Файл: ауіпсіз орта бала міріні кепілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қауіпсіз орта -бала өмірінің кепілі

2022 жылы бала жылы деп атауларына орай білім ордамызда бастау алған қауіпсіз орта бала өмірінің кепілі жоба аясында өскелең жас ұрпақтың бос уақытын тиімді қамту мақсатында оларды зиянды әдеттерден тиып тұлғалық дамуларды барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып қолайлы орталарды қалыптастырудамыз. Осының нәтижесінде білім ордамыз

2022 жыл “Бала жылы” деп аталуына орай мектебімізде бастау алып отырған “Қауіпсіз орта- бала өмірінің кепілі” атты жоба аясында балалардың бос уақытын тиімді қамту үшін білім ордасы “Сoworking” коммуникациялық алаңға айналып отыр. Жобаның мақсаты: балалардың зиянды әдеттер мен теріс қылықтардан бойын ада ұстау үшін оларға тұлғалық-шығармашылық тұрғыда үйлесімді дамуына, денсаулығын нығайтуға қолайлы орта жасау, БОС УАҚЫТЫ ПАЙДАЛЫ, СҮЙІКТІ ІСТЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН БАҚЫТТЫ, САЛАМАТТЫ БАЛАНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел тұтқасы.

55

Әр баламен жеке жұмыс жасап, жылы күтіп алып, әр баланың өзіндік қабылетін тани білу менің негізгі міндетім. Қазір ұялы телефонға байланған заманда тұлғалық орта қалыптастыру мәселесі өте маңызды

55

Бүгінгі өзгермелі уақытта ертеңгі күннің бүгінгі күннен өзгеше болатынын уақыт көрсетуде. Мектептерді басқарудың жаңа үдерістері  жаңа әрекеттерді, жаңа шешімдерді талап етеді. Мектеп әлемін өзгертетін мұғалім болса, сол мұғалімнің шығармашыл, көшбасшы болып дамуына жағдай жасай отырып, сенім мен өзара қолдау көрсеткен жағдайда бөлінген көшбасшылықтың қалыптасуында, оқу мен оқытуды жақсартуда мектеп әкімшілігінің рөлі ерекше. 

Басқару функцияларын тиімді орындау үшін басшыға не қажет? Ең алдымен мектеп басшылығы ұжыммен команда ретінде жұмыс істеп, мектепті басқаруда күнделікті оқу мен оқыту процесін бақылап, анализ жасай отырып  алынған деректер негізінде мектептің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін белгілей отырып, бүкіл ұжымның жұмысын ұйымдастыруда ескеруі қажет: кадрларды дұрыс таңдау; мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету; мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау; олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу; оқу тәрбие процессінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау.

55

Табысты мектеп өміріне  көп адам араласады, сондықтан олар ешкімнің мәртебесіне қарамастан бірлесе бір командада жүмыс істеуге тиіс.


55

Мектеп директоры – білім беру саласындағы
өзгерістерді табысты жүзеге асырудағы негізгі
буын болып табылады.

Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Мектеп – жан-жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: “Ғалым болу оңай, адам болу қиын” – деген екен. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүретіні хақ. 

Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісіне, мұғалімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып  әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр.

            Жүрегі таза, пәк, шынайылық пен ізгіліктің нұры шамшырақтай жанған, жаутаңдаған жанарлары тұңғиық сырға толы кішкентай, бірақ үлкен жүректі жандардың қасынан үнемі табылатын ұстаздар емес пе? Ахмет Байтұрсынов былай деген екен: «Мұғалім қандай болса, мектеп hәм сондай-ақ болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика – методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте зор. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет; мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға міндетті; мұғалім педагогикалық қарым –қатынаста қызмет ететін тұлға болу керек; педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі  Жубер айтқандай «Оқыту деген екі есе оқу», — деп терең ой тастап отыр.

