Файл: азастан републикасыны Оуаарту министірлігі азастан републикасыны денсаулы сатау министірлі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ЖШС

КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТЕМІН

Бөлім меңгерушісі: Басқармасы төрағасыың ТІ

________Д.З.Утеулиева жөніндегі орынбасары

«__» _______2023 ж ______Ш.Б.Кубиева

«__» _______2023ж

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИІ:

«Экология және біз»

Құрастырған: Жумагалиев А.Ж.

Орал қаласы 2023 ж

Мақсаты:
Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру
Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір – біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;
Дамытушылық: Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін – өзі тануға, тіл мәнерін, ой – өрісін дамытуға бейімдеу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

Өтетін орны:302 каб

Көрнекілігі:  Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал

мәтелдер, жұмбақтар.




Өту барысы: (келесі бетте)



І « Тренинг Тез орында»

ІІ Ұйымдастыру бөлімі. 1 Слайд.

1 Мұғалімнің сөзі.Тәрбие сағатының мақсаты мен ерекшелігін айту.

ІІІ Қызығушылықты ояту. 2 Слайд.

Мұғалімнің алғы сөзі:- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасы тәрбие көзі» деп аталады.Отбасы — өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын …. адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.

Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.

Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты-қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен

жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөлеалмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны


іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Адам өмірінде жанұя өте маңызды орын алады. Ежелгі грек философы Сенека дүниеге жаңа келген сәби аппақ, таза параққа ұқсайды: ол жақсы да, жаман да емес. Өсе келе оған қоршаған ортасы: отбасы, достары, мектепте бірге оқитын сыныптастары, туған-туыстары өз колтаңбасын қалтырады, — деген екен. Баланың болашақ өмірінің сәтті, бақытты болуына отбасы ерекше әсер етеді. Балалық шағында ата-ананың мейірімін, сүйіспеншілігін сезінбеген адам ересек өмірінде бақытты, толыққанды болмақ емес. Өйткені бақытты балалық, жанұя – кемелді болашақтың іргетасы іспеттес.


Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?

Отбасы

Ата-ана, әке, бала ,ата-әже.

Отбасы- адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстурлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.


2.Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар?

-Бала тәрбиелеу.

Ата-ана сәби дүниеге келген күннен бастап,оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.

ІV Мағынаны ажырату. 3 Слайд.

1Ой шақыру.

Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана ,әке.

Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй-базар»,- дейді.Өйткені бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.

Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы тікелей отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты.

Баланың жақсысы-ата-ананың абыройы,ары.

Жаманы-қайғысы, азап- соры.

(В.Сухомлинский).

Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады.

Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны

іспеттес.

4Слайд.

Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы Гүлсезімнің әкесіТайпақов Сабырғали Бақтығалиұлы әңгімелейді.

Отбасындағы шаңырақтың тірегі-әке. Отбасының қамқоры, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды.Ер баланың әке-досы, әрі ақылшысы, қыз- баланың қамқоршысы.


5 Слайдта Профессор Ә.Табылдиевтің әке алдындағы міндеттері туралы ойлары жазылған.

Баланы тәрбиелеу баулу-әке мойнына жүктелген тарихи парыз.

Баланы бетімен жіберме..жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. Бас мүлгісе, сүрінеді» әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда үлгі болар,-деген Мұзафар Әлімбаев ағамыз.

Әкенің беделі туралы өз ойларын Маліков Темірланның әкесі Айшуақов Ерлан Малікұлы айтты.

Мақал- мәтелдер.

Әке-асқар тау.

әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.

Әке- балаға сыншы.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды.

Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер.

Махмуд Қашғари.

Гүлмира Ахмадиқызы класс жетекшісі, оқушы, ата-анаға сұрақтар беріп, сауалнама жүргізді.

Үш топқа бөлініп отырған оқушылармен де жұмыстанды.

