Файл: Лямблиоз синонимі жиардиаз. Лямблиоз Lamblіa іntestіnalіs оздыратын, фекальды оральды механизм арылы берілетін, латенттік жне жедел трлерінде тетін, кбінесе ащы ішекті заымдануымен сипатталатын антропонозды ауру..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЛЯМБЛИОЗ

Синонимі – жиардиаз. Лямблиоз - Lamblіa іntestіnalіs қоздыратын, фекальды – оральды механизм арқылы берілетін, латенттік және жедел түрлерінде өтетін, көбінесе ащы ішектің зақымдануымен сипатталатын антропонозды ауру. Тарихи мәліметтер. Ең бірінші аурудың қоздырғышын іші өтіп жүрген балалардың ішегінен бөліп алған орыс ғалымы Д.Ф.Лямбль (1859 ж.) болады. 1888 ж. француз ғалымы Бланхард қоздырғышты лямблия деп атауды ұсынған.

Этиологиясы.

Қоздырғышы – Lamblіa іntestіnalіs (Gіardіa). Вегетативті және цисталық түрлері бар. Вегетативті түрі – трофозоит, алмұрт тәрізді: алдыңғы бөлігі дөңгелек, артқы бөлігі үшкір құйрықты болып келеді. Трофозоит ұзындығы 9-18 мкм, ені 5-10 мкм. Вентральді бөлігінде түтік тәрізді фибрилден тұратын «сорғыш дискі» болады. Денесі цитоплазмалық мембранамен жабылған. Ядросында ірі кариосома мен біркелкі хромосома жиынтығы болады. 4 жұп талшығы болады: алдыңғы, бүйір, орталық, құйрықтық, олар 2 симметриялы топта жиналады. Лямблиялардың энергетикалық алмасуы анаэробты типпен жүреді. Цисталар дұрыс емес сопақша пішінді, ұзындығы 8-14 мкм, ені 6-8 мкм. Екі контурлы тығыз қабығы, екі немесе төрт ядролары, ұзын талшықтар түйіні болады. Сыртқы ортада төзімсіз.

Патогенезі.

Белсенді «қабырғалық» асқорыту жүретін ащы ішектің микробүрлерінің (микроворсинка) щеткалы жиегінде орналаса отырып, трофозоит орталық талшығының көмегімен сорғыш дискісімен қоректік заттардың гидролиз өнімдерін сорып алады. Паразиттердің көпшілігі ащы ішектің бастапқы бөлігінде болады, ортасында азаяды, ал дистальды бөлігінде бір-бір түрден кездеседі. Ішектің эпителиальді жасушаларының микрожарақаттанулары болады. Кей жағдайларда 1 см2 1 млн. паразиттер орналасуы мүмкін. Лямблияның ащы ішектің бойында таралуы және ішектің әртүрлі бөліктеріндегі бүрлерінде орналасу ерекшеліктері қабырғалық асқорытудың белсенділігіне тәуелді болып келеді. Майдың, майда еритін дірумендердің, цианокобаламинның, D-ксилозаның сіңірілуі бұзылады. Көмірсулардың гидролизі бұзылғаннан соң, ішекте ашу үрдістері дамиды, аэробты микрофлораның саны көбейеді, дисбиоз дамиды. Рецепторларды тітіркендіру әсерінен ішектің перистальтикасы күшейеді, өт шығару жолдарының дискинезиясы дамиды. Патогенездің негізгі механизмі паразиттердің алмасу заттарының макроағзаға токсико-аллергиялық әсері болып табылады. Лямблиялар жергілікті IgA түзілуін тежейді, сондықтан эпителиальды қабықшаның әртүрлі аллергендердің өткізгіштігі жоғарылайды. Тоқ ішекте тіршілік жағдайы қолайсыз болғандықтан, лямблиялар ол жерде инцистелінеді. Цисталар нәжіспен сыртқа шығады.


Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – адам. Минимальды жұқтыру дозасы 10-100 циста. Науқас заладанғаннан кейін 9-12-нші күндерден бастап цисталарды сыртқы ортаға бөледі. Цисталардың бөліну белсенділігі диарея басылғаннан кейін өршиді, осы кезеңде 1 г нәжісте 1,8 млн. циста анықталады.

