ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер | |
1) | Білім беру ұйымының толық атауы «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2) | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекен жайы): Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы селолық ауданы, Бесоба ауылы, Бесоба көшесі 38 ғимарат. |
3) | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web-сайт) Тел.: 87114521753, электрондық пошта: besoba2019@mail.ru |
4) | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) Мектеп меңгерушісі Нұрғали Дариға. Тел.: 87058096501 Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №213 Ж\Қ бұйрығымен «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мектеп меңгерушісі лауазымына тағайындалған. |
5) | Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары (заңды тұлғаны және жарғыны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі (БСН 121040018495) 2021 жылдың 25 қаңтар күні берілген. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы аудандық білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Жарғысы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2020 жылғы 31 желтоқсанда №731 бұйрығымен бекітілген. |
6) | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2021 жылғы 10 ақпанда берілген №KZ03LAA00023039 білім беру қызметімен айналысу үшін берілген лицензиясы және лицензияға қосымшасы (лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері: бастауыш білім беру) бар. Мектепке дейінгі тәрбие және оқу саласындағы қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама бар. №KZ24RVK00003159 |
2. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар: | |
1) | Білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – МДТО ҮОЖ) сәйкестігі. Талдау нәтижесі: «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Балдәурен» шағын орталығы үздіксіз өз жұмысын атқарған. 2018-2019 оқу жылы «Балдәурен» шағын орталығында жалпы топ саны – 2. 2019-2020 оқу жылында жалпы топ саны- 3. Тәрбиеленушілердің жалпы саны-8. Соның ішінде кіші тобында 4 бала, ортаңғы тобында-1, ересек топта - 3 бала, 2020-2021 оқу жылы «Балдәурен» шағын орталығында жалпы топ саны-3. Тәрбиеленушілердің жалпы саны 5. Соның ішінде кіші тобында 1 бала, ортаңғы топта 2, ересек тобында 1 бала, МАД – 1 бала. 2021-2022 оқу жылы «Балдәурен» шағын орталығында жалпы топ саны-4. Тәрбиеленушілердің жалпы саны-9. Соның ішінде кіші тобында 5 бала, ортаңғы тобында 1 бала, ересек тобында 2 бала, МАД – 1 бала. 2022-2023 оқу жылында «Балдәурен» шағын орталығында жалпы топ саны -2, тәрбиеленуші бала саны -6. Ортаңғы топта -3, МАД – 3. Оқыту нәтижелерін бағдарлай отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтау бағытында мекеме өз қызметінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алған. 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылындағы оқу жоспарлары және ұйымдастырылған оқу қызметінің кестелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 жылғы №195 бұйрығы, «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген «1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына», 2022-2023 оқу жылы Оқу–ағарту министрлігінің 09.09.2022 ж. №394 бұйрығының 2-қосымшасымен шағын орталық, 3-қосымшасымен мектепалды даярлық тобына бекітілген оқу жоспарының өзгерісіне сәйкес келеді. Шағын орталық топтар мен мектепалды даярлық тобына арналған жұмыс оқу жоспары жасақталған. |
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сәйкес келеді. | |
2) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, соның ішінде: оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу; Талдау нәтижесі: «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына арналған перспективалық-күнтізбелік жоспарларында 9 айға 9 өтпелі тақырып, апталарға тақырыпшалар таңдалған. Оқу қызметтерінің тақырыптары жазылып, мақсаттары ашып көрсетілген. Оқу қызметтерінің тақырыптары таңдалып алынған өтпелі тақырыптарға сәйкес келеді.Оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілген. қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру; 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығы негізінде перспективалық жоспарға сәйкес балаларды тәрбиелеу мен оқытудың циклограммалары, күн режимі, жұмыс жоспарлары ұсынылған. Қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру жүзеге асырылған. тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау; Білім беру мен тәрбиелеуде психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында тәрбиеленушілердің таным үдерісін дамытуда психологиялық тренинг-сабақтар, балаларға арналған психогимнастикалар, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар жұмыстары жоспарланып жүргізілген. Ата-аналарды психологиялық ағарту және дәріс, әңгіме, сауалнама жұмыстары жоспарлы жүргізілген. мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру; 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында мектепалды даярлық тобындағы тәрбиеленушілер алты жасқа толып, жас ерекшеліктеріне сай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын игеріп, мектептің 1-сыныбына қабылданған. Бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер құрылған. мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттеріне бағытталған жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында жұмыстар жүргізілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, 1 сынып оқушылары, мектепалды даярлық сынып, ересек тобы тәрбиеленушілері, мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің