оу,құлыным жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген- бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі. Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр. 
1-жүргізуші: Армысыздар, тәуелсіз Ұлы дала ұрпақтары! 16 желтоқсан «Тәуелсіздік» күніне орай  6 «а» және 7 «а» сыныптарының «Тәуелсіздік» – Ұлы дала ұрпақтарына

аманат» атты сыныптан тыс шарасына қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші: Қайырлы күн, Тәуелсіз мәңгілік қазақ елінің азаматтары! Ата-бабамыз арман еткен, өз өмірін қия отырып, алып берген тәуелсіздігіміз баянды болғай! Шарамыздың алғашқы сөзі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беріледі.

1-жүргізуші: 
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Құшақ жая таныстым сан тіліммен. 
Жаман үйді қонағы билейді деп, 
Қала жаздап айырылып өз тіліммен. 
Өзге тілге еліктеп ел болмайық, 
Қазағымның артық жоқ өз тілінен. 
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын, 
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың. 
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, 
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым. 
2-жүргізуші: 
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым өмірге, қайта келдім. 
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске 

Айта бергім келеді, айта бергім. 
Ұлы аманат етейін еркіндікті, 
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте 
Аңсаймын мен сенемін туады ертең, 
«Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті. 

1-жүргізуші: 
Өлеңнің сөз маржанын терейінші, 
Алқадан сөз бастап бір берейінші. 
Қазақтың мың толғаған күйі болып, 
Қобыз боп құлақтарға енейінші. 
Бабалар армандаған – тәуелсіздік, 
Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік. 
Еркіндік, елдікберген – тәуелсіздік. 
Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік. 
2-жүргізуші: 
Тәуелсіздікелімніңсөнбесшырағы, 
Сарқылмайтынқазағымныңбұлағы. 
Тәуелсіздік – қасиеттіұғым, ұлысөз, 
Көкаспандақалықтағанқыраны. 
Тәуелсіздік – баршамызғажарықкүн, 
Тәуелсіздік – баршамызғатыныштүн. 
Арайлапатқанкүн мен батқантүннің, 
МазмұныӘнұрандашырқалыптұр. Гимн орындалады.


(Бейнебян жалғастырылады). 
1-жүргізуші: 
Келді алдыңа алыстағы азат күн, 
Өзіңді өзге елдің шырмауынан босаттың. 
Намысыма тиме менің адамзат, 
Өйткені мен қайсар жүрек қазақпын. 

2-жүргізуші: 
Еңсеңді көтер, жазира дала жерің бар, 
Туыңды көтер болашақпен жастарға деген сенім бар. 
Түспесін сенің еңсең мен туың әрқашан, 
Өйткені, тәуелсіз Қазақстан деген елің бар. 

1-жүргізуші: 
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 
2-жүргізуші: Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін

ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі - тәуелсіздік сөзі.
Оқушы-- Зарина :

Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау! 
Шыдамадым қапасқа, 
Кеңшілікке қаштым. 
Көндікпедім матауға, 
Асау атша бастым. 
Уһ, шырқап, зымырап, 
Сұңқардай зулап ұшайын! 
Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. 



Оқушы-- Ұлдай : 
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. 
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Енді Тәуелсіздік шежіресіне көз жіберейік: 

(Сыныптағы 25 оқушы кезекпен орындарынан тұрып. Әр оқушыда бір

жылдан, олар сол жылдардағы Тәуелсіздіктің жеткен жетістіктері туралы айтады. 
1991 -2016 жылдар шежіресіне тоқталады.Слайд көрсетіліп тұрады)


Ұлдай. 1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы».1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланды. 16 желтоқсанда ҚР-сы егеменді тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 
Арман. 1992 жылы
«Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы» өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси-экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен бірге 1992 жыл КСРО-ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. 2 наурызда ҚР-сы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4 маусымда ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері дүниеге келді.
 
Алина. 1993 жылы
«Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды». 28 қаңтарда ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 18 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ҚР-ның ұлттық валютасы теңге айналымға енгізілді. 
Нұрдәулет. 1994 жылы
«Халықаралық Отбасы жылы» деп жарияланды. Жоғарғы Кеңес пен Маслихаттар сайлауы өтті. 25 қарашада екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаевтың халықаралық экипажы «Союз ТМ-19» ғарышқа сапар шекті.
Раушан. 1995 жылы
«Ұлы ақын Абай жылы» деп жарияланды. 25 қаңтарда Қазақстан ТМД-ға бейбітшілік пен тұрақтылық туралы бітімге қол қою жөнінде бастама көрсетті. 30 тамызда екінші рет тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданды. Президент

Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Н.Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының ашылу рәсімі өтті.
Батырхан. 1996 жылы
«Бейбітшілік пен рухани татулық жылы» деп жарияланды. Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерей тойы атап өтілді, 16 желтоқсанда Алматықаласында Тәуелсіздік монументі ашылды. Қазақстан ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше бола отырып, өзінің саяси қатынастардағы орнын айқындай түсті. Гүлдәр. 1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы». Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАН-2030» Ұлттық ерекшелігі зор «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңы бекітілді. ҚР-ның астанасы Астана қаласына көшірілді және Астана ресми түрде Қазақстан астанасы мәртебесіне ие болды.