Берілу механизмі фекальды-оральды. Берілу жолдары: алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-қатынастық. Негізгі берілу жолы - су арқылы. Цисталар суда ұзақ уақыт бойы сақталады (4-20◦С температурада 3 айға дейін). Цисталар хлорға тұрақты. Суды хлормен заладандыру лямблияларға әсер етпейді, сондықтан аурудың су арқылы таралуы қауіпті. Контактілі – тұрмыстық жол балалар мекемелеріне аса тән. Тағам арқылы берілу жолы маңызды емес. Шыбындар, таракандар ауруды таратуға көмектеседі. Олардың ішектерінде қоздырғыш 8 күнге дейін сақталуы мүмкін.

Клиникалық көріністері полиморфты, ағзаның иммунды жүйесіне байланысты, жекеше болып табылады. Көбінесе субклиникалық, көмескі түрлері кездеседі. Аурудың өршуіне иммунды тапшылық, ферментативті бұзылыстар, жедел ішек инфекциялары, антибиотиктерді көп қолдану, дисбактериоз себеп болады. Инкубациялық кезең 7-28 күн, көбінесе 2 апта. Ең жиі кездесетін симптом: асқорыту жолының жоғарғы бөлігінің қызметінің бұзылуы, негізінен асқазан (48%), сирек ащы ішектің асқорытуы симптомдары (35%), сирек өт бөлу жүйесі (19%). Лямблиоздың ішектік түрінің ерте кезеңіне тән симптомдар: айқын диспепсиялық синдром, кекірік, қыжыл, тәбеттің төмендеуі, ішекте толғақ тәрізді ауыру сезімі, ішектің кебуі, құрылдауы. Науқастың тілі жабындымен жамылған, эпигастрий аймағында ауыр сезімі анықталады. Энтерит пен стеаторея көріністері болады. Нәжіс тәулігіне 3-4 рет, сулы консистенциялы, жағымсыз иісті, көпіршіктенген болады, қан қосындылары болмайды. Жедел кезеңінде ауру жақсы емделінеді, 1-4 аптаның аралығында клиникалық көріністері жойылады. Егер науқас этиотропты ем қабылдамаса, иммунды жетіспеушілік фонында ауру созылмалы түріне ауысып, айлар –жылдарға созылуы мүмкін. Ұзаққа созылған ұрдіс науқастың салмағын жоғалтуына себеп болады. Ауру өршіген кезде әлсіздік, бастың ауыруы, диспепсиялық бұзылыстар, гастродуоденит көріністері байқалады. Балалар мазасыз болады, әр түрлі аллергиялық кӛріністер, терінің қышуы, бронхиальді астма дамуы мүмкін. Науқастарда гастриттің, дуодениттің, энтериттің, сирек энтероколиттің, өт жолдарының дискинезиясының, панкреатиттің, нейроциркуляторлы дистонияның, ағзаның сенсибилизациясының бейнелері болады. Бактериалды инфекция қосылғанда, клиникасы ауыр түрде болады.



Диагностикасы. Асқазан-ішек жолының ауруларының барлық себептерін анықтағаннан кейін, лямблиозға күмәндану керек. Лабораториялық әдістің негізгі жолы – нәжістен, дуоденальді ішектен микроскопия арқылы вегетативті түрлерін, цисталарын анықтау. ИФА жүргізуге болады, бірақ бұл әдіс паразитологиялық зерттеу арқылы дәлелденуі тиіс.

Емдеуі.

Лямблиозға қарсы препараттар:

1. Метронидазол 0,25 г. х 3 рет, 5-10 күн.

2. Тинидазол 2 г. ауыз арқылы бір рет, балаларға 50-75 мг/кг

3. Макмирор 400 мг х 2-3 рет, 7 күн, балаларға 15 мг/кг х 2 рет, 7 күн.

4. Альбендазол (немазол) балаларға 10 мг/кг, 7 күн, ересектерге 400 мг х 2 рет, 7 күн.

5. Тиберал 1,5 мг 2 күн.

6. Нимморазол, орнидазол, секнидазол.

Профилактикасы. Эпидемиологиялық қадағалау, індетке қарсы және алдын алу шараларыамебиаздағыдай. Хлорлы дезинфекциялық заттар лямблияның цистасын өлтіре алмайды, 3% лизол өте тиімді. Суды қайнату арқылы цистаны ӛлтіреді. Санитарлық ағарту жұмысы.

