ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.04.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӘОЖ 373.5.016.026.8:51(574)
ӘЛДІБАЕВА Т.Ә.
БІЛІМ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША ӘЛ-ФАРАБИДІҢ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІН ДӘРІПТЕУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Ұсынылып отырған мақалада әл-Фарабидің еңбектерін білім деңгейлері бойынша дәріптеу мүмкіндіктері көрсетілген. Олардың біріншісі, аталған еңбектерді педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытылатын «Математика тарихы» оқу курсы пәні мазмұнына енгізу; екіншісі, студенттерге арналған арнайы элективті оқу пәні мен жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын 10-11 сынып оқушыларына арналған қолданбалы курс мазмұнында қамту. Бұл мәселерді шешуге негіз ретінде математика тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері қарастырылып , олардың жүйеленген нұсқасы ұсынылды.
Түйін сөздер: математика тарихы, математиканы оқыту, білім сапасы, әл-Фарабидің математикалық еңбектері, білім деңгейлері.
В предлагаемой статье представлены возможности популяризации трудов Аль-Фараби по уровням знаний. Первый из них-включение данных трудов в содержание учебного курса «История математики», преподаваемого в педагогических вузах; второй-включение в содержание специального элективного учебного предмета для студентов и прикладного курса для учащихся 10-11 классов, обучающихся по естественно-математическому направлению. В качестве основы для решения этих задач были рассмотрены цели и задачи преподавания истории математики и предложен их систематизированный вариант.
Ключевые слова: История математики, преподавание математики, качество знаний, математические труды Аль-Фараби, уровни знаний.
The proposed article presents the possibilities of popularizing the works of Al-Farabi by levels of knowledge. The first of them is the inclusion of these works in the content of the course "History of Mathematics" taught in pedagogical universities; the second is the inclusion in the content of a special elective subject for students and an applied course for students of grades 10-11 studying in the natural-mathematical direction. As a basis for solving these problems, the goals and objectives of teaching the history of mathematics were considered and their systematized version was proposed.
Keywords: History of mathematics, teaching mathematics, quality of knowledge, mathematical works of Al-Farabi, levels of knowledge.
Болашақ математика мұғалімін ғылымның дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру және оны мектепте математиканы оқытуда мәдени-тарихи көзқарасты дамытуды жүзеге асыруға дайындау білім алушылардың математикалық білімінің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Осы бағытта мектепте математика тарихынан түсінік берудің, жоғары педагогикалық оқу орындарында элективті пән ретінде оқытылатын «Математика тарихы» оқу пәнінің алатын орны ерекше.
Бүгінгі күні білім алушылардың математиканың адам өміріндегі және білім жүйесіндегі рөлі туралы білімдерін дамыту өзекті мәселелердің бірі. Осындай мәселенің тиімді шешімі ретінде математика тарихына қатысты оқу материалдарын әртүрлі білім деңгейлерінде математиканы оқыту барысында ұтымды пайдалануды ұсынуға болады. Осындай материалдардың ең негізгілері: әл-Фарабидің математикалық еңбектері, оларды зерттеуші ғалымдардың (мысалы, Машанов А.Ж., Көбесов А.) еңбектері.
Жалпы математика тарихы - математикалық ғылымның бір саласы. Оның осындай ерекшеліктерін ескере отырып, «Математика тарихы» оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендеріне [1, 2, 3, 4] талдау жасалды. Мұндағы негізгі мақсат осы еңбектердегі жоғары педагогикалық оқу орындарында математика тарихын оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне талдау жасау, синтездеу арқылы олардың жүйеленген нұсқасын ұсыну болды. Сонымен, «Математика тарихы» пәнін меңгерудің мақсаты - білім алушылардың математика туралы түсінігін үздіксіз дамып келе жатқан ғылым ретінде кеңейту, математиканың пайда болуы мен дамуы туралы, кейбір математикалық фактілердің пайда болу себептері туралы түсініктерін кеңейту, математиканы оқытуда тарихи ақпаратты ұтымды пайдалануға дағдыландыру. Сәйкесінше, оның негізгі міндеттері:
- білім алушыларды математиканың және математиканы оқытудың негізгі даму кезеңдерімен таныстыру;
- аса көрнекті математик-ғалымдардың математиканың дамуындағы рөлін қарастыру;
- мектеп математика курсының әрбір мазмұндық желісінің тарихи дамуын ашып-көрсету;
- білім алушылардың (студенттердің) оқу процесін шығармашылықпен құру біліктерін дамытуға ықпал ету (математиканы оқытуда математика тарихының фрагменттерін пайдалану арқылы);
- математика тарихын зерттеу арқылы білім алушылардың әртүрлі математикалық курстарда алған білімдерін жүйелеу;
- білім алушылардың математиканың адам өміріндегі және білім жүйесіндегі рөлі туралы білімдерін дамытуға ықпал ету.