Сараптама

«Отбасы-тәрбие көзі»

Мақсаты: Оқушыларға қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу, мектеп пен ата-ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға үйрету,жауап беру қабілеттерін дамыту.

Сабағымыз бірнеше кезеңнен тұрды. Сабақ ватсап желісі арқылы болғандықтан оқушылар мүмкіндігінше жауап берді. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?

Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар? Деген сұраққа әр бала жауап берді. Сонымен қатар жағдаяттық сұрақтар берілді. Ұлы ғұламалардың қанатты сөздері айтылды. Ұлы педагог Сухомлинский: «Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым –қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп бағалаған. Барлық өнеге отбасынан тарайды. Бала-ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Бала тәрбиесі-ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқыда алтын қазығы-туған ұясы, өз отанының басындағы ата-ана тәрбиесі, тілі .

Ұлы ағартушы Алтынсариннің “Бақша ағашы” деген әңгімесінде “Бағусыз өз бетіңмен жүрсең, мына ағаш сияқты қисық болып өсесің, ал дұрыс тәрбие алсаң, мына ағаш сияқты түзу болып өсесің”-деп әкесі баласына өсіп тұрған екі ағашты салыстыра отырып, тәрбие туралы. Ендеше мектеп табалдырығын аттаған әр бала иілген жас шыбық. Ал, Абай “Сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеген. Адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеті арқылы көрінеді деген тұжырым жасады. “Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді” – дейді А.С. Макаренко. Кейбір үйлерде жиі кездесетін кемшіліктердің бірі әке мен ана өздерінің мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді. Олар өз балаларынан әдептілікті, ұстамдылықты т.б. осы сияқты жағымды қасиетті талап етеді.Қоғамда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күшеюіне әкеліп соқтыратын құбылыстар да байқалады. Отбасылардың әртүрлі себептерден тұрмыс жағдайларының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы, толық емес яғни, әке не шешесі жоқ отбасылардың көбеюі т.б. Осының бәрі әлемдегі, елдегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының әлеументтендіру институты ретінде жүйенің бұзылуынан екені сөзсіз. Отбасының келелі мәселелері балалардың өздерінде толғандырады.


Жасөспірімдердің ең алдымен өз ата-аналарна ұқсағысы келеді. Балалардың бәрі бірдей өз отбасында жақсы сезінбейді. Отбасындағы келіспеушіліктерден де ата-аналардың көпшілігі балалармен қатаң әңгіме жүргізеді. Соның салдарынан баланы балалықтың әртүрлі сезімдерінен айырады. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесінде ата-ананың біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасындағы тәрбиесінң салдарынан болады. Толық емес жанұяда, ата-ананың біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселені шешуде кейбір адамгершілік психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұяның көбінде ана және бала ғана болады. Отбасы бала үшін бірінші мектеп «сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызбен болашақ азамат өседі»,- деп жазды А.С. Макаренко. Демек, баланың келешегі негізінен отбасы қолында. Өкінішке орай, біздің арамызда қақтығысып қалатын отбасылар әліде болса байқалады. Оның басты себебі: маскүнемдік, жеңіл мінезділік, отбасыдан ата-ананың біреуінің кетіп қалуы. Мұндай шалағайлықтың негізінде ата-аналар өзін-өзі бақылауды тоқтатады, бір-біріне көптеген өкпе сөздер айтады, бірін - бірі кемсітіп, абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Ақыр аяғында олардың мұндай жиі жанжалдасуы төбелеске әкеліп соқтырады. Бұл жағдай бала үшін отбасында ауыр жара туғыздырады, олардың жанын тебірентеді, бала өз үйінен өзі жиіркенетін болады. Ата-ананың әділеттігі мен ізгілігіне тіпті сенімі болмайды. Отбасындағы жауапсыздық, бейқамдық, ұрыс-керіс, жанжал әсіресе, әкенің немесе шешенің маскүнемдігі, төбелесқорлығы балаға жаман үлгі көрсетеді. Ішкілікті жиі қолданатын отбасыларында ата-аналардың нашар қылықтары өз баласына әсерін тигізбей қоймайды. Отбасында ата-ананың біреуінің кетіп қалуына балалар күйзеле қайғырады. Бала жанұяны бүтін бұзылмайтын қамал деп есептейді. Бірақ, кенеттен мүлдем бұзылғанын байқамай қалады. Қай ғасырда болсын тәрбие негізгі мәселе болып саналады. «Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті» деген болатын Платон. Әр қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр.

