Файл: Амола облысты білім басармасы кмм 5 Агротехникалы колледж информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы жинатаан Салихова Жмагл Клбайызы Информатика пні оытушысы Бозайыр ауылы білімді информатик.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


-Сіздің үйге Полтер Гейтс кірген,-депті доктор.

Компьютер құрылғыларын сататын дүкенге қартаңдау келген бір әйел келіп былай депті:

-Мен сіздерден тышқандарға арналған кілемше сатып алып едім. Тышқандар оның үстінен ары-бері жүгіріп өтіп жүр, бірақ өлмейді! Мүмкін кілемшені сулап қою керек шығар. Солай ма?!

Телефоннан дауыс:

-Сіздерде тышқан барма?

-Жоқ..

-Қашан болады?

-Білмеймін.

Бұл компьютер дүкені ме?

-Жоқ , пәтер...

КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
1.Программаларды іске қосудың немесе бумаларды ашудың пернелер арқылы басқарылатын қарапайым әрі әмбебап әдістері бар.Ол жарлықтар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін жұмыс үстелінде қажетті программаның жарлығын құру керек. Жарлықта тышқаннның оң жағын шертіп, мәзірден қасиетттер пунктін талдап алыңыз. Жалпы (Общие)Қосымшасынан Быстрый Вызов өрісін тауып аласыз.Осы өрісте тышқанды шертіп, кез-келген пернені басасыз.Терезеден сол арада қажетті пернелер жиынтығы көрінеді.(Мысалы:CLTR+ALT+K).Осы пернелер жиынтығын басу арқылы программаңызды жедел іске қосуыңызға болады.

2. Программаның немесе буманың терезесі бүкіл экранға шығатындай немесе қарапайым режімде көрініп тұратындай қалыпты таңдау үшін, жұмыс үстеліндегі программаны қосуға немесе буманы ашуға арналған кез-келген жарлықта тышқанның оң жақ пернесін шертіп, Қасиеттер пунктінен ЖАЛПЫ қосымшасын таңдап, ТЕРЕЗЕ өрісінен қажетті қалыпты таңдаймыз.

3. Егер SHIFT пернесін басып тұрып, файлда екі рет шертсеңіз, программа минималды түрде іске қосылады.

4. Файлды корзинаға тасымалдау кезінде SHIFT пернесін басулы күйде ұстап тұрсаңыз (немесе мәзірден Удалить пунктін таңдағанда), файлыңыз корзинаға түспей , бірден жойылады.

5. Егер сіз файлыңызды өзінің типінен бөлек программаның көмегімен ашқыңыз келсе, SHIFT пернесін ашулы күйінде ұстап тұрып, файлыңызда тышқанның оң жақ пернесін шертіңіз,. Пайда болған жанама менюден Открыть С помощью пунктін көресіз. Сол жерден файлыңызды ашуға керекті программаны таңдай аласыз.

6. WORD мәтіндік редакторында сіз мәтіндегі шағын бөлікті ерекшелеп алғыңыз келсе, тышқанды немесе SHIFT курсорды басқару пернелерін пайдалануыңызға болады.Ал егер мәтіннің үлкен бөлігін ерекшелеп алғыңыз келсе, алдымен өзіңізге қажетті бөліктің басында тышқанды шертіңіз .

7. Мәтіннің әр жерінен үзінділер ерекшелеп алу үшін алдымен бір үзіндіні, сонан соң CTRL пернесі басулы күйінде қалған үзінділерді

ерекшелеу керек.

8. Дискіні дефрагментациялауды орындау кезінде, дискімен жасалатын кез-келген операциялар жұмыс процесіне кедергі келтіреді. Дефрагментация кезінде эран контекстін өшіру үшін SION/Applets/defrag/settinds/Disable Screen saver реестрінің бөлімінде Үнсіз келісім бойынша ”yes’’ мәнін кою керек.


9. WINDOWS XP операциялық жүйесінде жане программалармен жұмыс істеу кезіндегі қателер кездескен жағдайда ‘MIСROSOFT- қа қате жөнінде есеп беру туралы ұсыныс хабарлар шыға береді. Бұл фуңцияны өшіріп тастау үшін,msconfig.exe файлын іске қосып, SERVICESA қосымшасында ERROR REPORTING SERVISE

Жалаушасын алып тастау керек.