Көріп отырғанымыздай, аталған мақсаттар мен міндеттерді білім деңгейлері бойынша, яғни мектептің жаратылыстану-математикалық бағытында математиканы бейімдеп оқытатын 10-11 сыныптарында, орта (педагогикалық колледждерде) және жоғары педагогикалық оқу орындарында математика тарихын оқыту үшін дайындалатын оқу-әдістемелік құралдарды даярлауда бейімдеп пайдалануға болады. Сонымен бірге, бұлар әл-Фарабидің математикалық еңбектерін зерделеу бағыттарын айқындауға негіз бола алады.
Осылайша қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде білім алушылар:
- математикалық ғылымның дамуының объективті заңдылықтарын;
- математиканың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, математиканың дамуының кезеңділігін;
- жетекші ғалым-математиктердің, отандық математиктердің математикалық білімді дамытуға қосқан үлесін;
- тарихи мәліметтерді зерттеудің тәрбиелік аспектілерін білуі тиіс;
- математика тарихының маңызды фактілерін белгілі бір дәуірдің тарихи оқиғалары тұрғысынан сипаттай алуы;
- математиканың дамуына түрлі өркениеттердің (Ежелгі Египет, Вавилон, ежелгі Греция, Үндістан, Қытай және т.б.) қосқан үлесін баяндай алуы;
- математиканы оқыту процесінде тарихи мәліметтерді пайдалана алуы;
- математика тарихы бойынша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс (ең бастысын бөліп көрсету, қорытынды жасау) жасай алуы тиіс;
- математиканы оқыту барысында тарихи мәліметтерді пайдаланудың әдістемелік әдіс-тәсілдерін;
- білім алу процесінде басқа субъектілерімен өзара әрекеттесу тәсілдерін;
- мазмұнды-ақпараттық ортаның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кәсіби білім мен дағдыларды жетілдіру тәсілдері меңгерулері тиіс.
Математиканың даму тарихы - бұл математикалық идеялардың, тұжырымдамалар мен бағыттардың даму тарихы ғана емес, сонымен бірге математиканың адам іс-әрекетімен, әртүрлі дәуірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланысы тарихы екені белгілі.
Математиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы, оның жаңа бөлімдерінің пайда болуы қоғамның өлшеу, бақылау, әсіресе аграрлық, өнеркәсіптік және салық салу салаларындағы қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты. Математиканы қолданудың алғашқы бағыттары жұлдыздар туралы ойлаумен және егіншілікпен байланысты болды. Жұлдызды аспанды зерттеу, теңіз сауда жолдарын, жаңа аудандарға керуен жолдарын салуға және мемлекеттер арасындағы сауданың әсерін күрт арттыруға мүмкіндік берді. Тауарлармен алмасу мәдени құндылықтармен алмасуға, әртүрлі нәсілдер мен халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне негіз болатын құбылыс ретінде толеранттылықтың дамуына әкелді. Сан ұғымы әрқашан сандық емес ұғымдармен бірге жүрді және ол математика қолданылған барлық ғылымдарда толық көрініс берді.
