Файл: атысандар саны 5 атыспаандар саны жо.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф-28-01/06

Шымкент университеті

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар факультетінің

Оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінің

1 хаттамасы
Шымкент қ. 26.08.2022 ж.
Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар саны: жоқ
Күн тәртібі

1.Факультет оқу-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту

2.2022-2023 оқу жылына арналған факультеттің оқу-әдістемелік Кеңес жұмысының жоспарын талқылау және бекіту

3.Білім беру бағдарламалары бойынша оқылатын пәндердің пән кешенін талқылау және бекіту

4. Күзгі семестрдегі ашық сабақтардың жоспарын бекіту

5. Факультеттің оқу-әдістемелік бірлестігін құру.
ТЫҢДАЛДЫ :

Факультет оқу-әдістемелік кеңес төрайымы Таджиханова К.И.: Оқу-әдістемелік кеңес мүшелері түгел болғандықтан, кезекті оқу-әдістемелік кеңесті ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді хабарлап кеңесті бастауға ұсыныс жасады. Ашық дауыспен ұсыныс толық қабылданды.

1. Факультет оқу-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту

Тыңдалды:Кеңес төрайымы Таджиханова К.И. сөз алып, 2022-2023 оқу жылына арналған факультет оқу-әдістемелік Кеңестің құрамын бекітуге ұсыныс жасады. Жаңа оқу жылындағы Оқу-әдістемелік кеңес құрамын төмендегіше бекітуге ұсыныс жасалды:


Кеңес төрайымы

1

Таджиханова К.И.

«Математика және информатика» кафедрасының магистр оқытушысы

Кеңес төрайымының орынбасары

2

Таджиханова К.И.

«Математика және информатика» кафедрасының магистр оқытушысы

Кеңес мүшелері

3

Утебаева Ш.К.

«Математика және информатика» кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.к., аға оқытушысы

4

Балғабекова А

«Химия және биология» кафедрасының магистр, аға оқытушы

5

Сарсенова М.М

«Құқықтану» кафедрасының магистр, аға оқытушысы

6

Рысбаева С.К.

«Бизнес және басқару» кафедрасының магистр, аға оқытушысы



Қаулы:

1. 2022-2023 оқу жылына арналған факультет оқу-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту үшін Ғылыми кеңеске ұсынылсын.


2. 2022-2023 оқу жылына арналған факультеттің оқу-әдістемелік Кеңес жұмысының жоспарын талқылау және бекіту

Тыңдалды: Кеңес төрайымы Таджиханова К.И. сөз алып, 2022-2023 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік Кеңес жұмысының жоспарын талқылау және бекітуді ұсынды.

Сөз алды Рысбаева С.К. Оқу-әдістемелік кеңес негізінен 1 айда бір рет отырыс өткізу жоспарланып отыр. Бұл кеңесте оқу-әдістемелік жұмыстарға байланысты кез келген мәселені талқылап, шешеді. Сондықтан алдарыңызға ұсынылып отырған жұмыс жоспарын бекіту үшін дауыс беріңіздер.

Қолдағандар – 5

Қарсы болғандар – жоқ.

Осы қабылданған жоспар кафедраларға таратылатын болады. Сол жоспарға сәйкес кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарын жасап, кафедрада бекітіңіздер.

Қаулы:

  1. 2022-2023 оқу жылына арналған факультет оқу-әдістемелік Кеңес жұмысының жоспары талқыланып, бекітілсін.

3. Білім беру бағдарламалары бойынша оқылатын пәндердің пән кешенін талқылау және бекіту

Тыңдалды: Кеңес төрайымы Таджиханова К.И. сөз алып, Жаңа нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес І жарты жылдықта оқылатын пәндер бойынша ОӘК талқылау және бекітуді ұсынды.

Сөз алды Сарсенова М.М. Факультеттегі кафедраларда 2022-2023 оқу жылында оқытылатын оқу пәндері осы құжаттар берілген. Оқу пәндерінің көлемі қанша кредит құрайтыны, қайсы оқу түрі (күндізгі, кешкі), академиялық кезеңде (семестр) және қандай мамандықтарға оқытылатыны көрсетілген. Пәндердің кредит саны және оқылатын семестрлері оқу жылында, мамандықтарының жұмыс оқу жоспарына сәйкес өзгеруі мүмкін.

Қолдағандар – 5

Қарсы болғандар – жоқ.

Қаулы:

1. Білім беру бағдарламалары бойынша оқылатын пәндердің пән кешенін талқылап, университет ОӘК талқылауға ұсынылсын.
4. Күзгі семестрдегі ашық сабақтардың жоспарын бекіту

Тыңдалды: Кеңес төрайымы Таджиханова К.И. сөз алып, Күзгі семестрдегі ашық сабақтардың жоспарын талқылауға ұсынды.


Сөз алды Рысбаева С.К. Сіздерге ұсынылып отырған І жарты жылдықтағы ашық сабақтардың кестесі талапқа сай жасалған. Оқытушы-профессорлар құрамының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жас мамандарға көмек беру мақсатында өзара сабаққа енуді жиі қарастырады.
Қаулы:

1. Күзгі семестрдегі ашық сабақтардың жоспары университет ОӘК ұсынылсын.

5. Факультет ОӘБ құрамын және жоспарын бекіту

Тыңдалды: Кеңес төрағасы Таджиханова К.И. сөз алып, кеңес құрамының жанынан факультеттің оқу-әдістемелік бірлестік құру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл оқу әдістемелік бірлестіктің жұмыс тобы құрылып, атқаратын функциясын белгілеу қажет. ОӘБ жұмыс тобы әр оқу жылында екі рет, яғни 1 жж – 1, 2 жж -1 рет мәжіліс өткізіп, жоспар бойынша жұмыс жасайтын болады. Жұмыс тобының құрамын төмендегіше ұсынамыз.


1

Таджиханова К.И.

Факультет әдіскері, Бірлестік төрайымы

2

Утебаева Ш.К.

п.ғ.к., аға оқытушысы, бірлестік мүшесі

3

Балғабекова А

магистр, аға оқытушы, бірлестік мүшесі

4

Сарсенова М.М

магистр, аға оқытушысы, бірлестік мүшесі

5

Рысбаева С.К.

магистр, аға оқытушысы, бірлестік мүшесі


Сөз алды Таджиханова К.И. Факультетте қарастырылатын құжаттардың сапасын қамтамасыз ету жөнінде ОӘБ құрылуын толық қолдаймыз. Әрбір құжатты арнайы тексеретін жұмыс тобының кәсіби біліктіліне сенім артамыз.
Қаулы:

  1. 2022-2023 оқу жылында факультет ОӘБ құрамы бекітілсін.

  2. 2022-2023 оқу жылында факультет ОӘБ жоспары бекітілсін.


Кеңес төрайымы: Таджиханова К.И.