ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Мектеп: Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 15.12.2022 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Мендешева А.Ш | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: - | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Халық музыкасының интерпретациясы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 5.2.2.1 –музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау; 5.2.2.2 музыкалық бағдарламаларды пайдаланып композицияларды редакциялау және интерпретация жасау; 5.2.1.1 – музыкалық шығармашық жұмыстарды жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және материал жинақтау; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлығы: Дәстүрлі әндер мен заманауи әндерді ажырата алады. Көпшілігі:Музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін идеялар ұсына алады. Кейбіреулері: Музыкалық жанрды, музыкалық ерекшеліктерді атап бере алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | 1) Музыкалық үзіндіге интепретация жасай алады. 2) Дәстүрлі әндерді орындауды заманауи тәсілдермен салыстыра алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.Оқушылар арасында жақсы қарым қатынас орнату.Оқушылар бір-бірін тыңдай біліп басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап ойын жеткізе алу. Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | қазақ тілі, музыка әдебиеті. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Халық музыкасының интерпретациясын пысықтау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
қалыптастыру. Үй тапсырмасын тексеру. Plickers бағдарламасы арқылы тест орындау. Әуенді тап. Қазақтың тұрмыс-салт әндерін қайталау. «Қазағымның дәстүрлері –ай» әнін сұрау. 1.Қайта оралды қазағымның, бүгін дәстүрлері-ай. Көптен күткен халқымыздың,асыл арман еді-ай. Берекелі, қазақ жері -ең, берекелі, Дәстүрлері ырыс болған, қазағымның бұл ежелгі. Қайырмасы: Шілдехана бесік той, Тұсау кесу, сүндет той, Ай, шіркін-ай! Құда түсу, сырға салу. Беташарым-ай! Алтыбақан аясында Сұлу бойжеткен, Қыз, бозбала кең даламды әнмен әсем тербеткен. 2.Ержігітке жарасады, озып шықса бәйгені Қыз балаға жарасады алқа шашбау, сәукеле. Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын. Ата-баба көзіндей ғып сақтайық қазақ дәстүрін. Жаңа сабақ: Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін айтып өту. | аспаптардың суреттері. Интербелсенді тақта https://www.youtube.com/watch?v=PI8Oykh0K2I аудио жазба | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Дыбыстық жаттығу. Халық әні «Беу айдай» тыңдау. 1-Тапсырма. Топтық жұмыс. «Бірге ойлаймыз» әдісімен «Беу айдай» халық әнін дәстүрлі, заманауи әншілердің орындауында әнді тыңдай отырып, кестені толтыру.
2-Тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі Оқушылар жұптасып оқулықтағы «Беу айдай» халық әнінің шумақтарының ішінен екі жолды өлең жолдарын алып шағын музыкалық үзінді шығару. Әннің сөзіне қарай дауысыңызды қолдана отырып интерпретация жасау. 1)Қалам алып қолыма жазамын хат, Өзім арзан болсам да, сөзім қымбат, беу, айдай. 2)Бекер қарап отырған жараспайды, Қара өлеңмен айтайын аз насихат, беу, айдай. 3)Хат жазамын қолыма қалам алып, Сенің берер жауабың маған анық, беу, айдай. 4)Сыбайласым кім болар деп жүргенде, Бәйге атындай тұрыпсың тағаланып, беу, айдай. 5)Қалам алсам қолыма, қарысады, Бәсекемен қос жүйрік жарысады, беу, айдай.
Тренинг «Көңілді әуен» | Оқулық, үлестірмелі карточкалар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Бүгінгі сабақтың бағалау критерийлеріне қайтып оралу. Бағалау критерийлері: 1) Музыкалық үзіндіге интепретация жасай алады. 2) Дәстүрлі әндерді орындауды заманауи тәсілдермен салыстыра алады. Кері байланыс: 1.Бас бармақ – басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 2. Балалы үйрек – бірлесу. Мен жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 3.Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 4. Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 5.Кішкентай бөбек – көңіл – күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім. | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:Заманауи әндермен дәстүрлі әндерді ажырата білуге кесте толтыру. 2:Шағын музыкалық үзінді шығаруды. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Тапсырмаларға дескриптор құру. 2:Кері байланыс жүргізу. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Кейбір оқушылар интепретация жасауда кишкене қиналады. Келесі сабақтарда берілген әнді интерпретация жасауды жалғастыруға жұмыстану керек. |