            Оқу мен оқытудың жүйелі жүргізілуін бақылау — мектеп басшысының үлкен абыройлы жұмысы. Сол білім берудің тиімділігі жоғары жүйелерінде басшылар оқытуды жақсарту, мұғалімдерді ынталандыру және кәсіби дамыту мәселелеріне басты назар аударады. Олардың жұмысы оқу үрдісіне басшылық жасауға бағытталған.

            Өмір игілігін білуге үйрететін — тәжірибе. Басшының өмірлік тәжірибесі мол, кез келген ортада өзінің білгір ісін көрсетіп, алғырлығы мен біліктілігіне өзгенің сенімінін ұялата алатын тұлға.  Методика —  адам сияқты уақытпен жарыса дамып, өсіп жетіліп, керекті жерден орнын табады. Біз «жаңа методика, жаңа методика» деп жүріп. ғасыр жасаған жақсы методикалардан айырылып қалмайық, ескісіз жаңа болмайтынын да ескерген дұрыс па деймін?- деген сөздерге зер салып, мектебінің болашағын алыстан ойлайтын басшы.


Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам-деп ақын жырлап өткендей, шынымен де, мен үшін «бақыт» деген тармағы кең ұғымның бір шеті осы басшылық қызметтің ұжыммен бірлесе еңбек етуінде ұштасып жатыр.

Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.

Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін басшының ықпалы мен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.

«Жаңа формация басшысы — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті басшы, өзін — өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.

Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс — тәжірибемізде қолдану арқылы оқу — тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі.

Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл — ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін — өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне — өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін — өзі үздіксіз дамытып отыратын тұлға.

            Мектеп басшысы құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру қарым-қабілеті бар,  құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлықтарға ие. Жалпы және кәсіби білім беруді қазіргі модернизациялау арқылы қоғамның талабы мен жеке тұлғаның сұранысын қамтамасыз ете алады. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін қоғам алдында жауаптылық міндетін алып отырған білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.

55

Қазіргі мектеп директоры  ең басты талапты орындауы – білім берудің уақыттан озық, инновациялық сипатын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін бүгінгі күні маңызды, ертең мұнан да маңызды болатын міндеттерді алға қойып, оларды шешу жолдарын табуы шарт. Директор – мектептегі бірінші тұлға. Бұл оны стратегиялық тұрғыдан ойлауға, алысты көре білуге, басқарудың жетілдірілген жүйесін жасауға міндеттейді. Директор лауазымы осы тұрғыдан алғанда кәсіби әрі іскер инновациялық менеджер қызметімен сәйкес келеді.


Источник: https://edu.mcfr.kz/article/1852-mektep-direktory-basaru-sndeg-innovatsiyaly-menedjer-yymdastyrushy-retnde

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки

Басшының қызметі тиімді болу үшін ол ең алдымен ұжымның жағдайын талдай білуі керек. Өз қол астындағылардың мінез-құлық мотивтерін түсініп, оларды өнімді еңбекке жұмылдыруы, кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандыруы қажет. Жұмысты оңтайлы түрде бақылап, қызметкерлердің мүмкіндіктері мен ынта-ықыласын дұрыс бағалауы, ұжымда қайшылықтардың алдын алып, ол орын ала қалған жағдайда дер кезінде шешіп отыруы, жеке өзіндік ерекшеліктер мен нақты жағдайларды ескере отырып іскерлік қарым-қатынас жасай алуы шарт. Бұл жеке басқаруға байланысты директорға жүктелетін жұмыстардың азын-аулақ бөлігі ғана. Шын мәнінде басшы қызметі білім беру жүйесін дамушы әлеуметтік мәдени орта ретінде тиімділікпен басқарған жағдайда ғана өз жемісін бермек. Жақсы директор байырғы орыннан жаңа мекен, жаңалықтар мекенін жасайды,  ұжымды шығармашылық  ұжымға айналдырады.

Источник: https://edu.mcfr.kz/article/1852-mektep-direktory-basaru-sndeg-innovatsiyaly-menedjer-yymdastyrushy-retnde

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки

55