Файл: Абайды ара сздерін тануды дісамалдары 1 сз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абайдың қара сөздерін танудың әдіс-амалдары

1 сөз. Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім.

2 сөз. Сартты көрсе, күлуші еді арқадан, үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, ноғайды солдат ноғай, орысқа күлуші ед, ауыл көрсе, шапқан, жаман сасыр бас орыс деп.

3 сөз. Қаскүнем бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғын, қызметке таласқыш, жалқау.

Бұл билік біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді.

Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есімханның ескі жолын, әз Тәукенің күл төбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысьн» білмек керек. Әм ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергеңдігінен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, толысу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.

4 сөз. Әрбір орынды хәрекет өзі де уайым қайғыны азайтады.

5 сөз. Бірқатар мақалдарға сын айтады да, үлкендерді балалардан несі артық. Бала ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды дейді.

6 сөз. Өзің тірі болсаң да, көкірегін өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.

7 сөз. Жан азығы және тән азығы. Көңілде сезім, көкіректе сенім жоқ. Тән жанға үй болса, адамның хайуаннан несі артық?

8 сөз. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат

тыңдайын деген ойы болса, ол орынға саясат та жүрмес еді.

9 сөз. Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көремін десем, оның бірде-бір жақсы көрер қылығы жоқ. Жек көрсем көшіп кетуім керек еді.

10 сөз. Құдайдан бала тілейді. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында баланды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?

11 сөз. Елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі-ұрлық. Ұрыға атымды сатып «пайдаланам» деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр.

Екіншісі - бұзақылар. Біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, ... қыздырып алып, өзіне біраз ғана азық қылайын деп жүр.


12 сөз. Ғибадаттың 2 шарты бар:

1) Иманның сенімі, беріктігі;

2) Үйренген үстіне үйрене беру. Салғырттың иманы бар деп болмайды.

13 сөз.

1) Иман келтіру;

2) Көңілін иманнан тайдырмау. Біреуге еріп кетпеу.

Иманға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек. «Құдайтағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.

14 сөз.

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздықтан ақылдың сөзін аларлық жүректе жігер, бақ жоқтығынан азады.

15 сөз.

Есті адам орынды іске қызығады.

Есті адам ақылды қолдан жібермейді.

Есті адам болсаң, бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал.

16 сөз

Дінге беріліп емес, «білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді.

17 сөз.

Жүрек

Қайрат Ақыл

Үшеуі ғылымға жүгінеді, сонда ғылым жүректі ерекше бөліп оған қайрат пен ақыл бағынсын дейді.

18 сөз.

Кербездің екі түрі бар. Жұртты таңқалдыру. (Кербез) Бұл -ақымақтық.

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

19 сөз.

Ата-анадан туғанда есті болмайды. Естілердің сөзін парасаттаса ғана, адам есті болады.

20 сөз.

Жалығу адаммен бірге жаралған, жалығу ойлы адамнан шығады.

21 сөз.

Мақтанның 2 түрін білемін. Біреуі - үлкендік. Бойын әдепсіз арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өтірікші, алдамшы, кеселді -осы мінездерден сақтану үлкендікке апарады. Бұл мінез ақылдылардан шығады.

Екінші мактаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, «десін» деп азаптанып өмірден өтеді. Мұндай мақтаншақ үшеу. Біреуі-жатқа мақтанарлық. Екінші-өз елінің мақтаны. Үшіншісі - үй мақтаны.

22 сөз.

Болыс-билерге сынмен қарайды.

«Ырыс баққан - дау бақпас».

23 сөз.

Бір қуанып, жұбанып. Өзінен төмен тұрғандармен салыстырып, біресе жұбатады, біресе қуанады.

24 сөз.

2 млн. қазақ бар. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді бірміз аңдып өтеміз бе?

25 сөз.

Орыс тілі туралы. Билік орыста болған соң, енді орысша оқымасқа амал жоқ. Сол себепті орыс тілін еліне қорған болу үшін, намысын қорғау үшін, ілгерішіл мәдениетін елге тарату үшін, үйрену керектігін айтады.



26 сөз.

Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады. Және есі шығып қуанады.

27 сөз.

Сократ хакімнің сөзі.

Сократ хакім және Аристотель ғалымның сұхбаты.

Аристотель Сократ ұстазына:

Гомердің бәйітіне, Софоклдің трагедиясына, Зевсистің

суретшілігіне таңқалдым. Көз, мұрын, кірпік, т.б. мүшелердің қажеттілігіне тоқталады. Олардың рөлін айқындайды.

Адам өз - өзіне септесе, адамды да хайуан секілді жаратса, ешнәрсеге жарамас еді.

28 сөз.

Есті, ессіздік деңгей.

29 сөз.

«Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақалдарды талдайды.

