Файл: нтаспадан жаа жылды тілек тыдалады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 2

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Үнтаспадан жаңа жылдық тілек тыңдалады.

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

Оқ атпасын ешкім де,

Өмір деген тым ыстық.

Жұмыр жердің үстінде,

Бұзылмасын тыныштық!
Армысыздар, қадірлі қонақтар! Міне, бәріміз сағына күткен Жаңа жыл мерекеміз де келіп жетті. Аз уақыттан соң Ескі жылмен де қоштасып, оған жыл бойы бізге жасаған жақсылығы мен қамқорлығы үшін алғыс айтуды ұмытпайық.

«Жаңа жыл, жаңа бақыт!» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар!

2- жүргізуші: Кеш жарық, осы мерекеге жиналған қонақтар!
1- жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болып,

Шалқып күліп, тараңдар.

2- жүргізуші Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр келді.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік көңілді!
Мұғалім: Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Биден шашу шашқалы келіп тұрған,

Үлкен буын сыныпты қарсы алайық!

Үлкен буын сынып оқушыларының орындауында «Жаңа жыл» вальсі
Мұғалім: Ал, ендеше бүгінгі кешіміздіқұттықтау сөзден бастауға рұқсат етіңіздер. Мектебіміздің директоры Утешова Г.П ортаға шақырып, құттықтау сөз кезегін берейік.

1- жүргізуші:

Біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұрған жоқ па?

Олар біздің мектебімізді таба алмай жүрген шығар.

Қане, бәріміз дауыстап шақырайық, даусымызды естіп, бізді тауып алар.


Бәрі: Аяз ата, Ақшақар, келіңіздер біздің ортамызға! ( 3 рет)

Аяз ата:

-Армысыңдар , балаларым! бармысыңдар халайық!

Өткен жылға ризамын. Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті, Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!
Армысың жұрт жиналған,

Той қызығы бұйырған.

Сәлем алып келеміз,

Сонау шалғай қиядан.

Мәңгілік деп талғаған.

Сәлем жасыл орманнан.

Айдын шалқар көлдерден,

Сәлем бақша – баулардан.

Асқар асқақ таулардан,

Мұзды мұхит жар сала,

Сәлем айтты баршаңа,

Сәлем айтты шартарап,

Жетсін елге ән тарап.

Шырша қандай тамаша!


Шырша шамын жағайық!
1- жүргізуші

Аяз Ата, ұзақ жолдан шаршап келдіңіз, отырып тынығыңыз. Сізге оқушылар ән айтып, би билеп, шыршаны жандандырсын.
2- Жүргізуші:-Бүгін сізге жырдан алқа тағайық, Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмеген де армандар, Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1- Жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық, Ай жүзіндей айшықтанып , арайың, Жанға шуақ , бойға қуат әкелген Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Бүгінгі жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен, әсем бимен өткізейік.

Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешімізді әнмен,бимен жалғастырайық.

5-ші сынып оқушыларының өнерін тамашалайық!



Аяз ата: Бәрекелді балалар!

Келді міне, жыл жаңа.

Жаңа жылды тойлайық.

Текке қарап тұрмайық.

Қане, ойын ойнайық!

Кәрі сүйектерімді шытырлатып сендермен би билейін, жіберіңдер музыканы!
1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірменді достар ! Жыл соңында жылдың үздіктері анықталатынын баршамыз білетін шығармыз, ал ендеше біз де бүгін осы сәтті пайдалана отырып үздік бишіні анықтап «Жылдың үздік бишісі» номинацисын табыстамақпыз.

2- жүргізуші: Ойынның аты «I am a disco dancer» деп аталады.

1- жүргізуші: Бұл сөздер маған таныс сияқты, қайдан естідім екен?

2- жүргізуші: Бұл сөйлем мен бишімін деп аударылады.

2- жүргізуші: Ойын шарты: Ортаға 5жұп / әр сыныптан 1 оқушыдан жұптарымен және , аяз ата, ақша қар керек/ ,5 жұп әр түрлі ел әуендеріне би билеп жарысады, көрермендердің қол соғуымен финалға жолдаманы 1 жұп қана алады.

1-жүргізуші: Ойынды бастайық.

2- жүргізуші: Сонымен « Жылдың үздік бишісі» номинациясын

.......................................................... жеңіп алды .

Жеңімпазымыздың құрметіне 6 сынып оқушыларының өнерлерін тамашадайық!

1-жүргізуші: Қоян жылы келіп қалды қарсы алайық,

Көңілденіп күлейік шаршамайық.

Жаңа жылдың құрметін бөлісейік,

Қоян жылында аман –есен көрісейік!
2- жүргізуші: Төрлет, қане Жаңа Жыл!

Үлестір құт, береке.

Көп қуаныш ала жүр,

Көп болсыншы мереке!- деп баршамызды құттықтауға келген 7 сынып оқушыларының өнерлерімен ортаға шақырамыз.

1 -жүргізуші: Рахмет достар. Өнерлерің өрге жүзсін демекпіз!
А яз ата:
Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым.

Керемет бір би көріп,

Келіп тұр-ау демалғым.
2- жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз орындарыңызға жайғасып отырып демалыңыздар. Ал біздің ұлдар мен қыздардың орындауында сіздерге арнап дайындаған биі бар екен .