Еуропада гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына бөліну математиканың осы бөліктерге әсер ету дәрежесі бойынша дамыды. Математика тарихының жеке оқу курсы ретіндегі осындай ерекшеліктері бола тұра ғаламторда кездесетін қазақ тіліндегі әдістемелік мақалалар мазмұны өте тар, тіпті бірнеше мақала «көрнекті математиктер А.Н.Колмогоров пен А.Д.Александров ұсынған жіктеу бойынша математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді» деген сөйлемнен басталады. Мұның өзі осы бағытта әлі де болса, болашақ мұғалімдерді даярлайтын оқу орындарында жүйелі жұмыстардың жүргізілуі қажет екендігін дәлелдейді. Ал математика тарихының жекелеген мәселелері бойынша, оның ішінде әл-Фарабидің математикалық еңбектері мен оны зерттеушілердің (Машанов А.Ж., Көбесов А.) еңбектеріне терең талдау жасалып, жүйеленген бірсыпыра жұмыстар соңғы он жыл ішінде белсенді түрде жарық көрген [5, 6, 7].
Енді осы әл-Фарабидің математикалық еңбектерін және оларды қазақ тіліне аударып, зерттеу жұмыстарын жүргізген А.Көбесов пен оның ұстазы А.Ж.Машановтың еңбектерін әр түрлі білім деңгейлерінде оқыту мазмұнында қамтуды:
-
жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын 10-11 сынып оқушыларына арналған қолданбалы курстар мазмұны, тіпті жеке курс арқылы; -
педагогикалық колледждерде, жоғары оқу орындарында элективті пәндер арқылы жүзеге асыруға болады.
Енді аталған әл-Фарабидің математикалық еңбектері мен оларды зерттеуші ғалымдардың еңбектері аталған курс мазмұнында жан-жақты қарастырылуы үшін, математиканың даму тарихын әл-Фарабиге дейінгі және одан кейінгі кезеңдерде қарастыру тиімді. Себебі, екінші кезеңде математиканың дамуына әл-Фарабидің қосқан үлесін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік туып, сәйкесінше сол еңбектердің сәйкес ортада таралуына және онда қарастырылған ойлардың дамуына ықпал еткен ғалымдардың еңбектерін дәріптеуге мүмкіндік жасалатын еді. Бірақ бұл бірден біте қоймайтын, жеке жоба деңгейінде, сондай-ақ, магистранттар мен докторанттар тарапынан жүргізілетін өте ауқымды жұмыс. Мәселенің діл осындай шешімі математика мамандықтары студенттеріне арналған білім бағдарламаларының сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Каллаур, Н.А. История математики: учебно-методический комплекс для студ. физико-математического факультета. – Брест : Изд-во БрГУ, 2020. – 120 c.
Бронникова, Л.М. История математики [Электронный ресурс] : учебное пособие. – Барнаул : АлтГПУ, 2016. ISBN 978–5–88210–810–5
Шевцова Ю.В. История математики. Пособие для студентов механико-математического факультета/ http://elibrary.sgu.ru/uch_lit/1946.pdf
Гильмуллин М.Ф. История математики: Учебное пособие / М.Ф. Гильмуллин. — Елабуга: Изд-во ЕГПУ, 2009. — 212 с.
Акжан Машанов: ученый-горняк и исследователь наследия аль-Фараби/ https://liter.kz/akzhan-mashanov-uchenyy-gornyak-i-issledovatel-naslediya-al-farabi/
Геометрия и алгоритмы аль-Фараби в современном образовании. Авторы: Е.Ы. Бидайбеков, Г.Б. Камалова, Б.Г. Бостанов: file:///C:/Users/user/Downloads/geometriya-i-algoritmy-al-farabi-v-sovremennom-obrazovanii.pdf
Балықбаев Т.О., Әл-Фараби мұрасы және Көбесов зерттеулері/ https://egemen.kz/article/236715-al-farabi-murasy-dgane-kobesov-zertteuleri
Қатысу формасы
Тегі, аты, әкесінің аты | Әлдібаева Тұрағалды Әбіләкімқызы |
Ғылыми дәрежесі, атағы | педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент |
Пошта, мекен-жайы | Алматы қаласы, Жасқанат ықшамауданы 1/27, 45 |
Байланыс нөмірі, E-mail | +77071106889, turash67@mail.ru |
Бағыт (секция) | 2-секция. Әл-Фараби - математик, жаратылыстанушы, педагог және заманауи білім беру |
Баяндама тақырыбы | Білім деңгейлері бойынша әл-Фарабидің математикалық еңбектерін дәріптеу мүмкіндіктері |