10. Сіздің бумалар құрылымыздағы бумалардың бәрі сары түсті және бәрі бірдей әрі сәнсіз көрінеді. Ол буманы іздеуге және жұмыс жасауға қолайсыз. Сіздің әр буманың өз ерекшелігіне қарай оның түрін өзгерткіңіз келді делік, ол үшін, қажетті буманы таңдап алып, тышқанның оң жағын шертесіз де, Қасиеттер пунктінің СМЕНИТЬ ЗНАЧОК өрісінен өзіңізге қажетті суретті таңдап аласыз.Енді бумаларыңыз біркелкі түсте көрінбейтін болады. Буманы бұрынғы қалпына келтіруде осы ережемен орындалады.

11.Интернет- браузердің рөлін кез- келген програманың терезесі атқара алады.Файлдарға жол сілтенетін адрес жолына кез – келген сайттың адресін көрсетіп, жұмысқы қоссаңыз, қалаған сайтыңызды оқи аласыз.

12.windows қателер жөнінде тіреку журналдарына жазып қояды. Егер компьютерде бірнеше адам жұмыс іститін болса қатенің қай уақытта болғанын біліп отыру үшін қателерді тіркеу операциясын қосып қою керек қажет болмаса ажыратып тастау керек.

13. ХР жүйесінде жүйені қалпына келтіруге болатынын білесіңдер. Қалпына келтіру нүктелерін қалауыңызша реттеуге болады. Ол үшін HKLM/SOFTWARE/ MICROSOFT/ WINDOWS NT/ Current Version/ System Restore DWORD командаларын RP Lifelterval параметрі 1-ден 365ке дейінгі мәндерді қоюға мүмкіндік береді.

14. Windows XP операциялық жүйесінің жүйені қалпына келтіру функциясы өте қолайлы екендігі рас. Бірақ әрбір құрылған қалпына келтіру нүктелері қатты дискіде орын алады. Әр апта сайын оларды жойып отырмасаңыз, 1,5 гбайт көлеміндегі жадының жоғалғанын байқайсыз. Сондықтан, бұл функцияны өшіріп тастауға да болады. Қатты дискідегі, жүйені қалпына келтіру функциясына арналған орынның көлемін азайтуға да болады. Ол үшін мына командаларды орындау керек немесе дискіде қалпына келтіру функциясына қажет деген орын көлемін қалауыңызша көрсетуіңізге болады.

15. Windows XP, жүйелерінде компьютерді өшіруді, тек қораптағы энергияны сөндіру батырмасын басу арқылы ғана орындауға болады. Ол үшін мына командаларды орындаса жеткілікті. Осы жерден батырманы басқанда компьютермен жұмысты аяқтау командасы орындалатын жарлықты іске қосасыз.

16. WORD мәтіндік редакторына мәтінді ерекшелеп алып, сурет салу тақтасындағы «жазба» құралын таңдайтын болсақ, ерекшеленген мәтін жазбаның ішіне түседі. Басқа да автофигуралардың ішіне тышқанның оң жағын басып, қажетті мәтінді таңдау арқылы ерекшеленген мәтінді енгізуге болады. Автофигуралардан мәтінді қайта шығарып алу үшін, автофигураны ерекшелеп CTRL пернесімен тышқанның оң жақ батырмасын қатар басу жеткілікті.



17. Егер сіздің жұмысыңызға тапсырмалар тақтасы кедергі келтіретін болса, оны кедергі келтірмейтіндей орналастыруға немесе жасырып қоюға болады. Ол үшін тапсырмалар тақтасын экранның жоғары немесе бүйір жақтарына тышқанның көмегімен сүйреп апарып қоюға болады. Жасырып қою үшін тапсырмалар тақтасында тышқанның оң жақ батырмасын басып, Қасиеттер пунктінен «есептеулер тақтасын автоматты түрде жасырып қою» өрісіне жалауша қоясыз. Тышқанның көрсеткішін тапсырмалар тақтасы жасырылуы тұрған жиекке апарсаңыз, тақта қайтадан пайда болады.

18. WORD немесе EXCEL де сурет кезінде, төмендегі амалдар сурет алуды жеңілдетеді. SHIFT пернесін басулы күйде ұстап тұрып, тышқанмен қажетті фигураны жоғары төмен сүйресеңіз, фигураңыз,сол фигураның өзі тұрған сызық бойымен жоғары төмен жылжиды. Ал SHIFT пернесін жібермей ұстап тұрып, CTRL пернесін қосымша басып фигураны тышқанмен сүйресеңіз фигураңыздың көшірмесі фигура орналасқан сызық бойымен вертикаль және горизонталь бағытта жайғасады.


