Файл: останай облысы кімдігі білім басармасыны останай аласы білім бліміні 24 мектепгимназиясы кмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» КММ



«Тіл білгірі»

4 сынып оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарламасы
Құрастырушылар:

Бикеева Б. М.,

Антаева М.Т.,

Ертышпаева Ж.Ж,.

Калдаманова З.А.,

Султанова Қ.С,.

Мазмұны
Түсінік хат .............................................................................................. 2-3 бет
Тақырыптық жоспар тізімі ................................................................... 4 – 6 бет
Әдебиеттік тізім ..................................................................................... 7 - бет

Түсінік хат
04. 06. 2021 жылы облыстық оқу –әдістеме кеңесі отырысының № 5 хаттамасымен бекітілген.

Тіл –өте күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сонша,тілдің дыбыстық жүйесін, лексикалық мағынасын, грамматикалық құрылымын оқушыға жетік меңгерту әр мұғалімнің міндеті болып табылады. Мұндай міндеттерді шешу барысында оқыту пәнімен бірге таңдау курстарының алатын орны ерекше. Біз ұсынып отырған «Тіл білгірі» деп аталатын 2- 4 сынып оқушыларына арналған факультатив курсының бағдарламасы бастауыш сыныптың қазақ тілі пәніне сәйкестендіріліп жасалған. Бағдарламада- оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны және көлемі оңайдан қиынға қарай күрделеніп берілген. Тіл білгірі 2 - 4 сыныптарға арналған факультатив курсы оқушыныңдайын білімді емес, өздігінен ізденетін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін және коммуникативтік құзырылығы жоғары жеке тұлғаны көздейді.Сондай-ақ әр сыныпта өтілетін сабақ мазмұны әрбір тілдік категориядан берілетін материалдың көлемі тереңдетіліп аоынған.Оқытудың мақсаты айқын көрсетіліп, материалды зерттеудің бірізділігі, қолданылатын әдіспен оқу формасын ұйымдастырудың ерекшелігімен пәндердің өзара байланысы туралы бағыт берілді.Оқушылардың білім деңгейі, дүниетанымы кеңейіп, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйренеді.

Факультатив курс мақсаты: Оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрі: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылымды (диалогтық және монологтық) меңгерте отырып, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру.

Факультатив курс
міндеттері:

- оқушылар негізгі пән қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түсу.

- тыңдалым дағыдысы арқылы мәтіндегі негізгі ойды түсіну,ақпаратты анықтау,іс-тәжірибеде қолдана білу,ақпартқа ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.

- айтылым дағдысы арқылы белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеп шешім шығару, қорытынды пікір жасау дағдыларын қалыптастыру.

- оқылым дағдысы арқылы мәтіндегі негізгі қосымша ақпаратты түсініп,астарлы ойды анықтау,шығарма кейіпкерлерін салыстырып, зерттеп оқу,сыни тұрғыдан бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.

- жазылым дағдысы арқылы тақырыпты аша білу,өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеу,қорытынды шешім шығару,өз көзқарасын дәлелдеу.

Факультатив курстың ерекшелігі: бастауыш сынып оқушыларының арасында жиі болатын баяу қабылдау, зейінінің тұрақсыздығы, еске сақтаудың әртүрлілігі сондай-ақ логикалық ойлау қабілетімен танымдық қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып, қызығушылығы төменжәне жоғары деңгейдегі оқушының қабілетін дамыту мақсатындақұрылған. Сонымен қатар тапқырлық пен зеректік танытуға мүмкіндік беру, танымдық тапсырмалар тапсырмалар және шығармашылық тапсырмалар жеңілден қиынға қарай күрделендіріліп балалардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптыңқазақ тілін тереңдетіп оқытуға дайындау үшін тілдің дыбыстық қызметі мен ерекшелігін, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын игерту үдерісі өз жалғасын табады.

Сонымен бірге оқушылардың меңгермей қалған материалдарын толықтырыптүзету қарастырылады. Қосымшаберілген жаттығулар мен тапсырамалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі, қызығушылығын артырады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушы нені игереді? - білім, білік және дағды жүйесін игереді;

Нені біледі?

  • сөйлеу мәдениетін жетілдіреді, ой бөлісе отырып, ой – пікір, сөз еркіндігіне баулиды.

Нені жасай алады? - сұхбаттасушыны тыңдап, ести алады, өзінің ұстанымдарын негіздей алады, өз пікірін білдіре алады;

«Тіл білгірі» 4 сыныптарға арналған факультативтік курс бағдарламасының тақырыптық жоспары



Тақырыптары

Мақсаты

Сағат саны

1

Дыбыстардың ертегі әлемі

Стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап, түзету;жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларына сәйкес өз бетінше редакциялау.

