ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.04.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
І. Жалпылама-сыныптық тексеру
1. Тексерудің себептері.
Белгілі бір сыныпты тексеру үшін олардың білім сапасы, онда жұмыс істейтін мұғалімдердің жұмысының сапасын, сыныппен жұмысы, сынып жетекшісінің, ата-ананың ролі, ұжымдағы психологиялық жағдай себеп, негіз болады. Өткен оқу жылына талдау жүргізгенде міндетті түрде мына мәлімет болу керек:
Барлық сынып оқушылары білім сапасы бойынша үш топқа бөлініп, ортақ бөлім ретінде мектеп бойынша немесе басқыш бойынша орташа білім сапасы алынады.
Жоғары білім сапасы | Орта білім сапасы (жалпы мектеп бойынша) | Төмен білім сапасы | ||||
Сынып | % | Сынып | % | Сынып | % | |
| | | | | |
Ең төменгі білім сапасын көрсеткен сыныпты міндетті түрде жалпылама сыныптық тексеруге алады, ең жоғары білім сапасын көрсеткен сыныпта да жалпылама сыныптық тексеруге алуға болады, бірақ оның мақсаттары басқа болады.
2. Тексерудің мақсатын анықтау.
Сыныптағы үлгерімнің төмен болу себептерін анықтау, оларды жою жолдары (сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің, сынып жетекшісінің, ата-анасының іс тәжірибесін жалпылау).
3. Алдын-ала мәлімет жинау:
а) өткен оқу жылындағы үлгерім (сынып жетекшісі жасайды);
ә) оқушылардың бір немесе екі «3»-ке және «2» шыққан пәндері (сынып жетекшісі жасайды);
б) оқушылардың сабаққа қатысуы (сынып жетекшесі жасайды);
в) кіші педкеңестің және оқушылар анкетасының қорытындысы бойынша оқушылардың сабақта өзін-өзі ұстауы (тексеруші сынып жасайды).
4. Тексеру схемасы
Р/с | Тексеру объектісі | Тексеру жолдары | Тексеру әдіс-тәсілдері |
1. | Оқушылар сабағын көп жіберетін және үлгермеушілері көп мұғалімдердің жұмысына жеке тұлғалық тексеру. | Тексеру жүйесі және білім деңгейінің есебі. Оқушылар біліміне қойылатын талаптың деңгейі. Оқушылармен дифференциалды жұмыс істеу. Түсіндіру әдісі. Пәнге қызығушылығын арттырудағы әдіс-тәсілдері. Оқушылармен қарым-қатынасы. Оқушылардың сабақта өзін-өзі ұстауы. Оқушылардың сабақта белсенділігін арттыруы. | Әңгімелеу. Бақылау жұмысы. Бақылау. Анкета жүргізу. Шұғыл талдау. |
2. | Сынып жетекшісінің жұмысы | Оқу-тәрбие жоспары. Оқушы күнделігі. Журналмен жұмыс. Ата-анамен жұмыс. Сыныптан тыс шаралар. Оқушымен жеке жұмыс. | Құжаттармен жұмыс. Бақылау. Ата-анамен әңгіме. Оқушылар анкетасы. |
3. | Оқушылардың үлгерімі | Үлгерімі нашар, көп сабақ жіберген оқушыларды бақылау. | Бақылау (2-3 күн барлық сабаққа қатысу арқылы) |
4. | Сыныптағы психологиялық жағдай | Оқушылар арасында, оқушы мен мұғалім, ата-ана арасында кикілжіңнің бар болуы. | Анкета |
Бүл тексеруге психолог, тәрбие жөніндегі орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі, кафедра меңгерушілері, пән мұғалімдері қатысады.
5. Тексерудің қорытындысы.
Жалпы қорытынды: сыныптағы нашар үлгерімнің себептері:
Р/с | Тексеру объектісі | Әкімшіліктен болатын шешім түрлері |
1. | Мұғалім | Сыныптағы мұғалімді ауыстыру. Әдістемелік нұсқаулар беру. Тәлімгер тағайындау. Ескерту жасау. Мұғалімді жеке тұлғалық ескерту, бақылауға алу. |
2. | Оқушы | Оқушыны басқа сыныпқа (мектепке) ауыстыру. Мектепішілік жеке бақылауға алу. Оқушылар және мұғалімдер тарапынан тікелей көмек ұйымдастыру. Тәртібі нашар болғандықтан сөгіс беру. |
3. | Сынып жетекшісі | Сынып жетекшісін ауыстыру. Сынып жетекшісі жұмысына жеке бақылау жүргізу. Әдістемелік көмек көрсету. Тәлімгер беру. Ескерту жасау. |
4. | Ата-аналар | Бақылауға байланысты апта сайын келуін міндеттеу. Ата-ананың міндетіне ескерту жасау. Педагогтік, психологиялық көмек көрсету. Мектепішілік және жеке бақылауға қою немесе ИДН-ға бақылауға алу. |
5. | Келесі тексерудің мерзімі | Тексерудің қорытындысы мектеп бұйрығымен негізделеді. |
6. Тексерудің қорытындысын талқылау:
- кіші педкеңесте
- оқушылар жиналысында
- ата-ана жиналысында
- сынып жетекшісімен, оқушымен ата-анамен (қажет болса) жеке әңгіме өткізу арқылы.