Көз бұлшық еттеріне және денеге арналған жаттығулар
1 кешендік жаттығулар
1-жаттығу. Орындықта отыру. Көзді жұмып, беттің бұлшық еттерін босату орындықтың арқасына шалқайып өзіңді бос еркін ұстап қолдарыңды алдыңа салу-10-15 секунд.
2-жаттығу. Көзі жұму. Мұрыннан самайға дейін қас сүйектерін және көздің төменгі жағын саусақпен дөңгелете қозғалыстар жасай отырып уқалай-20-30 сек. Көзді жұмып, өзіңді бос ұстап отыру-10-15 сек.
3-жаттығу. Қолды бүгіп көкірек алдында ұстау. Саусақтарды айқастырып қолдарды бір-бірімен біріктіру. Білекті қозғап, қолдарды ажыратпай, саусақтардың сырт жағын көкірекке тигізу. Білекті қозғап, саусақтардың ішкі жағын көкірекке тигізу. 4-6 рет қайталау. Қолды төмен түсіріп буындарды босатып саусақтарды еркін түрде айналдыру
4-жаттығу. Қолдарды шынтақпен бүгіп алақандарды ашып жоғары қарату. Саусақ буындарын кезекпен сұқ саусақтан бастап сыртылдату. Осыны кері бағытта да орындау 2-3 рет қайталау Қолды төмен түсіріп буындарды еркін түрде сілкіп айналдыру.
5-жаттығу. Басты бос ұстап төмен қарай түсіру және тік ұстап аздап артқа жіберу 4-6 рет қайталау. Асықпай жай орындау
6-жаттығу. Алдыңа алыс жаққа қарау -2-3 сек Көзді мұрын ұшына 3-5 сек бұру 6-8 рет қайталау

2- кешендік жаттығулар
1-жаттығу. Басты бір жаққа сонан соң екінші жаққа жайлап бұру керек 3-4 рет қайталау


2-жаттығу. Бастың артқы жағы мен мойынды –сипалау, саусақтармен дөңгеленген қозғалыстар жасау саусақты батырып уқалау. Барлығын да саусақтардың ішкі төмен қарай орындау қажет

3-жаттығу. 3-5 секундқа көзді қатты жұму сонан соң 3-5 секундқа ашу 6-8 рет қайталау
4-жаттығу. Қолды бүйірге қою. Шынтақтарды барынша алға жылжыту. Шынтақтарды артқа тартып еңкею 2-3 рет қайталау
5-жаттығу. Қолды бүйірге Оң қолды басқа қойып бұлшық еттерді қатайтып денені оңға қарай бұру Бұлшық еттерді босаңсытып бастапқы қалыпқа оралу осы қимылды екінші жаққа қарай орындау 2-3 рет қайталау
6-жаттығу. Қолды көзден 40-50 см қашықтыққа жоғары-төмен түсіріп қолдан көз алмау Қолды алмастыра отырып осыны 10-12 рет қайталау

МАЗМҰНЫ

1. Білімді информатик.................................................................2 – 4 бет

2. Компьютерді озат меңгерген сынып.....................................5 – 6 бет

3.Үздік информатик ..............................................................7 – 9 бет

4. ХХІ ғасыр көшбасшысы ................................................10 – 13 бет

5. Білімдіге дүние жарық........................................................14 – 17 бет

6. Білім биржасы .....................................................................18– 21 бет

7. Білімді достар......................................................................22 – 24 бет

8. Озық ойлы ойыншы ..................................... ....... .............25 – 28 бет

9. Интернеттің пайдасы мен зияны...... ...... .........................29 – 31 бет

10. Керемет жетеу....................................................................43 – 44 бет

11. Интернеттің пайдасы мен зияны......................................45 – 49 бет

12. Инфо-бинго ойыны............................................................32 – 35 бет

13. Қызықты информатика .....................................................36 – 37 бет

14. Электроника әлемінде. .....................................................38 – 40 бет

15. Не? Қайда? Қашан? ............. ............................................41 – 43 бет

16. Компьютер айналасындағы әзіл – қалжындар...............44 – 45 бет

17. Компьютерді пайдаланушыларға

пайдалы кеңестер... ...................... ...................................46 – 47 бет

18. Жаттығулар ............................................................................48 бет