Гельминттер – ол адам және жануарлар денесінде паразиттік өмір суретін құрттар. Олардың тарауында негізгі рөл қанағатсыз санитарлық жағдайға және төмен тұрмыстық мәдениетке беріледі. Бұл кұртардың қоздыратың ауруларын “гельминтоздар” дейді. Гельминттер өздерінің улы заттарын бөлу арқылы аурушаңдық жағдайларға ұшыратады: ішектің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, аллергия жағдайды туғызады, кейде ішек туйілуі мумкін.

Гельминтоздар негізгі үш топқа бөлінеді: Биогельминтоздар – қоздырғыш ағзасында гельминттердің жұмыртқалары дамитын жануарлардан адамға жұғады (тениоз).

Геогельминтоздар – қоздырғыш адам ағзасына қоршаған ортадан еңіп, ауруға шалдықтырады(аскаридоз).

Жанасуға байланысты гельминттер - қоздырғыш ауру адамнан немесе заттар арқылы дені сау адамға жұғады (энтеробиоз). Балаларда ең жиі кездесетіні – аскаридоз және энтеробиоз

Аскаридоз – жұмырт, ұзындығы 25-40 см болатын ақ құрттармен қоздырылады.

П а т о г е н е з і. Аскаридтер аш ішекте өмір сүреді, тәуілік бойы ішекке салынған 200000 жумыртқасы нәжіспен сыртқа шығып, топырақта дамып жетіледі. Баланың аузына лас қол, су, жеміс – жидектер, көкөністер арқылы түсіп, ішекке жетеді. Адамның ішегіне түскенде жұмыртқаның қабығы түсіп, ішінен личинка шығады. Ол ішектің қабырғасын тесіп, қақпалық көк тамырға, бауырға, төменгі бос көк тамырға түсіп, қан ағымымен өкпеге жетеді. Альвеолалар қабырғалары арқылы личинка бронхиолдарға және бронхтарға жетіп, соңынан қақырықпен бірге ауыз қуысына түседі. Жұтқаннан кейін олар қайтадан аш ішекке түсіп, ересек гельминттерге дейін дамып жетеді. Жұмыртқаны жұтқаннан кейін ересек аскаридаға дейін дамығанына дейін 75-90 күн өтеді.


Клиникасы

Аскаридтың даму циклында миграциялық (ерте) және ішектік (кеш) фазаларын айырады.

Миграциялық кезеңде личинкалар сенсибилизациялық және механикалық әсерлер туғызады, осы әсерлерге байланысты теріде бөрітпе, кеуденің ауырсынуы, жөтел пайда болады. Бронхиттер, пневмониялар, өкпеде эозинофилдық инфильтраттар пайда болады. Дене қызуы сәл көтерілуі мүмкін.

Ішектік түрі көп мөлшерде сілекей бөлініп, баланың жүрегі айнып, қүсу, кіндік аймағында толғақ тәрізді аурсыну пайда болады. Бұл аурсыну тамақтанғаннан кейін пайда болғаннан, бала құсып қоюға қорқып тамақ ішпейді, жүдейді. Бала шаршағыш, әлсіз, қан қысымы төмендейді, дүрыс ұйқтамағаннан басы айналады, ауырады; бала уйқтап жатып тісін қайрайды.

Кан анализнде

Қанында анемия,

эозинофилия,

ЭТЖ жоғарлауы.

Нәжіс жақпасында- аскарид жұмыртқалары табылады. Аскаридтар көп болғанда ішектің өткізгіштігін бұзады.

Е м і.

Миграциялық фазасында димедрол, кальций хлорид, кальций глюконат белгілейді Әдейіленген емге гельминттерге қарсы дәрі-дәрмектер белгіленеді: комбантрин, пиперазин, вермокс, нафтамон, дифезил, декарис, ас қабақ дәні.

Энтеробиоз - кішкене, жұмыр, ұзындығы 4-12 мм құрттары – острицалармен қоздыралады.

Аурудың көзі - тек адам.