бейімделу үдерісінде сабақтастық бойынша ата-аналарға арналған кеңес, мектепалды даярлық тобы, шағын орталық тобы, 1-сынып мұғалімдері өз білімдерін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілген. Тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау; 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында балалардың жас ерекшелік- тері бойынша оқу тәрбиесін ұйымдастыруды жоспарлау циклограммалары, баланың жеке даму карталары жасақталған. Тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау талаптарға сай жүргізілген. Талдау нәтижесіде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 7-тармағындағы «Оқытудың нәтижелері көрсеткіштер ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылады»-деген талабына сәйкес келеді. креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша білім беру міндеттері бес білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет» салаларының бағыттары бойынша жұмыстары бар. Саусақ моторикасын дамыту мақсатында қыстырғыштар, ілгектер, моншақтар арқылы әртүрлі ойындар ойнатылған. «Таным», «Әлеумет», «Коммуникация», «Шығармашылық» орталықтарымен жұмыстанған. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында балалардың іс-әрекетімен тәрбиесін ұйымдастыруды жоспарлау циклограммаларында мектепалды даярлық тобында бес білім беру салаларында ұйымдастырылған оқу қызметтерінде коммуникативтік қарым-қатынас жасау, байланыс орнату, тіл табысу әдістері қолданылған. Балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру; Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт- дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдары аралығында өтпелі тақырыптар негізінде: «Шежіре - ел тарихы», «Менің отбасым», «Менің Отаным - Қазақстаным», «Отбасы – асыл қазынам», «Ұлттық ойын – халық қазынасы», «Мәңгіліе ел құндылықтары» тақырыптары ұйымдастырылған оқу қызметтерінде қамтылып өткізілген. |
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сәйкес келеді. | |
3) | МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру. Талдау нәтижесі: «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды шағын орталық, мектепалды даярлық тобының негізгі міндеттері болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылатын «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделгені қашықтықтан жүргізілген байқаулардың нәтижесінен көрініс табады. Интернет олимпиадасына қатынасып, Р.Алдабергенова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. |
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сәйкес келеді. | |
4) | МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша білімі бар педагогтердің болуы Талдау нәтижесі: МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары білімі бар Р.Алдабергенова туралы сапалық құрамының құжат көшірмелері ұсынылған. Шағын орталық пен мектепалды даярлық тобы бойынша мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығында және мектепалды даярлық тобында 1 тәрбиеші жұмыс жасаған. Райгүл Асқарқызы Алдабергенова Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін 2017 жылы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша бітірген. Өз білімін жетілдіру бағытында 2020 жылы біліктілік курсынан өткен. Нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мамандығы бар педагог 100% сапаны құраған. |
Қорытынды: «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымда- рының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы талаптарына сәйкес келеді. | |
5) | Жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау; Талдау нәтижесі: «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Балдәурен» шағын орталығында және мектепалды даярлық сыныптары бойынша 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында ерекше білім беруді қажеттілік ететін тәрбиеленушілер жоқ. |
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сәйкес келеді. | |
6) | Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің болуы; Талдау нәтижесі: Тәрбиеленушілердің даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің жеке даму карталары жасақталған. Тәрбиеленушілердің даму мониторингін анықтау және жеке дамуын жоспарлау мақсатында ата-аналарға сауалнамалар жүргізілген. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» 7-тармағындағы «Оқытудың нәтижелері көрсеткіштер ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылады», - деген талапқа сай 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында бес білім беру саласы бойынша мониторинг жасалған. Баланың даму мониторингі және оның жеке дамуын бақылау парағы қағаз түрінде кезең-кезеңімен жасалған. |
Қорытынды: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сәйкес келеді. | |
7) | «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асыру; Талдау нәтижесі: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңа ұғымдармен таныстыру, өткенді қайталату, суретпен, түрлі бұйымдармен жұмыс, дене қимылдарын түрлендіре отырып өткізу сынды т.б. түрлі әдістерді пайдала отырып, оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылғаны перспективалық жоспарда ашып көрсетілген. Мектепалды даярлық тобы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының 5-қосымшасындағы зияткерлік конкурстарға қатысу нәтижелері және көркемдік, шығармашылық конкурстар мен байқауларға қатысу нәтижелері бойынша бағаланған. |
Қорытынды: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, ЖББ үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес келеді.
3) | Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау. Талдау нәтижесі: Талдауға ұсынылған құжаттарды зерделеу барысында критериалды бағалау бойынша нормативтік және әдістемелік нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, аптасына 1 сағат болатын негізгі пәндерден БЖБ, ал аптасына 1 сағаттан көп болатын пәндерден БЖБ және ТЖБ өтетіні анықталды. 2018-2019,2019-2020, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында БЖБ мен ТЖБ әдістемелік нұсқау хат негізінде жоспарлы түрде өткізілген. Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен әр тоқсанға 2 БЖБ, 1 ТЖБ, жылға 8 БЖБ, 4 ТЖБ өткізілуі керек. Дегенмен 2020-2021 оқу жылында 2-сыныпта негізгі оқу пәндері бойынша БЖБ тоқсанға бір рет, жылға 4 рет жүргізілген. БЖБ, ТЖБ жұмыстарының жүргізілуі педагогикалық кеңес, ӘБ отырысында қаралған. Жыл басында әр пән ерекшелігіне сай бөлім бойынша жиынтық бағалау уақыттары көрсетілген кесте ұсынылған жоқ. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру болып саналады. 2021-2022 оқу жылында БЖБ жұмысынан кейін жазба жұмыстары қатар жүргізілген (3-сыныпта қазақ тілі пәнінен шығарма, келесі күні диктант жұмысы). Аталған сыныпта орыс тілі мен математика пәнінен БЖБ-дан кейін келесі күні ТЖБ жүргізілген. Әр пәннен тақырыптың жеңілдігіне қарай БЖБ кіріктіріліп өткізіледі. 2021-2022 оқу жылында БЖБ 4-сыныптың 1 тоқсанында әдебиеттік оқу пәнінен БЖБ тақырыппен кіріктірілмеген. Ұсыныс: ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыз №125 бұйрығын, оқу жылына арналған ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа алу. | ||||||||||||||||||||||||||||||
ҚОРЫТЫНДЫ: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келмейді. | |||||||||||||||||||||||||||||||
4) | МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптарын орындау (дамудың және әлеуметтік бейімделудің бұзылуын түзету). Талдау нәтижесі: «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сыныптары бойынша 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында ерекше білім беруді қажеттілік ететін білім алушылар жоқ. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды: | |||||||||||||||||||||||||||||||
5) | 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау. Талдау нәтижесі: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұсынған құжаттарды талдау барысында4-сыныптың 2 оқушысы қатысып, тест қорытындысы бойынша 100% жинағаны анықтамада анықталды.
Тестілік бақылау нәтижелері бойынша 4-сыныптың білім алушылары күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау қорытындысы негізінде МЖМБС талаптарына сәйкес келеді деп есептелді. | ||||||||||||||||||||||||||||||
ҚОРЫТЫНДЫ: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||
5. | Оқу мерзіміне қойылатын талаптар | ||||||||||||||||||||||||||||||
1) | Тиісті деңгейлердегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау. Талдау нәтижесі: Талдауға ұсынылған құжаттарды (сынып журналдары, білім алушыларды қабылдау, ауыстыру немесе оқудан шығару туралы бұйрықтардың көшірмелері, педагогикалық кеңес хаттамаларының көшірмелері) зерделеу барысында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптардың сақталатындығы анықталды. Білім беру ұйымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі төрт жыл. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 33 оқу аптасын, 2,4-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||
2) | Сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау. Талдау нәтижесі: Талдауға ұсынылған құжаттарды (сынып журналы, педагогикалық кеңес хаттамаларының көшірмелері, мектептің оқу жылын бастау және аяқтау жөніндегі шығарылған бұйрықтар) қарау барысында 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптардың сақталғандығы анықталды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||
| Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің «А.Әділов атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш білім беру деңгейіндегі білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді. |