Файл: абылдаан Абдирамашева К. С орындаанайратызы сел Тобы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті
Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы
Ревматология
БӨЖ
Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі
Қабылдаған: Абдирамашева К.С
Орындаған:Қайратқызы Әсел
Тобы: ЖМ-901F
Түркістан
2022-2023
48 жастағы М есімді науқас Кардиохирургия бөліміне келесі шағымдары бойынша келіп түсті: физикалық жүктемеден кейінгі, кейде тыныштық күйдегі ентігу. Тез шаршағыштық, әлсіздік, жүрек қағу, төменгі бөлімдердің ісінуі, стенокардиялық ұстамалар, тершеңдік.
Анамнезінде: 6 жылдан бері ревматологта ревматикалық жүрек ақауы бойынша қаралады екен. Соңғы 3 айда жүрген кездегі ентігу, жүрек тұсындағы басып, жаншылған ауырсынулар қатты көрініс бере бастағанда жағдайы нашарлаған.
ОбЪективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, көгерулер бар. Нормостеник. Салмағы 68, бойы 173. ЖЖЖ-100, ТАЖ-18. Жүрек тондары І,ІІ әлсіреген.Диастолалық шу естіледі. ЖҰТ күшейген, төмен және солға ығысқан. Ұйқы артерияларының пульсациясы, Мюссе симптомы байқалады.
Эритроциттер- 4.0 , лейкоциттер- 9x10, ЭТЖ- 25, Белок-6, Глюкоза бар.
ЭКГ: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, ST-сегментінің депрессиясы, кейде сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы(P mitral).
ЭХОКГ: аорта қақпақшаларының регургитациясы- 15-30%, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. І дәрежелік Өкпе гипертензиясы.
Рентгенография: Сол жақ қарыншаның үлкеюі, жүрек өлшемдерінің жоғарылауы, аорта бөлімінің кеңеюі, Жүректің аорталық конфигурациясы(отырған үйрек) қалпы көрінуі.
Синдромдар: Буындық синдром.
Астеновегетативті синдром.
Бейспецификалық синдром.
Қабыну синдромы.
Жүрек қақпақшаларының ақауы синдромы.
Диагноз: Аорта қақпақшасының жетіспеушілігі.Ревматизм. Тахикардия. Өкпелік гипертензия І дәрежелі.
Диагностика:
ҚЖА: лейкоциттер жоғарылауы, ЭТЖ жоғарылауы т.б
ЖЗА: Белок жоғарылауы, глюкозаның болуы.
БХА: жалпы белок жоғарылауы т.б өзгерістер
Инструментальді диагностика:
ЭКГ: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, ST-сегментінің депрессиясы, кейде сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы(P mitral).
Жүрек электр өсінің солға ығысуы;
•R – тісшесінің V5-V6 амплитудасының жоғарлауы;
•S – тісшесінің V1-V2 тереңдеуі;
•Sv1 +R v6 >35мм;
•V4-V6 Q тісшесінің тереңдеуі;
•S-T интервалының изолиниядан 2мм төмен түсуі;
•T- тісшесінің сол жақ кеуделік тіркемеде теріс болуы.
Ақаудың соңғы сатыларында сол жақ жүрекшесінде гипертрофия белгілері п.б.
- I,II,aVL,V5-6 да P тісшесінің кеңеюі, үшкірленуі және деформациясы.
ЭХОКГ: аорта қақпақшаларының регургитациясы- 15-30%, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. І дәрежелік Өкпе гипертензиясы.
Рентгенография:
•Жүрек өлшемдерінің жоғарлауы
•Кардиоторакальды индекстің 0.49 артық жоғарлауы
•Қолқаның жоғарлаған бөлімінің кеңеюі
•Қолқа қақпақшасының жармаларының кальцификациясы
•Жүректің қолқалық конфигурациясы (“сидячая утка”)
Емі: Физикалық жүктемені шектеу.
Қабыну болса-Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тағайындау( цефалоспориндер, фторхинолондар, макролидтер, аминогликозидтер, пенициллиндер)
Мыс: кларитромицин 500 мг күніне 2 рет жэне амоксициллин 1000 мг күніне 2 рет немесе метранидозол 500 мг күніне 2 рет кем дегенде 10 күнге тагайындалады.
•Кальций каналдарының тежегіштері(верапамил, дилтиазем, нифедипин)
•Жүрек гликозидтері (дигоксин,коргликон,строфантин)
•Диуретиктер (гидрохлортиазит,верошпирон)
•АПФ ингибиторлары (фозиноприл)
•Миотроптық вазодилататорлар( раунатин октадин)
•Хирургиялық ем:
- Жасанды қақпақша орнату және баллондық вальвулопластика.