30 сөз.

Мақтан. Кімнен кім артық дейсің деген түйінді сынайды.

«Ұялмас бетке, талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы.

31 сөз.

Естіген нәрсені ұмытпас үшін 4 түрлі себеп бар: 1) көкірегі байлаулы берік болу; 2) сол нәрсеге ғибратлану (үлгілеу); 3) сол нәрсені бірнеше рет қайталау; 4) ой секілді кеселді нәрселерден қашық болу.

32 сөз.

Ғылым үйрену.

1) Ғылымды қажеттіліктен іздеу керек;

2) Ғылымды ақиқат пен мақсаттан іздеу;

3) Ыждаһатпен хақиқатқа жету үшін іздеу;

4) Кеселді нәрседен қашық болу керек; дайынсыз, қайғысыз, салғырттықтан қашық болу керек;

5) Ғылымды, ақылды сақтайтұғын-мінез.

33 сөз.

Түзден өнер іздемейді.

Ерінбей бір істі істей беру керек.

Қу тілге алданғыш, тамыршылау келеді. (Орыс досты).

Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болғандығы қалай?

34 сөз.

Құр «ой тәңірі-ай!» деп таласа бергеннің несі артық.

35 сөз.

Дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамау үшін керек.

36 сөз.

Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігінді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.

37 сөз.

23 лүғат. Түйіні: «Бағың өскенше, тілеуіңді ел тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің».

38 сөз.

Мінез. Махаббат - әуелі адамның адамдығы. Бұл үшін 1) хауас (жақсы сезім керек), 2) тән саулығы, 3) талап, ұғым махаббат шығады. Ғылым-білімге махаббат әлгі 3-уінен. Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек. Таниды, пайдасын алады. Қиянатшылдардан бәһра (пайда нәтиже) жоқ. Олар кәмелет (жетілу, толығу) таппайды. Иманы (сенімі) жоқ.


Хақиқат пен растық - қиянаттың дұшпаны. Жақсылыққа ұмтылу 8 қасиет арқылы жүзеге асады:

1) хаят-тіршілік;

2) ғылым;

3) құдірет - күш;

4) Бисар - көру, көруші;

5) Сәмиғ - есту, естуші;

6) Ирада - тілеу, қалау;

7) Кәлам – сөйлеп, сөйлеуші;

8) Тәкин - болдыру.

39 сөз.

Ата-бабаның 2 мінезі жақсы.

Топ басы. (Бас басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің). Намысқорлық. Намысты жоғары ұстаушылық.

40 сөз.

Жас кезінде баласын мәпелеп, өскен соң суық тартатыны несі? Елді пысық билейтұғыны несі? Пысықтың бәрі кедей келетұғыны несі? Досының дұшпан болатыны несі?

Қариялардың бір-бірімен келіспейтіні несі?

Тоқал қатын ер келетұғыны несі?

Нәпсісін тоқтатқан адамның жаман, нәпсісі билеген кісі мықты атанатұғыны несі?

Өтірік сөзге шаруасын тастап, сүттей ұийтыны несі?

41 сөз.

Ақыл берем, түзеймін деген адамға екі нәрсе керек:

1) Бек зор үкімет керек, жарлық қолында болу керек,

2) Есепсіз бай болу керек.

42 сөз.

Амалшылыктын жолын үйрету. Қазақтың жамашылыққа үйір болатұғыны жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, сауда жасаса, қолы тиер ме еді.

43 сөз.

Тән, жан.

Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол - көп жиғаны бар адам: Бұны ақылды дейміз. «Құдайтағала өзі ақыл бермеген соң қайтейін?» деген нағыз надан. Ойсыз, өнерсіз.

Талап әрбір балада бар; оған талас қылуға болмайды. Талапты ескермесе, (ортасы) ол жоғалып кетеді. Өнерді күнде тексеру керек. Жан азығы - ішкі қозғаушы элемент.

Ұқсағанды тексеру, жүректі тазалау,

1) мактаныштык,

2) пайдакүнемділік,

3) жеңілдік,

4) салғырттық секілді 4 нәрсемен кірлетпеу керек.

1) Ғылым.

2) Дәулет. Бірінің өлшеуі бар. Бір тектестердің тартымдысы. Пайда-зиянды ажырататын - ақыл.

44 сөз.

Ең жаман адам - талапсыз. Көкірегі тазалау, ғибадат қылу керек.

45 сөз.

Біз жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз.

Адамшылық:

1) махаббат;

2) ғаделет;

3) сезім.

Сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол ғақлия.

Көзбен көру, ақылмен білу, жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көрмекпіз, ақылмен білмекпіз.

Міне, жоғарыда келтірілген қара сөздердің ғақлия түйіндері кілтті сөздерді тірек ететін жаңа технология негізінде берілді.