(Ұлдар мен қыздардың биге деген өнерлерін тамашалайық , флеш моб.)
Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар. Мен сендерге Жаңа Жылды қарсы алу рәсімі туралы біраз әңгімелеп берсем деп едім. Жаңа жылды қарсы алып шыршаны безендіру рәсімі Ежелгі Англия мен Германияда басталған екен. Әр ұлт Жаңа жылды әр түрлі мезгілде қарсы алады. Мұсылмандар жаңа жылды қашан қарсы алды.(Балалардың жауабы) Наурызда әрине, бірақ қыстың қақаған күнінде де біз көңілді шыршаның қасында, Жаңа жылды қарсы алуға ешқашан қарсы емеспіз.
1- жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын,

Денсаулықтар мықты болсын, ағайын.

Арайлы таң бола берсін, ағайын,

Дастарқаның тола берсін, ағайын!
2- жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!-деп ендігі кезекте 8 сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық!

1- жүргізуші: Аяз Ата кезекті тағы бір ойынға берсек қайтеді.

Достар, енді өздерің жыл сайын жаңа жыл қарсаңында көруден

жалықпайтын кинофильмдер бар емес пе? Қане, қандай сүйікті киноларың

бар?

2- жүргізуші: Иә, мен жылда «Один дома»,«Эрония судьбы» атты киноларды теледидирдан қайталап беріп жатқанын көремін.

Ал ендеше біз бүгін тағы үздік актерді де анықтап « Жылдың үздік актері» номинацисын табыстамақпыз. Ойын шарты: ойынның аты «Дыбыстау» деп аталады. Ортаға 7,8,9 сыныптан 1 оқушыдан құралған , 1 команда; 2 мұғалім, 1 команда шығу керек.

Ә

р түрлі кинофильмдерден үзінді кадрлар ұсынылады; командалар әзіл араластырып дыбыстап жарысады, көрермендердің қол соғуымен финалға жолдаманы 1 команда ғана алады, финалда 3 қатысушы бір-бірімен
жарысады да бағалау крийтерилері арқылы үздік актер/актрисса анықталады.

Сонымен « Жылдың үздік актері» номинациясын .......................................

жеңіп алды . Құттықтаймыз!
1- жүргізуші:


Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық! Ескі жылдың құрметіне 9 сыныптың оқушыларын ортаға өнерлерімен шақырайық! Қол соғып қошаметтеп отырайық.

2- жүргізуші:

Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар

Жаңа жыл-шуылдаған жаңа армандар .

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние

О, сәлем бердік, жаңа жылда жаңарғандар.

1- жүргізуші:

Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп,

Біз Жаңа жылдарға қол соғамыз.

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

2- жүргізуші:

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын

Қиналып әр отбасы тарылмасын.

Аяз Ата бүгінгі келген күндей,

Жүздеріңнен қуаныш арылмасын

1- жүргізуші:

Аяз ата біз бүгін тағы үздік әншіні де анықтап « Жылдың үздік әншісі» номинацисын табыстамақпыз. 2- жүргізуші: Ойын шарты: Ойынның аты «I am a singer » деп аталады. Ортаға әр сыныптан 1 оқушыдан шығу керек. Әр түрлі әндерден үзінді сөздер ұсынылады; әннің атын, сөзін, әнін жазғандарды тауып жарысады, көрермендердің қолдауымен финалға жолдаманы 3 қатысушы ғана алады, финалда 3 қатысушы бір-бірімен жарысады, жасырылған әуендерді тауып жанды дауыспен орындап береді де бағалау крийтерилері арқылы үздік әнші анықталады.

Сонымен « Жылдың үздік әншісі» номинациясын .......................................

жеңіп алды . Құттықтаймыз!
1- жүргізуші: Міне, сағаттың тілі 12-ге таяп қалды, Жаңа Жыл да келді.

Ал әжейлер, шашыңыздар шашуларыңызды.
Жаңа Жыл: Қоян жылы туылған 1 қонақты ортаға шақырайық.

Бізге ақ батасын берсін.

Уа құдайым оңдасын,

Қ
Қызыр бабам қолдасын.

Келіп жатқан сағынта,

Жаңа жыл бізді жарылқа!

Жамандыққа баспайық, қиындықтан қашпайық,

Жалқаулықтан аулақ боп, жаңа бір іс бастайық.

Мықты болып деніміз, сатылмасын жеріміз,

Жауқазындай жалынды, өркендесін еліміз.

Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз.

Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай.

Шашу болып әр шаңыраққа кіріңіз! Әумин.

/жаңа жылдың күнтізбесі барша ұстаздарға естелік сыйлыққа тартылады/

Аяз ата:

Ау халайық , айдай балаларым! Міне , сендермен де қоштасатын сәт те келіп жетті. Келіп кірген жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, балаларым! Білімдерің таси берсін, тек биіктен көрініңдер! Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер бар. Енді соларға жол тартайын. (Аяз ата мен Ақшақар қош айтысып кетеді)


2- жүргізуші: Ақ батасын берген жаңа жыл иесінің құрметіне

«Happy new year» әні орындалады. /ақшақарлар мен аяз аталар хоры/
1- жүргізуші:

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық!
2- жүргізуші:

Ескі жылға ризамыз,

Жетілді біздің санамыз,

Алдық талай білім біз,

Шарықтады ойымыз!

1- жүргізуші: Көңіл бөліп тыңдағандарыңыз үшін рахмет айтамыз!

2- жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мың алғыс айтамыз!

Бәрі: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Құтты болсын Жаңа 2023 жыл!