ЗАРИНА. 1998 жылы«Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» . Астана қаласының ашылу рәсімі болды. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы қабылданды.
Зарина. 1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы».
Анеля. 2000 жылы «
Мәдениетті қолдау жылы». 16 қыркүйекте Сиднейде ХХҮІІ жазғы Олимпиада ойындарының тұсауы кесілді. Ардақты спортшыларымыз Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов, Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков олимпиаданың алтын, күміс медальдарына ие болды. 19 қазанда Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы өтті. 
Мержан. 2001 жылы
Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды. 21 ғасыр техника ғасыры болғандықтан, Қазақстан бұл сала бойынша да өзіндік даму жолын айқындай түсті. Қазақстан әлемде өндірген газ саласы бойынша 15, ТМД елдері арасында 4

орынды алатыны жарияланды. 


Алина. 2002-2003 жылы «Денсаулық жылы» деп жарияланды. 2003-2005 жылдар «Ауылды қолдау жылдары деп жарияланды. 2003 жыл – мемлекеттік деңгейде қабылданған оралмандардың тарихи отанына оралуы бағдарламасының қабылдануымен маңызды. Беларусь, Қазақстан, Ресеймен Украина біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мәлімдемеге қол қойды. 
АРУЖАН.6а сынып. 2004 жылы
Қазақстан үшін ағымдағы жылды Қазақстандағы Ресей жылы деп жариялау Ресей Федерациясымен қарым-қатынастардың тереңдей түсуінің

көрінісі ретінде қабылданды. Елбасының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін!» Жолдауы Қазақстан Республикасының қарқынды даму жолын айқындады.

Ұлдай. 2005 жыл сайлау жылы болды.
Алина. 2006 жылы
«Қазақстандағы Пушкин жылы». 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат. 2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.
Аружан. 7кл.2007 жылы Елбасымыз Н:Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» Жолдауы жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті, Парламенті, «Сайлау туралы», сонымен бірге «Үкімет туралы» Конституциялық заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойылды.
ҰЛПАН. 2008 жылыАстананың 10 жылдығы тойланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы жарияланды.


Айқын. 2009 жылы «Қазақстанда Украина жылы». Қазақстан екі онжылдық бойы халықаралық аренада сенімге тұрарлық мемлекет құрып келе жатқандығымен сипатталды.

Ерасыл. 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтың ұйымына төрағалық етіп, 4 желтоқсанда Астанамыз Елордада 54 елдің басынқосқан ҮІІ САММИТ өтілді. Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, 2010 жыл біздің еліміз үшін ерекшежыл болды.

ЖАНҰЗАҚ. 2011 жылы қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 70 медаль салынды. 3 сәуір Президенттік сайлау өтіліп нәтижесінде Н.Назарбаев жеңіске жетті. Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды. «Дін туралы» жаңа заң қабылданып,1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өтетін болды. 
Әсма. 2012 жылы . Аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену. 

Асем. 2013 жылы
«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды.
Ақылжан. 2014 жылы. Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. .2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы жарияланды.

Айымгүл. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтілді. 2015 жыл мерейтойларға бай. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталынып өтілді. 2015 жылы тағы бір аталып өтілген шаралардың ең үлкені – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы. Осыған байланысты Елбасы 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. 

Аружан. 2016 жыл. РИО олимпиадасының өтуі. Қазақстан Рио Олимпиадасын 22-ші орынмен аяқтадыРио Олимпиадасының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 17 медаль ұтып алды. Еншімізде 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль бар.

• 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл;Алматы қаласының 1000 жыл толды.

• 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 30 жыл.

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аталып өтіледі.

Еліміз 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек  аралығында өтетін ЭКСПО-2017 –ге дайындық үстінде. Экспо 2017 —Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме



1-жүргізуші: Енді Тәуелсіздік туралы ата-аналарымызға сұрақ қойып көрсек қайтеді? 
2-жүргізуші: Иә, Тәуелсіздік туралы сұрақтарымызды қояйық .

Сұрақтарымызға назар аударыңыздар: 
1-жүргізуші: Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада) 
2-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді?  ( «Жаңа тарих- жарқын тұлға» 
1-жүргізуші: «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Гимн ретінде қай жылы қабылданды?  ( 2006 жылы 7 қаңтар) 
2-жүргізуші: Астана туралы қандай фильм түсірілді? ( «Астана –Отанымыздың жүрегі») 
1-жүргізуші: «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? ( 91 метр, құс мүсінінің салмағы 2,5 тонна) 
2-жүргізуші: Қазіргі Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ қаласы) 
Одан соң, мұғалім шығады: 
Ежелгі қазақ даласындағы елін, жерін қорғау үшін жүргізілген шайқастар, мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.


Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар

емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймыз. Енді, «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінеміз? Соған тоқталайықшы. Кімде қандай ой бар? Көрініс:  (Одан соң сахнаға 11 оқушы шетінен шығады, қолдарында шарлары бар.). 
Бірінші оқушы: «Т»-деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алған

Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген
Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі
Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу
Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысың
Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді
Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға
Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын
Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын
Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына

Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі

Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік,

Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. 

«Бейбіт ел тұрғыны» әнін сынып түгел хормен айтады.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ, бізге.Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде егемендік пен елдіктің береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған бақытты бағалай білу. 
2-жүргізуші: Азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздігіміз баянды болсын! - дей отырып, «Тәуелсіздік» – Ұлы дала ұрпақтарына аманат»» атты сыныптан тыс шарамыздың аяқталғанын айта келіп, қош-сау болыңыздар дейміз.

Шарамыздың екінші бөлімі гүл отырғызу рәсімі.