Файл: обыланды батыр жыры. Кейіпкерлер бейнесі Малімні есімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қобыланды батыр» жыры. Кейіпкерлер бейнесі

Мұғалімнің есімі: Имангалиева Толғанай Худайбергеновна № 3 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

СЫНЫП: 5

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі : Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік: Жаңа білім

Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып? «Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын

Басталуы 5 минут Топқа бөлу 2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Қызыл гүлім-ай» би

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут

1. Батырлық туралы жырларда не туралы бейнеленеді? Батырлық

2. Қазақтың батырлары қазақ елінің қандай ұлдары? Ең ардақты

3. Жырлар қандай сөзбен айтылады? Көркем сөзбен

4. Батырлар жыры бізге қалай жеткен? Жатқа айтылу арқылы


5. Қандай жырларды білесіңдер? «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т.б.

Топтарға тапсырма: (Мәтін бөліктерін тарату) Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу

Оқушылардан үйде ізденуге берілген тақырыптарын қалай орындап келгенін анықтайды. Оқушылар үйде қосымша ізденіп тауып келген мағлұматтарымен топ-топ болып пікір алмасады.

І топ: Қобыланды батырдың тарихтағы орны.

ІІ топ: Қобыланды батыр жырының негізгі идеясы.

ІІІ топ: Қобыланды батыр жырының жинақталып, хатқа түсірілу мәселесі жөнінде.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

«Интервью» әдісі Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

Сергіту сәті 2 минут «Қыдырып қайтайық!» би билеу

Аяқталуы 15 минут Синтез «Асық ойынын» ойнату. Оқушылар асық иіріп, асықтың түсуіне қарай ұяшықтардағы сұрақтарды алып, соған жауап береді.

Сабақтың соңы 3 минут

Кері байланыс. «Екі жұлдыз ,бір тілек»

Үй тапсырмасы: Көркемдегіш құралдардың анықтамасын оқып келу