Педагог ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдеуінше, қиын бала дегеніміз табиғатында дұрыс жаралған дені сау, қабілеті бар бала. Оның өзгелерден айырмашылығы отбасында ойдағыдай жеке дара педагогикалық тәрбиеге зәрулігінде. Қиын баланың бір ерекшелігі олар қыдырымпаз. Тұрақты мекені жоқ бала өз бетінше қаңғып жүріп бөтен облысқа немесе қалаға кетеді. Ондағы балалар да оны таниды
, содан соң бірлесіп қылмысқа кіріседі. Қиын баланың көбі қаңғып жүрген соң, балалар үйіне тапсырылады. Балалар үйінде оларға күтім жасалынады, тамақ уақытымен беріледі. Оған үйренген балалар кейін балалар үйінен кеткен соң өзіне-өзі күтім жасай алмайды, олар тым өкпелегіш келеді және қарым-қатынасы төмен, тіл байлығы жұтаң болып келеді. Сондықтан да олар жұмысқа тұрса да қарым-қатынас жағы қиындық келтіргендіктен ақырында жұмыстан шығып кетеді. Кейбір ата-аналар атбасындағы бірқалыпты өмірдің бұзылуына себепші болады. Отбасын біріктіру және ұйымдастыру балаларды тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналардың өз міндеттерін дұрыс орындамайтындығы байқалады. Осының нәтижесінде қиыншылықтар, керек десе, түзелмейтін қателіктер туады. Бұл жағдай балалардың келешегі үшін қатерлі зардапқа айналуы мүмкін. Отбасындағы жауапсыздық, бейқамдық, әкенің немесе шешенің маскүнемдігі, төбелесқорлығы балаға жаман үлгі көрсетеді. Ішкілікті жиі қолданатын үйлерде ата-аналардың нашар қылықтары өз балаларына әсерін тигізбей қоймайды. Осыған орай А.С. Макаренконың тамаша сөздерін еске түсірейік: «... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз, ал бәрінен жаманы, сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті де жоқ» Мұндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың келешек бағытына нұсқан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып, отбасы ауа райын жақсарту үшін олармен сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

Қалыпты отбасынан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда, Л. Толстой жазған: «Барлық бағытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтыны әрқилы бақытсыз», өзінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қыздарға қарағанда ұл балалардың ішінде девиантты мінезділер анағұрлым жиі кездеседі. Оның дәлелді себебі жоқ емес. Барлық проблема бос уақытты орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде берекесі жоқ отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласыфнан айырылған балалар көшенің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі. Киелі сәті балалық дәуренінің қызығымен осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған-туыстарынан, жақын адамдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар өмірдің басқа жақтан, көлденең көк аттылардың жетегіне еріп, ішімдік пен есірткіге құмартудан бастайды. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады. Қылмыс субьектісіне айналған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жағдайына талдау жүргізгенімізде, олардың жартысынан астамы тұрмысы төмен, толыққанды емес және берекесіз отбасылардан шыққандар болып есептеледі. Қалай болғанда да жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстың алдын-алу, ең алдымен олардың құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Олардың толыққанды білім алуына мейлінше жағдай жасау қажет. Қиын балалардың шығуындағы ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуінің болмауы. Осының бәрі баланың мінез құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Мінез құлықтағы қиындық бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психикалық ерекшелік. Бұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстықтық істер жасауға бет бұрады. М.Әуезов «Азамат қалыптастырамын десең бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. [2]