Олар аш ішектің төменгі бөлігінде және тоқ ішекте өмір суреді, аналық құрттары түнде тік ішектен шығып айналасындағы қатпаларға жұмыртқа салады, 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп жетіледі. Острицалардың белсенді қимылдары анус аймағының қатты қышуын қоздырады. Бала перианалдық аймағын қасыған кезде тырнақ астына жұмыртқалар жиналады, бала жеке бас гигиенасын сақтамаған кезде өзіне - өзі қайтадан гельминттерді жүктырады (аутоинвазия). Энтеробиозды киім, төсек, ойыншақ, қыш құмыра арқылы жұқтыруға болады. Острицалардың өмір ұзақтығы үш-төрт жұма, бірақ реинвазия кезінде ауру ұзаққа созылуы мүмкін.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і.

Баланы анус аймағындағы қышу мазалайды,

бала нашар ұйықтайтын болады,

мазасыз, тынышсыз,

жиі іш ауруы мазасыздайды,

тәбеті төмендейді,

түнгі зәр ұстамауы пайда болады.

Острицалар қыз баланың жыныс мүшелеріне кіріп кеткенде –

қынабының қабынуы пайда болады.

Қышынуға байланысты қажырлы ағымды дерматиттер пайда болады.

Ұзақ уақытқа созылатын энтеробиоз жүйке-психикалық дамуына теріс әсер етеді, бала оқуы қалып қояды. Энтеробиоздың диагнозын қою үшін анус қатпарларынан жақпа алады.


Емі

Энтеробиоздың емі барлық ауыратын адамдарға белгіленеді. Берілетін дәрілер арасына келесі дәрі-дәрмектер кіреді: комбантрин, пиперазин адипинат, вермокс (мебендазол), нафтамон, дифезил, пирантел, фенасал, декарис, ас қабақ дәні, пирвиний памоат, минтезол. Содалы клизмалар қолдануға болады.

Тениоз және цистицеркоз– қоздырғыш ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, ішекте шошқа цепенінің (тениоз) ересек гельминті және ол гельминттің личинкалық сатысында (цистицеркоз) паразиттік өмір сүруіне байланысты ішек – қарын жолының диспептикалық бұзылуы және токсикалық – аллергиялық құбылыстармен сипатталатын, цестоздарға жататын антропургиялық биогельминтоздар.

Қоздырғышының көзі – ауру адам,

берілу механизмі – ауыз нәжістік,

жұғу жолы – алиментарлық,

зақымдауышы факторы — шошқаның финозды еті

Клиникасы

Тениозда ми, көз жарақаттанса, цистицеркоздың клиникалық көріністері өзгеше болады. Мінез – құлқы бұзылуы, бастың ішкі қысымының артуы, бастың қатты ауруы, ұстама болуы және т.б. орын алады. Көз цистицеркозы соқырлыққа дейін апарады. Цистицерк көзге өтсе, экзофтальм байқалады.

Диагностикасы

Анальдіқ тесік айналасынан алынған жағындыны және науқастың нәжісін микроскопта зерттеу қолданылады (теринаринхозға диагноз қоюды қараңыз).

Серологиялық диагноз қою үшін ЖГАР, ЖИФР, ИФТ пайдаланады, оларды қойғанда қан сары суымен қатар жұлын сұйығын да тексерген дұрыс.

Аспаптың әдістерден офтальмоскопия, соңғы кезендерінде – УДЗ (УЗИ), компьютерлік томография, көзбен мидағы петрификаттарды табу үшін рентгенография қолданылады.

Емдеуі: празиквантел, фенасал, никлозамид, албендазол (цистицеркозда) және хирургиялық әдістер қолданылады . Антигельминттік препараттарды цистицеркозды энцефалиттің жіті кезеңінде, ал празиквантелді – көз зақымданғанда қолдануға болмайды.

Трихинеллез – адам және сүтқоректілердің жедел гельминтозы, медико-социальды мағынасы зор, себебі клиникалық көрінісі ауыр, көп жағдайда еңбекке қабілеттігі бұзылады.  Инвазияға қызба, бұлшықеттегі ауырсыну, бет ісінуі, терілік бөртпелер, эозинофилия, ауыр жағдайда миокард, өкпе, орталық нерв жүйесінің зақымдалуы көрініс береді. Трихинеллез жануарлар ішінде барлық жер шарында, Австралиядан басқа континенттарда кездеседі.  Көбінесе солтүстік жер шарында кездеседі. Адамдардың жиі ауыратын бөлігі АҚШ, Германия және Польша.

Патогенезі

Трихинеллездің патогенезі күрделі бірнеше патологиялық реакциялардан тұрады, басты іске асушы механизм ол — қоздырғыш.