Файл: Баяндама Туелсіздік кні тамыры тереде жатан ел тарихы Топ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ – Ресей Медициналық Университеті



Баяндама

Тәуелсіздік күні — тамыры тереңде жатқан ел тарихы

Топ: 103A - СТОМ

Орындаған: Алмаханбетова Балнұр

Алматы, 2022

Тәуелсіздік_күні_—_тамыры_тереңде_жатқан_ел_тарихы_Тәуелсіздік'>Тәуелсіздік күні — тамыры тереңде жатқан ел тарихы

Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Бабаларымыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген егемендік бізге 1991 жылдың 16 желтоқсанында келді. Ал, ол туралы деклорация 1990 жылдың 25 қазанында жарияланған. Десе де бұл Тәуелсіздікке қалай қол жеткенімізді жазбас бұрын, одан қалай айырылғанымызды сөз еткен жөн болар. Ендеше, тарихқа көз жүгіртіп, халқымыздың егеменді елден бодандыққа қалай түскенін айтып көрейік.

Жыл сайын 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні атап өтіледі. Оған қол жеткізу оңай болған жоқ, көптеген адамдар еліміздің болашағы үшін күресте жанын пида етті. Сондықтан, ата-бабаларымызбен мақтануға тиіспіз, өйткені олардың арқасында, біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазір біздің мемлекетіміз еркін ғана емес, сонымен қатар демократиялық. Тарихымызда алғаш рет, демократиялық негізде Президент сайланды. Конституция қабылданды. Жаңа мемлекеттік рәміздеріміз бар: елтаңба, әнұран және ту. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданды. Әрине, басында қиын болды, бірақ Қазақстан Республикасының алғашқы президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көмегімен біз бәрін жеңіп, тек алға қарай жүрдік. Халық өз Елбасына оған сенім артты. Тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік: Жаңа мемлекет құрылды, экономикамыз дамыды және адамдардың өмір сүру деңгейі жоғарылады. Елімізде тұратын әр ұлт, өз тілінде сөйлеуге, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік алды. Бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесі болып қабылдандық. EXPO – 2017 көрмесін өткізу арқылы, бүкіл әлемге танымал болдық. Егер тарихқа үңілсек, азаттығымызды алу үшін, бізге 200 жыл қажет болған. Мыңдаған батырларымыз еліміздің еркіндігі үшін күресіп, жан тапсырды. Ұлы Отан соғысына белсене қатысып, жеңіске жеттік. Сондықтан, 16 желтоқсан күні – қазақ халқының батырлығы мен еңбегінің нәтижесі
. «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.»Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәуелсіздік алу – бұл тек бастапқы қадам. Отанымыздың болашағы біздің қолымызда. Егер әрқайсымыз жанымыздың бір бөлігін елімізге берсек, республикамыз одан әрі дами береді! Еліміздегі бүкіл ұлттар біріксе, жолымызда кездесетін барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз!