Файл: абылдаан Насырова арлыаш Орындаан адырбек Назгл Тобы.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы:Баспа


Қабылдаған: Насырова Қарлығаш
Орындаған: Қадырбек Назгүл
Тобы:ЖТД-726


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты




Шымкентский Медицинский Институт им Х.А Ясауи

Жоспары:


1.Кіріспе
2.Этиологиясы
3.Эпидемиологиясы.
4.Даму процессі
5.Жіктелуі
6.Клиникасы
7.Диагностикасы

Баспа


    Жіті тонзиллит (баспа) – стрептококктар, стафилококктар, сирек басқа микроорганизмдер туындататын жұтқыншақтық лимфалық сақина компоненттерінің, көбінесе таңдай бадамшаларының жедел қабынуы түріндегі жергілікті көріністермен өтетін жедел инфекциялық ауру.

Этиологиясы және пайда болу себептері:


Ангинаның ең жиі қоздырғышы бета- гемолитикалық стрептококк болып табылады.( 90% ке дейін). Кейде ( 8%) ангинаның себебі алтын түсті стафилококк, немесе пневмония стрептококкы, гемофильды таяқша, коринебактерия

Баспаның жіктелуі:

Қабыну сипаты бойынша:

Ангина түрлері


Лакунарлы ангина фолликулярлы ангинаға ұқсас жүреді, бірақ ауыр көріністермен көрінеді. Мұнда гиперемияланған бадамша бетінде ақ-сары жабын түзіледі. Ауыру ұзақтығы 5-7 күн.
Флегмонозды ангина сирек кездеседі. Оның пайда болуы бадамша бөлігінің іріңді ыдырауымен байланысты. Бадамша үлғайған, гиперемияланған, тығыздалған, пальпацияда ауырсынады, зақымдалу көбінесе бір жақты.
Герпетикалық ангина көбінесе балалық шақта кездеседі. Оның қоздырушысы Коксаки вирусы. Ауыру жоғары контагиоздылығымен ерекшеленеді, ауа- тамшылы жолмен сирек фекальды-оральды жолмен беріледі. Клиникасы жедел басталады қалтырау, дене температурасы 38-40 градус, жұтыну кезінде тамақтаағы ауырсыну, бас ауыру, бұлшықет ауырсынуы, құсу, іш өту. Жұмсақ таңдай, тіл, таңдай доғалары, бадамшаларда ұсақ қызғылт көпіршіктер көрінеді. 3-4 күннен кейін көпіршіктер жарылып, немесе сіңіп, шырышты қабат қалыпты күйге енеді.

Жаралы-некротикалық ангина


Жаралы-некротикалық ангина Симанов-Венсан. Бұл ангинаның себебі ұршық тәрізді таяқшамен спирохета болып табылады. Морфологиялық өзгеріс бадамша бетіндегі жаралы- некроздың пайда болуымен көрінеді. Процесс бір жақты. Науқас тамағындағы бөгле зат тұрғандай сезімге және де ауызынан жағымсыз иіс шығуына, сілекейдің көп бөлінуінешағым айтады. Температурасы қалыпты, қанда сәл лейкоцитоз. Зақымдалған жақтың лимфа түйіндері ұлғайған, ауыру ұзақтығы 1-3 апта кейде бірнеше айға созылады.


Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:


1. Анамнез жинау (науқастармен қатынас, анамнездегі созылмалы тонзиллит).
2. Объективті тексеру: науқастың жалпы жағдайы, аңқаны тексеру жəне басқа.
3. жедел тонзиллит кезінде:
* ЖҚА;
* ЖЗА;*
жұмыртқа құртына арналған нәжіс;*
RW-де қан;*
BL жағындысы.
- созылмалы тонзиллит кезінде:* операциялық материалды (таңдай Бадамша бездерін) гистологиялық зерттеу.

Емдеу тактикасы:


тамақтағы ауыруды басу жəне дене температурасын қалыпқа келтіру, жалпы ахуалын жақсарту.
Аурудың алғашқы күндері төсек режимін сақтау қажет, жеңіл сіңірілетін, тітіркендірмейтін, сүтті диета. Дезинтоксикация үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу: лимон қосылған жылы тəтті шай, жылытылған жемістік сусындар, минералды су. Ауырсынуды басатын жəне қабынуға қарсы препараттар (парацетамол 500 мг таблеткада немесе сироп 2,4% күніне 2-3 рет, ибупрофен 0,2 г күніне 3-4 рет қысқа курспен) Пенициллин тобының антибиотиктері А тобындағы β-гемолиздік стрептококктар туындатқан инфекциялар кезінде таңдау препараттары болып табылады. Ішке ампициллин 500 мг күніне 2-3 рет, 7 күн бойы тағайындайды. Таңдау препараттары болып сонымен қатар эритромицин табылады 500 мг күніне 2-3 рет, ішке.
Пенициллин қатарындағы препараттарға аллергия болған кезде цефалоспориндер тобының антибиотиктерін тағайындайды: цефалексин 750 мг күніне 2 рет 7- күн бойы. Таңдау препаратына, сонымен қатар, эритромицин 400 мг күніне 2-4 рет. жергілікті антибиотик – грамицидин жəне/немесе комбинирленген препарат грамицидин лидокаинмен қосып 3 мг күніне 4 рет, курс – 5-6 күн.
Гипосенсибилиздеуші терапия: кетотифен 0,5-1 мг капсула немесе таблетка күніне 2 рет, сублингвальді таблеткалар: фарингосепт, шаю.


Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Парацетамол сироп 2,4% флаконда; суспензия; суппозиторий 80 мг.
2. *Ибупрофен 0,2 г, табл.
3. *Ампициллин 500 мг, табл.
4. *Эритромицин 500 мг, табл.
5. **Цефалексин ішке қабылдау үшін суспензия 125 мг; 250 мг/5 мл.
6. Фурациллин, фарингосепт ерітіндісі.
Қосымша дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Бензатин бензилпенициллин суспензия дайындау үшін ұнтақ, инъекцияға арналған флаконда 1 200 000БІР, 2 400 000 БІР.
2. *Амоксициллин + клавулан қышқылы, қапталған таблетка 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг.
3. Грамицидин табл. сору үшін 1,5 мг.