1

2

Сөз құрамы-біздің негізгі көмекшіміз.

Сөздерді сөз құрамына талдау

( жұрнақ, жалғау)

1

3

Буын үндестігінің сиқыры

Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту;

сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын, үндестігін сақтап айту




4

Дыбыс үндестігінің сиқыры

Сөздерді,дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту;

сөз ішіндегі және сөз бен дыбыс үндестігін сақтап айту

1

5

Мәтін патшалығына саяхат

мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау


1

6

Әңгімелеу патшалығы

мәтін түрлерін (әңгімелеу/және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау, әңгімелеу элементтері бар мәтін құрап жазу

1

7

Сипаттау патшалығы

* мәтін түрлерін сипаттау және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау, сипаттау элементтері бар мәтін құрап жазу

1

8

Пайымдау патшалығы

*мәтінтүрлерін пайымдау және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау, пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу

1

9

Сөйлем және достары

оқыған, тыңдаған және Оудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

1

10

Қызықты синтаксис

Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау білу

1

11

Сиқырлы сөз тіркесі

Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

1

12

Жай және құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою

1

13

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

1

14

Бірыңғай мүшелер

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою

1

15

Сөз және оның мағынасы

Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу

1

16

Күрделі сөздер

Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)




17

Біріккен сөздер

Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

1

18

Қос сөздер және олардың түрлері

Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

1

19

Көп мағыналы сөздер

Көп мағыналы сөздерді ажырату

1+

20

Қаратпа сөздің орны

Қаратпа сөздерді ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою

1+

21

Қыстырма сөздер

Қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою

1+

22

Жеті ағайынды зат есім.

Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу

1+

23

Зат есімнің жіктелуі

Жіктікжалғауларыныңқолданысынбілу.

1

24

Мәртебелі - етістік

Етістікті,етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану.

1

25

Керемет сын есім

Сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау

1

26

Сан есім патшасы

Сан есім және оның қызметін,түрлерін анықтау

1

27

Есімдіктер сыры

Есімдіктер және оның қызметін, тыныс белгілерін анықтау

1

28

Үстеу шаһары

Үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану

1

29

Еңбекқор шылау

Шылау және оның қызметін, тыныс белгілерін анықтау

1

30

Одағайдың мінезі

Одағай және оның қызметін, тыныс белгілерін анықтау

1

31

Еліктеуіш сөздер

Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау


1

32

Еліктеуіш сөздер

Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау


1

33

Одағай

Одағай және оның қызметін, тыныс белгілерін анықтау

1

34

Интеллектуалдық ойындар

Оқушының танымдылық біліктілігін қалыптастыру

1



Әдебиеттер тізімі:

1.Әміров.Р, Асылова.Ұ,.Жиенбаева У. /Қазақ тілі 4- сыныпқа арналған оқулық / Алматы «Рауан» баспасы 1997 247 бет

2.Елубаев. Е /Балаларға базарлық/ «Алматы кітап» ЖШС, 2006 156б.

3.«Қазақ тілінен оқыту әдістемесі» 4-5 сыныптар /Алматы/ «Атамұра» баспасы 2005 253б.

4.Дайындауыш немесе қазақ тілінен 55 сабақ «Шикула және К» ЖШС, 2 007 69 б.

5.Ақыпбекұлы Ө. /Қырық қызық/ Алматы: Балауса баспасы 2002-28 б.

6.«Негеш» энциклопедиясы. Алматы 1995 ж

7.Тұрдалиева.Г.Ж./ Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі/ «Фолиант» 2007

8.Ботабаева.Ұ.С., Ерешева К.Ә., Жазықбаева Ұ.П.,Мырқасымова Н.Қ.

/Қазақ тілінен сын жұмыстары /1-4 сыныптар/ «Өлке» баспасы, 2003-231б.

9.ИсаевС.М. Қазақ тілі Алматы, Университет «Қайнар» баспасы 1993

10.Оразахынова Н.А. Сатылай комплексті талдау /фонетика, лексика/ Алматы 1998

11.Ерешева К., Жамалбекова Г. /Қазақ тілінен өзіндік жұмыстары/ 3- сынып Алматы,2009

12.Мырзабеков С. /Қазіргі қазақ тілі фонетикасы/ Алматы, 1997

13.Хасанова С. Кестелі грамматика. Алматы, 1996